Главная » 2-КУРС » Экономика |
Размер файла: [234.5 Kb] Формат файла: . | 01.08.2013, 16:58 |
Скачать | |
1)Экономика ұғымы Экономика термині екі мың жылдан уақыт бұрын пайда болған.Ол гректің "ОЙКОС "-үй, шаруашылық және "НОМОС”-заң деген сөздерінен құралған.”Экономия”терминін ең алғаш рет КСЕНОФОНТ үй шарушылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген. ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ Адам,оның қажеттілігі мен мүддесі,қоғамдық,табиғаттық,материалдық обьектілері мен субьектілері және басқа ресустарға қатынасы болып табылады.Жалпы экономикалық теория шаруашылық қызметінің түрлерін ,принциптерін ,ережелерін,ресурстарды қолданудың тиімді бағыттарын жасайды.Сондай-ақ өндіруші мен тұтынушылардың және экономикалық мүдделері негізінде экономикалық мінез-құлқының логикасын,олардың қажеттілігін қалыптастырады. 2)Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері.Микро жәнә макроэкономика пәндерінің ерекшеліктері. Эк.лық теор.ң зерттеп тану объектісіне нарықтың қызмет ету механизмі мен нарықта және оның сегменттерінде бар болатын жетілген және жетілмеген бәсеке, жеке шаруашылық салалардың монополиялану дәрежесі, бағалық және бағалық емес бәсекенің формалары мен әдістері, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдері және т.б. жатады.Эк.лық теор.ң зерттеу мәселесіне қарай келесідей екі бөлімі болады.МИКРОЭКОНОМИКА бір фирманың қызмет ету процесі.Мұнда жеке тауарлардың бағасы, бағаның құрылуы, еңбекке ынталандыру жағдайлары талданады.МАКРОЭКОНОМИКА микропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет әрекеттерін зерттейді.Мұның зерттеу объектісіне ұлттық өнім,бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады. 3)Эк.лық теор.ның пайда болуы дамуының басты кезеңдері Экономика термині екі мың жылдан уақыт бұрын пайда болған.Ол гректің "ОЙКОС "-үй, шаруашылық және "НОМОС”-заң деген сөздерінен құралған.”Экономия”терминін ең алғаш рет КСЕНОФОНТ үй шарушылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген. 4)ЭК.ЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР Кез келген эк.лық жүйе қоғамдық өндіріс дамуының қандай да бір деңгейін қарастырады, сондықтан әдетте ол екі аспектіде сипатталады:техника-технологиялық «адам -табиғат»қатынасиарын бейнелейді, яғни «өндіргіш күштер »категориясымен бейнелетін қатынастарды қамтитын .Құрылымы бойынша өндірістік қатынастар ұйымдық экономикалық және әлеуметтік экономикалық деп бөлінеді.Ұйымдық эк.лық қатынастар адамдар арасында қоғамдық енбекті ұйымдастыруға қатысты қалыптасады. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР Абстракциялық ойлау процесінде эк.лық каптегориялар (тауар ,рынок, ақша, капитал, пайда) Қалыптасады.Эк.лық категория-алық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік экономикалық қайсі бір қатынастарды көрсетеді. Ақша - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.Яғни тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі -барлық тауарларға ортақ балама рөлін. Жалақы еңбектің бағасы. Нарық -қазіргі қоғамдық шаруашылықтың механизмінің негізгі элементі,тауар-ақша қатынастарының саласы,еркін сату ,сатып алу принциптеріне негізделген қоғамдық форманың ерекше тәсілі. 5)ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ӘДІСІ Әдіс іргелі негіздерге сүйенеді:процестер мен құбылыстар үздіксіз қозғалыста,дамуда және өзара байланысты біріне бірі тәуелді болады;бір сапалық тұрғыдан басқа сапаға көшеді;қарамақарсылықтың бірлігі мен күресі;ескіні жоққа шығарып жаңаны қабылдау;жайдан күрделіге қарай,төменгі формадан жоғарғы формаға қарай дамиды және т.б. Эк.лық теор.ң зерттеу мәселесіне қарай келесідей екі бөлімі болады.МИКРОЭКОНОМИКА бір фирманың қызмет ету процесі.Мұнда жеке тауарлардың бағасы, бағаның құрылуы, еңбекке ынталандыру жағдайлары талданады.МАКРОЭКОНОМИКА микропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет әрекеттерін зерттейді.Мұның зерттеу объектісіне ұлттық өнім,бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады 6) ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ Ол адамдардың тіршілік игіліктерін өндіру процессінде қалыптасатын қоғамдық қарым- қатынастарын , өндірістің қоғамдық құрылысын ,құрамын, оны дамытудың экономикалық жолдарымен әдістерін және т.б. Қоғамдық-экономикалық ,экономикалық, экономикалық-әлеуметтік,экономикалық-саяси құбылыстарды зерттейді және оқытады. Позитивті экономика-экономикалық саясаттағы,экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық,баға сияқты факторлардың өзгеруі. Нормативті экономика-нақты экономикалық шарттардың,экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды.Н.Э. болжам түрінде емес,бұйрық түрінде болады. 7)Тұтыныстар және оның экономиканың дамуындағы рөлі Тұтыныс қандайда бір нәрсеге мұқтаждық . Ол экономикалық және экономикалық емес деп бөлуге болады.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТЫНЫС бұл қандай да игіліктер мен қызметтерді тұтыну жолымен қанағаттандырылатын тұтыныстар.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕМЕС ТҰТЫНЫСТАР бұл жақын адамдарды, отанды, табиғатты сүюге ,достыққа,қарым қатынасқа және т.б. деген қажеттілік. 8) ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ. РЕСУРС ШЕКТЕУЛІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Өндірістік процесті жүзеге асыру үшін экономикалық ресурстардың материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үшін пайдаланылаалатын өндірістің бар элементтерініңжиынтығы болу қажет. ЭК.ЛЫҚ ресурстар келесі топтарға бөлінеді 1)материалды-жер және капитал жатады2)адам ресурстары-еңбек пен кәсіпкерлік қабілет жатады.Капитал немесе инвестициялық ресурстар барлық өндірілген құралдарды, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіруде және оларды соңғы тұтынушыға жеткізуде пайдалынатын құралдар, көліктердің барлық түрлерін , құрылғыларды, қоймалық кеңістіктердіөткізу торын қамтиды. 9)ЭК.НЫҢ ӨНДІРІСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ .ӨДІРІС МҮМКІНДІГІНІҢ ҚИСЫҒЫ. 10)МЕНШІК ПЕН ЭК.ЛЫҚ ЖҮЙЕ ТИПТЕРІ:ЕРКІН САУДА ЭК.СЫ ,АРАЛАС ЭК.КА,ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖОСПАРЛЫ ЭК.КА Меншік-бұл арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу , айырбастау және тұтыну салсындағы күрделі әлеуметтік-эк.лық қатынастарды байқатады. Эк.лық жүйе –бұл эк.лық процестер жиынтығы.Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.Әлемдік экономикалық әдебиеттерде эк.лық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: МЕНШІК ТИПТЕРІ БОЙЫНША; ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИПТЕРІ БОЙЫНША ; Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені шешуді төмендегідей типтер арқылы бөлінеді: a)дәстүрлі эк.ка; b)әкімшілдік-әміршілдік эк.ка ; c)еркін бәсекелестік нарықтық эк.ка; d)қазіргі рыноктық эк.ка немесе аралас эк.ка. 11) Мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекеттік иеліктен алу себебі – салдаы.Ерте дүниенің өзінде ақ ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптса бастады. Осылардын ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрі көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзіннің барынша дамуын акімшілік- әміршілдік экономикалық жүйеде бұрынығы КСРО-да жүзеге асырылып оның үлесі басқа меншік құрылымында 88,6% құрады. Алайда нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5- 30 % ауытқиды. Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен тиымды болуы мүмкін. Оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның даму стратегиясының қалыптасуы экономиканы салалық құрылымының оңтайландыру нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады. Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы, нақты өмірде жағымсыз түстарда яғни мемлекеттік монополияның пайда болуына алып келеді. Ол экономика үшін аса қауыпты еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жойю жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырмайтын сұраным қалыптасты. Рынокқа өту және ТМД елдерінде ҚР мемлекеттік меншекті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымың бағыттау қажет. Мемлекетік меншік үлесі 30-40 % шеңберінде бекітіледі.Жеке мещіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап жеке кәссіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мынез-құлқының белгілі ережелері жасалған, соеымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысының ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешелі алда. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген ғана емес , сондай-ақ ұжымдық, акционерлік және кооперативтік түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды. 12) Жекешелендірудің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері. Рынокқа өту және ТМД елдерінде ҚР мемлекеттік меншекті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымың бағыттау қажет. Мемлекетік меншік үлесі 30-40 % шеңберінде бекітіледі.Жеке мещіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап жеке кәссіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мынез-құлқының белгілі ережелері жасалған, соеымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысының ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешелі алда. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген ғана емес , сондай-ақ ұжымдық, акционерлік және кооперативтік түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды. 13) Тауар шаруашылығның мәні, пайда болу шарттары және типтері.Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндіршілер мне тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шарушылық аталады. Тарихи тағлымның көрсеткендей , тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады. 1) ең ірі қоғамдық еңбек бөлісінің болуы 2)алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы 3)тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы. Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және каиталистік . Олар бір типті , себебі олардың негізінде өндіріс құрал жабдығына деген жеке меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан өз олардың арасында принситі айырмашылық бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін талдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал-жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды .Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы рынокқа көшу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қарастырады. Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірістің ерекме моделі сәйкес келеді. 1)Дамыған рыноктың тауар өндірісі өндіріс құралдарына жеке меншік болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. 2)Еркін рыноктың тауар өндірісі түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол ортақ сипат алды,яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді. 3)Реттелетін рыноктың тауар өндірісі экономикада мемлекеттік және жек сектордың болуымен сипатталынады. 4)Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшіл экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді. 14) Тауар қасиеті. Еңбек құн теориясы. Құн заңы.Маркстың ойынша , тауар екі касиетті иеленеді: біріншіден, қандайда бір адамның сұранымын қанағаттандыруы, екіншіден, зат бола отырып, басқа затқа айырбасталу қабілеттігі. Заттың пайдалылығы, оның адамның анау-мынау сұранымын қанағаттандыру қасиеті-тұтыну құны деп аталады. Кейбір тұтыну құны адам сұранымын тікелей қанағаттандыса , басқалары-жанама қанағаттандырады. Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Еңбектің құндық теориясының негізін А Смит ,Д Рикардо қалаған. Олар туардың айырбасталу құны оған сіңген еңбек мөлшерімен анықталады, сондықтан адам еңбегі – тауар құнының қайнар көзі деген тұжырым жасады. Еңбектің екі сипатын Маркс ашқан оның ашқа жаңалығы қан заңы іс әректінің механизмін және одан туындайтын әлеуметтік –экономикалық салдарлрды түсінуге көмектесті. 15) Шекті пайдалылық теориясы. Шекті пайдалылық теориясының жалпы құн теориясындағы орны. Эконокалық ғылымда 21-шы ғасырда жаңа құн теориясы –шекті пайдалылық теориясы жасалады.Әрбір осы соңғы игіліктің пайдалылығы, яғни сол бірліктің, тұтынудың ең төменгі талап етуін қанағттандыру – шекті пайдалылық болады. Бағалылық –заттың мөлшерінің шектілігін байқатады, ол бағалылықтың болмауы- олардың артық екендігін көрсетеді. Заттың бағалылығы осы заттағы шекті пайдалылықтың мөлшерімен анықталады. Шекті пайдалылық теориясы үшін құнды немесе бағалылықты субъективті қарастыру сипаты тән. Ейген Бем-Баверк бағалылықты объективті және субъективті мағынада айыра отырып, субъективті бағалылық ”адам жағдайының дұрыс болуы көзқарасымен мәнді” екенін атаған , ал объективті бағылылық – бұл "айырбасталу күшіне негізделген мәнділік”. Бұл кезде субъективті бағалылық игіліктің сиректілігімен, яғни қай бір игіліктердің қор мөлшерімен байланыстырылады. 16-17) Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері. Ақша айналыс заңы. Қазіргі ақша ерекшеліктері. Қазір және несие ақша айналу жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық қарым қатынастардың көрсететін экономикалық категория және де абсолютті икемді айырбас құралы болып табылады. Ақшаның атқаратын келесідей қызметтері болады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және дүниежүзілік ақша қызметтері. Құн заңы-бұл тауар өндірісінің дамуын басқаратын баға заңы. Оның негізгі атқаратын функциялары мынадай: тауар өндірісін реттеу, еңбек өнімділігін ынталандыру, тауар өндірушілерді дифференсалдау. Қазіргі таңда қағаз ақшаларға қарағанда несиелік ақшалар көптеп қолданылады. Өйткені, олар өте икемді әрі тиімді. Ақшаның рөлі әрқашан оқымыстыларды қызықтырған. Құн формасының ақшалай түрге көшуінің өзіндік ерекшелігі бар. Әр түрлі халықтарды ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылған. Олардың құны тұрақты деп есептелген. Олар мал, қол өнер бұйымдары, маталар, тері, жүн,қару жарақта және т.б. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көз қарас бар: Субъективті және объективті. Субъективті көз қарас кезінде ақша адамдар арасындағы сапалы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болады депр есептеледі. Ал объективті көз қарас кезінде ақшаның жалпы эквивалент рөлі бекітілген. 18) Меншік экономикалық категория. Көп меншікті экономикалық жүйе. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан да маңызды рөл атқарады. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан ұғым. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан да, кез-келген үкімет туралы заңдар шығады. Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік өана тән. Меншік категориясының эконормикадағы орны мен рөлін, мәнін түсіну үшін материалдық игіліктерді қндіруге мүмкіндік беретін өндіріс тәсілдеріне жалпылама сипаттама беру қажет. Өндіріс тәсілінде екі жақты зерттеу жүргізіледі. Атап айтқанда. 1) Өндіргіш күштер. Ол материалдық игіліктерді өндіруге өолданылатын адам күші мен өндіріс өқұралдарын өамтиды. 2) Өндірістік өатынастар. Бұл өндіріс процесі кезінде адамдар арасында туындайтын байланыстар. Экономикалық өатынастардың ішінде шешуші рөлді меншік қатынасы алады. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде кез келген тұлғаның затты пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Меншік объектілері болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектілері ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға мен заңды тұлғалар болады. Экономикалық жүйе- бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Қазіргі таңда экономикалық жүйені анықтаудың келесідей бағыттары бары құрылымдық – басқарушылар (Нойбергер, Даффи), технологиялық ; уәжімдемелік, яғни мотевациялық – Бекингей, Ландауэр; институациалды-социологиялық (Гросман, С. Кузнец). Экономикалық жүйе – бұл өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың өзара бірлігі. 19) Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық функциялары және құрылылымы.Нарықтың қалыптасуы еңбектің қоғамдық бөлудің пайда болуымен тікелей байланысты. Еңбекті бөлудің күшеуі, оның дифференсалдануы мен мамандануы тек қана қоғамдық өндірістің өнімділігі мен артуына алып келген жоқ, сонымен қатар осы еңбектің өнімдерін міндетті түрде айырбастауға да әкеледі. Мұндай айырбас бірте-,бірте күшейе түсіп, қазіргі таңдағы нарыққа дейін жетілдірілді. Тауар өндірісінің дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түсті. Нарық көпжақты, оны әртүрлі зеттеуге болады. Сондықтанда да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп. Қорыта айтқанда, нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында, өндіру,бөлу,айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Қысқаша айтқанда, нарық дегеніміз сұраныс пен ұсыныс негізінде сату сатып алу процесі жүретін ресми орталық. Кез келген нарық, оның нақтылы түріне қарамастан, үш негізгі элементке негізделіп құралады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе теңдікті дәл осы элементтер анықтайды. Нарықтың белгілі бір құрылымы болады. Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылысы. Ол өзіне тән әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі. 1.Экономикалық белгіленуі бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы,өндіріс құралдары нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлінеді. 2.Географиялық орны бойынша жергілікті, ұлттық, аймақтық,әлемдік нарықтар болып бөлінеді. 3.Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық,олигополиялық,еркін, аралас деп аталады. 4.Сату сипаты бойынша бөлшек және көтермн деп бөлінеді. 20) Нарық инфрақұрылымы және оның нарықтың қызмет етуіндегі рөлі.Қазіргі кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы дегеніміз нарықтық қатынастардың қызмет етуін табысты қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы. Барлық нарықтардың олардың формаларының, көлемдерінің көптүрлілігіне қарамастан экономикалық қызметті ұйымдастырудың басқа да типтерінен ажырататын бес белгісі бар. Олар мыналар: 1. Нағыз нарық оған еркін кіруді және одан еркін шығуды көздейді. Сондықтан да, нарыққа қатысушылардың еш уақытта да шектелмейді. 2. Нарыққа қатысушы тауар өндірушілердің елеулі санының әрқайсысының белгіленген бағаларының жалпы нарықтық бағаға әсерінің төмендігінен, кез келген тауар өндіруші нарықта тұтынушыға өзінің бағасын еріксіз жіктеу үшін нарыққа сонша тауар шығара алмайды. 3. Нарықта материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары емін еркін қозғалады. 4. Нарық, оған қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндіктер беруі қажет. 5. Еркін нарықта белгілі бір сатушылар тобы үшін артықшылықтар көзделмейді. 21)Сұраныс пен ұсыныс заңы және олардың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.Сұраныс дегеніміз- адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпалын тигізеді. Сұраныс заңы- сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды. Ұсыныс дегеніміз- сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді. Ұсыныс заңы- ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды.Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса, артық ұсыныс пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.Сұраныс мөлшері мен ұсыныс қөлемі бір- біріне дәл келеді. Егер ұсыныс сұраныстан асып кетсе, онда тауарды сатып алу азаяды, сондықтан сатушылар тауарларының бағасын түсіруге мәжбүр болады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда тауар бағасы өседі. 22) Сұраныс пен ұсыныстың баға және табыстар бойынша икемділігі. Қиылысқан икемділік.Икемділік дегеніміз- бір айныманың екінші айныманың өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы. Тауар баға икемділігіне көбірек ие болған сайын оның алмастырушылары көбірек болады. Ұсыныстың икемділігіне ықпал ететін маңызды фактор- уақыт. Ұсыныс әдетте ұзақ мерзімге икемді бағаның өзгеруі ұсыныс шамасына әсер етеді. Сұраныстың бағадан тыс факторлары:1\ тұтынушылардын кірістері 2\ өзара алмастырушы және өзара толықтырушы тауарлардн бағалары 3\ тұтынушылардын талғамы 4\ күтілісі Ұсыныстың бағадан тыс факторлары :1\ ресурс бағалары 2\ технология 3\ басқа тауарлардын бағалары 4\ күтілісі 5\ сатушылар саны 6\ салықпен жәрдем қаражаты Икемді ұсыныс –баға төмендегенде сату көлемі өседіде жалпы түсім артады Икемсіз ұсыныс- баға төмендегенде сату көлемі аз ғана өзгереді жалпы түсім төмендейді Жеке дара икемділік – бағаның төмендеуі өсумен өтеледі және жалпы түсім өзгермейді. 23)Бәсеке, оның мәні, түрлері және оның әдістері. Рыноктық қатынастардың мән- мағынасын байқататын ұғымдардың бірі- бәсеке(латын сөзі конкурро- түйістіру) болып табылады. Бәсеке нарық субъектісінің тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Рынок субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір- біріне кері ұғымдар.Бәсеке түрлері: 1\ Ішкі салалық- бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес. 2\ Салааралық- түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес. Бәсекелік күрестің әдістемелері: 1\ Баға бәсекесі- өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес. 2\ Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану- қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздармен алып-сатарлық жасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою. 3\ Бағадан тыс бәсеке- тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшіліктердің берілуі, субститут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама. 24\Нарық үлгілері (моделдері): таза бәсеке, таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия. Таза бәсеке- кезкелген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан турады. Бірде- бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, рынокқа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды рыноктық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектіктк ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады. Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек. Oligos - аздаған, polio - сату). Оған біртекті немесе әртүрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл бринцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді. 25\Экономиканың монополизациялануы және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу. Монополяның мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу . Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамассыз ететін монополиялық баға құрлымын ұсынады. Монополия рынота үстемдік етеді және монополды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар бәсеке жоқ жағдайда монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарлату ынтасын жоғалтады. Антимонополиялық зандар 1880 ж АҚШ- та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар 2 бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосыуын бақылайды. Қазақстанда 1996 ж "Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды.” Бірақ заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды. 26)Өндіріс факторлары. Өндіріс функциясы. Өндіріс факторларының өнімділік кему шегінің заңдылығы. Еркін нарықты жақтаушылардың бірі – Жан Батист Сэй (1767-1823жж.) "Саяси экономия трактаты” (1803ж.) еңбегінде "Өндірістің үш факторы” теориясын ұсынды. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Ал маржинализдер осы үш факторға кәсіпкерлік қабілеттілікті қосқан. Осы факторлардың қызметін пайдаланғаны үшін жалақы, пайда, рента төлем жүзеге асады. Өндірістік функция дегеніміз - өндіріске енгізілген факторлар мен өнімнің шығарылуы арасындағы өзара тәуелділік.Q=f (L, K),мұндағы L-еңбек (жұмыс күші); K-капитал; Q-өнім. Әдетте, факторлар шамасы өзгермей, тұрақты болады. Яғни барлық факторлар бір мезгілде өзгереді н/е тек олардың біреуі өзгереді. Бұл жағдайда табыстылыққа шектеулі әсер етеді, ол төмендейді. 27) Өндіріс шығындары. Айқын және айқын емес шығындар.Өндіріс шығыны – бұл өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынған) ресурстардың құнын айтады. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. 28) Бугалтерлік,қалыпты және экон.қ пайда. Экон.қ пайданың қалыптасу шарттары. Пайда жеке кәсіпорынның,саланың тұтас ұлттық шаруашылықтың қызметінің экономикалық нәтижелерін бейнелейтін экономикалық категория. Бухгалтерлік пайда дегеніміз өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен жалпы түсім мен аталмыш сыртқы шығындар, яғни жабдықтаушылар ресурстарына төлемдерінің арасындағы айырым. Экономикалық пайда жалпы түсімнен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі, соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасы да жатады) алып тастағанға тең. Қалыпты пайда бұл кәсіпкерлік қызметті орындағаны үшін сыйақы; ішкі рентамен және ішкі жалақымен қатар ішкі шығындардың элементі болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерлік ресурстарды қызметтің белгілі бір саласында ұстап тұруға мүмкіндік береді. 29Пайданы жалпы және шекті көрсеткіштерді пайдалану арқылы максималдау шарттары. Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экон-қ ұғымдарды енгіземіз: жалпы өнім, орташа ж/е шекті өнім. Жалпы өнім (ТР) – бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде ж/е басқада өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі. Шекті өнім (МР) – бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады: н/е ; Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі; онан соң төмендей бастайды. Оның мән-мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды. 30) Кәсіпкерлік ұғымы. Кәсіпкердің экон.ғы қызметтері. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істеу». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Кәсіпкерліктің 3 түрі бар: 1)бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар 2)серіктестіктер 3)акционерлік қоғамдар; Жалпы шағын фирманың жұмыс атқаруы экон-ның икемділігін көтеру үшін шешуші фактордың бірі болып табылады. Шағын бизнестің даму деңгейіне қарап, мамандар елдің экон-сының ауыспалы кезеңге икемді болуының деңгейін анықтайды. Нарықтық қатынастардың бастапқы деңгейінде тұрған Қазақстан экон-сы үшін әсіресе, осы фактор шешуші болып табылады. Қиыдықтар, сәтсіздіктерге қарамастан, шағын кәсіпкерлік экон-қ, қоғамдық, ғылыми техникалық проблема-ды шеше дамып келе жатыр. 31)Кәсіпкерліктің Қазақстанда дамуы. Қоғамдық санада кәсіпкер-бұл тек адам, индивидум деген пікір берік ортыққан.Рынок қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті.Меммлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің арыдан ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиымды дамиды, соғырлым мемлекетте халық аралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғырлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады. өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие болады. Мемлекет нарықтық жүие жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны-кәсіпкерлік қабілетті игеру қажет. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізгі мемелекеттік меншік болып табылады.ҚР-да 2001 жылдың басында мемелекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады. Мемлекет кәсіпорындары олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөлінеді: бюджеттік;қоғамдық;аралас акционерлік қоғамдар.ҚР-да мемлекеттік кәсіпорынға келесі кәсіпорын жатады: мемлекеттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.; қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген.Қ-тан мемл-нің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Евразия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтениниталды темір жол магистралдары өтеді: Трансазия;Еуро-Азия,Ортаазия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралі.Еуропа-Скандинавия-Иран арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік-Оңтүстік» жоба қаралуда. 32)Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары:тұрақты,айнымалы,орташа.Тұрақты шығындар FC(Fixed cost)-өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар.Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады. Бұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс.Айнымалы шығындар VC(variable cost)- өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар.Олар шикізатққа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады.Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі.Шығындарды шартты түрде тұрақты және айнымалы бөлу талдау жасалып отырған кееңге де байланысты болады.Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады,себебі ұзақ мерзімде барлық құрал-жабдықтар ауыстырылады.Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды TC(total cost).Орташа шығындар фирманың кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса, фирма пайда алмайды. Егер орташа шығындардан кем болса, онда фирма зиян шегеді және банкрот болады.Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, фирма баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады.Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең болады: ATC=TC/Q. Орташа тұрақты шығындар, жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне болгенге тең:AFC=TFC/Q. Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындардың өндірілген өнім санына болгенге тең: AVC=TVC/Q. 33)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары.Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады.Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр:меншік формасы және фирма көлемі.Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,-себебі,үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында.Сонда да,жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бір қатар артықшылыққа ие:түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін;бизнес көлемі шектелмеген;қатаң бағамен шектелмеген. Кәсіпкерлікте де үш түрді бөліп алады:жеке тұлғалар;серіктестік; корпорация. Жеке кәсіпкерлік деп бәр адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шктелмеген және оның капиталы көп емес,жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.Оның артықшылықтары:әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие,кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады.Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады.Корпорация меншігінде құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген,сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар,ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. 34) Шикізатқа сұраныс.Ресурстарға тағайындалған баға мәні және олардың құнға ықпалы. Тауатдын бағасы өндірушілер мен тұтынушылардың жеке мүдделерін анықтауға қызмет етеді.Сондықтан, микроэкономиканың негізгі мәселесі болып әр түрлі рыноктардағы тауарлардың бағасының ұүрылуына әсер ететін факторлар талданады. Баға құрылудағы негізгі факторлар болып сұраныс, ұсыныс және оларға әсер ететін өндірістік шығындар, ресурстардың сиректігі, тауарлардың пайдалылығы, фирманың өндірістік мүмкіндіктері, уақыт интервалы және т.б. аталады. Сатып алушылыр санының көдеюі сұранысты көбейтеді.Көптеген тауарларға қатысты жағдай, табыстың көбеюі сапалы тауарларға сұраныстың өсуіне әкеледі. Сұранысы табыстың өзгеруіне тікелей байланысты өзгеретін тауарлар жоғарғы категориялы тауарлар деп аталады.Сұраныс табыстың түсуі кезінде өтетін тауарлар төменгі категориялы тауар деп аталады. 35) Еңбек нарығы: ерекшеліктері, қызмет ету, механизмі. Еңбек рыногі –бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның ұүны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногі – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек рыногында айқын көрінді. Осындағы салық құрылымнда екі тенденция байқалады: ауылшаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады. Рынокта сұрыным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді.Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал-жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі. Еңбекке деген сұраныс мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезінде фирмалар нарықтық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранысты төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңдекке сұраныс артады. Жұмыс күшіне деген ұсыныс нақты байланысқа іс-әрекет етеді. 36) Жалақы еңбек бағасы ретінде.Жалаңыны бөлшектеп (дифферианциалдап) тағайындау. Жалақы-еңбек құнының ақшалай өлшемі. ҚР-ның аралас әлеуметтік бағытталған рыноктың экономикаға көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақының мемлеке кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді. Жалақыны диференциалау және оның принциптері.Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және аясына қарай өзіндік ерекшілігімен айқындалып, ал бес принцпке негізделген: 1)еңбектің күрделігі. Күрделі біліктілікті еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс; 2) еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істегендер жалаұыны көп алуы қажет; 3) еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады; 4) экономикалық аудан мен аймақтың табиғи-климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты; 5) жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты. Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді 37 . Жалакы жуйелері жане формалары.Накты жане туракты жалакы. Енбек баска ондіріс факторлары сиякты жалакы деп аталатын табыс акеледі.жалакы енбекке марапатталу ретінде корінеді.бул даусыз шындыкты барлык зерттеушілер мойындайды.бірак олардын жалакыны тусіндірудегі бірлігі осымен ітеді жане озгешеліктер туындайды.маркстік концепция біріншіден енбек болашак кунынын кайнар козі, сол себепті онын куны жок, тауар емес деп далелдейді. Бул мынаган негізделген , сатылатын енбек емес, жумысшынын енбекке деген кабілеттілігі, ягни жумысшы мен онын жан уясынын омір суру куралынын кунын аныктайтын жумыс куші корінеді. Екіншіден , жалакы ретінде енбектін барлык онімі емес, тек кажеттісі , ягни жумыс кушінін кунынын орнын толтыратыны толенеді.ушіншіден тауар кунында баска факторларындын да улесі корінеді. Сонымен жалакы бул жумыс кушінін бага жане кун формасында корініс беруі.жалакы номиналды жане накты болып болінеді. Наминалды жалакы деп жумысшыга озінін енбегі ушін толенетін акша сомасын айтады. Накты жалакы дегеніміз алынган акша сомасына толып жаткан омірлік игіліктер мен кызметтерді иемдену молшерімен олшенеді. Ол номиналды жалакмен тікелей байланыста жане тауар мен кызметтерге бага денгейіне кері байланыста тур. Жалакы екі формада болады; мерзімді және келісімді. Мерзімді жалакы жумыс узактыгымен аныкталады онын олшемі енбекті сагатына толем болып табылады. Келісімді толемде жалакы ондірілген онім колеміне байланысты болады. 38. Капитал нарыгы жане онын курылымы.Пайыз капитал меншік иесінің факторлык табысы ретінде. Бугінде Казакстанда болып жаткан отпелі кезен капиталдын алгашкы корлануымен тенестіріледі. Алайда осы процестердін арасында толық сәйкестік жок, сондыктан уксастык шартты. Капиталдын алгашкы корлануы тусінігі ен бірінші А.Смит енбнгінде кездескен, кейіннен К.Маркстін «Капиталында» зерттелген.онын алгашкы магынасы феодализмнен капитализмге отудін материалдык жагдайларын дайындауда болды. Нарыкты катынастарга кошкен кезде капитал созі жиі аталатын болады бірак капитал деп кез келген акшаны айтады. Рас, кандайда бір капитал болмасын оз козгалысын белгілі акша сомасы турінде бастайды. Алайда акшанын акшамен жане акшанын капитал ретіндегі айырмашылыгы бар . акшалар оз бетінше капитал бола алмайды. Акшанын капиталга айналуынын басты шарты акша иегерінін нарыкта сондай тауарды табу мумкіндігі болып , ол жанаша кунды жасауга кабілетті , оданда коп озінін бай тургысынын кунды жасайды. Озінін басты енбегі капиталда К.Марк капиталдын бір катар аныктамасын берген. Кездейсок емес. Капиталдын бірінші томында капитал бул кұн. Капиталдын екінші томында капитал бул козгалыс екенін далелдейді. Капиталдын ушінші томында капитал бул зат емес, ол адамдар арасындагы белгілі когамдык катынастар екенін айткан. 39 . Багалы кагаздар турлері. Багалы кагаздар рыногы.Багалы кагаздар иесіне табыс әкелетін, онын кәсіп орын мүліктеріне катысы барлыгын куәландыратын коммерциялык документ. Багалы кагаздар табысты иелеріне дивидентпен пайызы турінде әкелінеді. Қыры президентінін «багалы кагадар жане кор биржасы туралы» 1996 жылга 21 сәуірдегі жарлыгыны байланысты елімізде багалы кагаздар нарыгы айналымына акция, облегация, мемлекеттік казыналык міндеттемелер, жинак пен дипозит, сертификаттар жане вексел жіберіледі. Акция акционерлік кагамнын мулкіне белгілі пайызды салганын куаттайтын багалы кагаз және онын иесіне пайданын бір болігін дивидент турінде алу кукыгын береді. 40. Пайда мәні. Пайданын негізгі тусініктемелері. Пайданын кайнар козін тусіндіру талпынысынын алгашкылары болып 15- 17 ғғ мерканталистер жасаган.олардын ойлауынша пайда сырткы саудада туындаган. Тауарды шет елде жогары багамен сату аркылы адамдар пайда табады. Пайда теориясына экономикалык теорияя классиктері А.Смит пен Д.Рикардо субелі улес косты. Пайданын кайнар козін олар ондірістен таба білді. А.смит озінін басты енбегі «табигатты зерттеу жане халыктар байлыгынын себептері» деген енбекткрінде былай деген: «жумысшылардын материалга коскан кунынын озі екі болшекке болінеді: біреуі олардын жалакысын толеуде, екіншісі кәсіпкердін пайдасын толеуде кетеді». А.Смит пайданы кәсіпкердін жалдамалы жумысшы енбегі оніммен шегеру ретінде карастырган. А.Смит ойын былай корытындылаган: пайда бул жумысшышын толенбеген енгбегі, алайда онын корытындылары карама кайшылыкта болды. Д.Рикордо озінін пайдага коз карасын «саяси экономия және салык салуды бастау» деген енбегінде баяндаган, онда ол жалакы молшері мен пайда бір біріне кері катынаста болатындыгын дәлелдеуге тырыскан, «пайданын жогарлауы немесе томендеуі, жалакынын томен немесе жогары болуымен байланыстыгын айткан. Демек Д.Рикардонын айтуынша пайда бул жумысшылар ондірген косымша кун. 41.Жер нарығы, жер рентасы және оның түрлері. Жер бағасы. Жер және оның қойнауы үш факторының бірі бола отырып, рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер - бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскілер құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады. Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әртүрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер тәжірибеде қайда пайдаланса да оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші роль атқарады.. Нарықтық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады-толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектеулі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капмталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету етпеуге ерікті болады. Жал туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның жердің осы учаскісінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы – дифференциялық жер рентасын тудырады. Рента – меншікке келетін табыстың бір түрі,капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі жалға беру келісімінде белгіленеді. 42.Ұлттық шарттар жүргізу. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.Макроэк\қ теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизімінің түсінігі б.т. эконо\қ көрсеткіштер эко\қ саясатта, эк\қ талдау және бағалау үшін жиі қолд\ды. ЖҰӨ азаматтар табыстарының жиынтығын ж\е өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды. ЖҰӨ эк\а көрсет\ң ең нақтысы деп есептеледі. ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге б\ды: 1) барлық э\қ агенттер табысының жиынтығы. 2) өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет\ң жалпы шығын көлемі. ЖҰӨ-э\ка жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қабылдайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттандыру дәрежесінің деңгейі,өндірістік ж\е мемл\к тұтыну деңгейі жоғары б\ды. ЖҰӨ-эк\дағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, э\ка үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болу керек. Бұған көз жеткізу үшін,біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ стат\қ жүйе өлшемін ж\е басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып үйренуіміз керек. 43 44. Жинақталған сұраныс (АD) бұл ұлттық өндірістің нақты көлемі тұтынушының, кәсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. АD тауар рыногында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке барлық сұраныс қосындысын көрсетеді. AD=c+i+gp+x; с үй шаруашылының жиынтық сұранысы; і капитал құралдарына сұраныс; gp мемлекет тарапынан тауарға және қызметке сұраныс; х таза экспорт, шетелдің отандық тауарға сұранысымен, отанның шетелдік тауарына сұранысы арасындағы айырымы. Жинақталған ұсыныс(AS) бұл әртүрлі баға деңгейінде ұсынуға мүмкін тауар мен қызметтің жалпы саны, AS жалпы ұлттық өнімге тең немесе ұлттық табыс көлеміне теңестіруге болады AS=ЖҰӨ немесе AS=ҰТ. Жинақ | |
Просмотров: 6561 | Загрузок: 1191 | Рейтинг: 3.5/2 |
Всего комментариев: 0 | |