Телеграф байланысы Телеграф байланысы қабылдау пунктінде міндетті түрде жазылып алынатын әріпті-цифрлы хабарларды (телеграмма) қашыққа таратумен шұғылданатын электрлік байланыс түрі. Телеграф байланысы сым арқылы берілетін электр сигналдары және кей жағдайда радио сигналдар арқылы іске асырылады. Хабарлардың шапшаң тарату мен олардың жазылып алынуы телеграф байланысының ерекшелігі. Пайдалану мақсаты мен таралатын хабар түріне қарай телеграф байланысы жалпылама пайдаланылатын абоненттік, мекемелік, фототелеграфтық (факсимильдік) болып бөлінеді. Хабар таратуда ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкес хабарларды алма-кезек тарататын (дуплекс) болып ажыратылады. Телеграф байланысы арқылы комбинациялар әдетте тұрақты токтың екілік сигналдары арқылы немесе жиілігі бойынша кодталған айнымалы код сигналдары көмегімен таратылады.