Рекламный блок

Здесь может быть ваша реклама!

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ Діңтану [Разное]

Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.
Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.

Подробнее... Комментарии (0)  

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ Діңтану [Разное]

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.

Подробнее... Комментарии (0)  

АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР Діңтану [Разное]

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).

Подробнее... Комментарии (0)  

Теология Діңтану [Разное]

Теология (гр. theos - Құдай және гр. logos - ілім, сөз) - Құдай жайлы дін ілімі. Теология ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байланыстырады. Теология ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбасада, филос, тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен теология термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады. Аристотель теология терминімен «Бірінші философияны» атап, оны Құдайлық мәңгілік заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі теориялық ілім деп таниды. Стоиктер теологияның үш тегін бөліп көрсетті: ақындықпен байланысты мифологиялық теология, философиямен байланысты физикалық теология, ресми дін өкілдері мен заңгерлерге қатысты саяси теология христиандықтың әртүрлі ағымдарының догматтарында да бұл терминді жиі қолданды. Бірқатар христиан апологеттері антик. философия мен теология арасында қарамақайшылық жоқ деген пікірде болды. Теология жайлы аристотельдік түсінікті және нанымға негізделген діни сенімді үйлестіруге болады деп білді. Ал қайсыбір апологеттер бұған қарсы болып, осы тақырыптағы пікірталас ұзаққа созылды. XIII ғасырда теология - Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса бастады. Теологияның негізінде метафизикалық күшке, құдіретте сенім жатқандықтан ол априорилы, яғни тәжірибе жасамай сенетін мәселе. Жалпы монотеистік діни кағидалармен сәйкестігіне орай теология терминін қазіргі Исламтануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады. Теология аянға яғни Құдай сөзіне (қалам) не

Подробнее... Комментарии (0)  

Философия Мифология [Разное]

ЖОСПАР

1. Кіріспе

2. Филасофия

3. Дүниеге философиялық көзқарас

4. Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты

5. Мифология

6. Кесте
Философиялық білімнің құрылымы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Дүниетанымның тарихи түрлері

7. Қорытынды

8. Қолданылған әдебиеттер

Подробнее... Комментарии (0)  

Дүниеге көзқарас [Разное]

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................3-4
Дүниеге көзқарас түрлері.........................................................................5-6
Дүниеге философиялық көзқарас........................................................7-12
Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты......................................13-24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................25-26
Әдебиеттер тізімі..........................................................................................27

Подробнее... Комментарии (0)  

Абай философиясының антропологиялық негіздері [Разное]


Жоспар

І. Кіріспе
1.Абай философиясының антропологиялық негіздері...................................................3
2. Абайдың хакімдігі туралы ...........................................................................................6
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ақыл, насихат кімге керек? (сегізінші сөзінен)........................................................10
2. Имандылық мәселесі (он екінші, он үшінші сөзінен)................................................12
3. Отыз сегізінші сөзінен..................................................................................................14
4. Алла хикметі - ғаділет пен махаббат (қырық бесінші сөзінен).................................19
5. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап...»..................................................................21
ІІІ. Қорытынды................................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................................................26
Кейбір араб сөздеріне түсініктеме...................................................................................27

Подробнее... Комментарии (0)  

Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды [Разное]

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

Подробнее... Комментарии (0)  

Шағын және орта бизнес [Разное]

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................

Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Подробнее... Комментарии (0)  

Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі [Разное]

Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Подробнее... Комментарии (0)  

« 1 2 3 4 ... 22 23 »

наш опрос

Оцените мой сайт

Всего проголосовало: 326

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0