Рекламный блок

Здесь может быть ваша реклама!
Главная » Рефераты

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ДІНИ БІРЛІГІМІЗДЕ Діңтану [Разное]

«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.
Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-эконо

Подробнее... Комментарии (0)  

АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОҒАМ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ ДІН Діңтану [Разное]

Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз – өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ.

Подробнее... Комментарии (0)  

ТҮРКIЛЕРДIҢ ИСЛАМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТIНДЕГI ЕРЕКШЕ ОРНЫ Діңтану [Разное]

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң мансұбтары шат-шадыман өмiр сүрген, олар дiни-рухани өмiрiнiң ең гүлденген дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан, Сербістан, Рұмыныстан, Әрмәния, Гүржістан (Грузия) сықылды мемлекеттер; Африкадағы мұсылман билеушiлердiң құзырында болған халықтар; Моғолдардың иелiгiнде болған Үндiстан халықтары өз дiнiнен аластатылған емес. Олардың өз дiнiн, тiлiн, әлiппесiн һәм ежелгi салт дәстүрiн емiн-еркiн сақтап келгенi айқын.

Подробнее... Комментарии (0)  

ҚҰРАНДЫ ТҮСІНУ Діңтану [Разное]

Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын қамтиды. Онда еш нәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның орнын баса алмайды яки Құранның бұйрықтарын жоя алмайды. Құран әр нәрсені білуші, шексіз құдірет иесі, шексіз ғылым иесі, теңі-теңдесі жоқ, еш нәрсеге м

Подробнее... Комментарии (0)  

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫНАСТАРЫ Діңтану [Разное]

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.
Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:

Подробнее... Комментарии (0)  

Исламтану және ислам философиясы Діңтану [Разное]

Тәухид нанымы негiзiндегi ислам дiнi уә мәдениетiн, әдебиетi уә өркениетiн зерттейтiн ғылымдардың жыйынтық аты. «Аллаһ Тағалаға тәсiлiм болу, берiлу, мойынсұну; сәлеметтiлiкте һәм бейбiтшiлiкте болу» мағыналарындағы «ислам» сөзi Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда кезiгедi. Мәселен; «Аллаһтың хұзырындағы бiрегей хақ дiн – ислам-дүр» (3/19), «Бүгiн сендерге дiндерiңдi кәмiл қылдым, сендерге нығметiмдi тәмам еттiм және сендерге исламның ғана дiн болуына разы болдым» (5/3), «Аллаһ кiмдi тура жолға салғысы келсе, оның жүрегiн исламға ашады» (6/125).
Исламтанудың дінді зерттейтiн ғылым салалары (дi

Подробнее... Комментарии (0)  

ИСЛАМ Діңтану [Разное]

Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы «дар ә

Подробнее... Комментарии (0)  

ИСЛАМ ДIНIНДЕГI ХОШКӨРУШIЛIК Діңтану [Разное]

Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ /[1]/.
Исламның имани негіздері осында жатыр. Сондықтан, Ислам діні басқа сенім-нанымдағы адамдардың зорлықпен, күшпен дінге кіргізілуін жақтамайды, ижазат (рұқсат) бермейді. Исламмен танысқан адамдар оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде толық еркіндікке ие болады. Үйткені, тағы да бір рет айталық-кім, дін дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам баласы егер шын жүрегімен қаласа ғана сенеді, керегін жасайды; шын жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны мағнасыз болады. Зорлықпен жасалған мойындатпалар сүреңді болмайды, жемістері аурулы болады, гүлденіп өспейді. Өз еркімен болса онда басқа, ондай адам иманы үшін жанын береді, барлық қиыншылықтарға шыдайды.
Ислам хұқұғында басқа дін өкілдері мұсылман билігін мойындап, “жизя” және “хараж” төлеген жағдайда мұсылман мемлекеті олардың бас амандығын, қорғанысын қамсыздандыру міндетін өз мойнына алады. Олар ешқашан да Исламды күштеп қабылдауға зорланбайды.

Подробнее... Комментарии (0)  

ИСЛАМ - ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБIТШIЛIКТIҢ КЕПIЛI Діңтану [Разное]

Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ-тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж. болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ,

Подробнее... Комментарии (0)  

ЗАМАНАУИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ИСЛАМ ДIНIН ҚАБЫЛДАУ СЕБЕПТЕРI Діңтану [Разное]

Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли (1942- ) мен өткен ораза айында мұсылмандықты қабылдаған Италия мемлекетiнiң Сауди Арабыстандағы 60 жасар елшiсi Торкуато Кардеилли (Torquato Cardeilli, 1942- ) мырзаны айтуға болады. Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың мешеулiгiне қарамастан, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды. Осындай жағдайда, нелiктен дүние жүзi халықтарыны ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр, деген сұрақ пайда болады. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап,

Подробнее... Комментарии (0)  

1 2 3 4 5 6 »

Каталог файлов

наш опрос

Оцените мой сайт

Всего проголосовало: 326

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0