«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.
Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-эконо