Главная » 2-КУРС » Философия |
Размер файла: [109.5 Kb] Формат файла: . | 03.08.2013, 20:35 |
Скачать | |
Жоспар 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім Абай шығармашылығының рухани болмысы….......................................4 Ақынның қоғамдық құрылымға көзқарасы.............................................8 Абай философиясы....................................................................................12 4.Қорытынды.................................................................................................18 5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................19 Кіріспе Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың айқында бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты. Данышпан ойшыл, өз заманынан озық туған ғұлама ХІХ ғасырдың өзінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні жайлы терең ой түйіп, біртұтас қазақ этносының, ұлысының тұтастығы, оның ұл- қыздарының тағдыр –талабы бірлікте және татулықта болуы жайлы толғанды. Ол қазақ даласына еніп келе жатқан кез келген қоғамның таптық бастауы болады деген догмалық қағидаға қарсы үн көтерді. Бұл қағида бойынша қоғам қарама –қарсы таптардан, қанаушылар мен қаналушылардан ғана тұрады, мұндай жағдайда ұлттық бірлікті іздеуді ақылға сыймайды делінді. Сөйтіп мұның өзі мемлекеттік үстемдік құралы ретінде пролетариат диктатурасы мүддесін туғызды. Осы бір әлеуметтік әділетті, бейбіт және адамгершілікті қоғам құруды мақсат тұту Қазақстанда шексіз қасіретке, байырғы тұрғындардың жаппай қырғынға ұшырауына, зұлматқа әкеп соқтырды. Әрқашан таптық императивтерге, олардың үстемдігіне қарсы болған Абай осыс зобалаңды алдын ала көре білді. Кейінгі күндерге шейін оның рухани мұрасы өз деңгейінде зерттелмеді және бағаланбады. Ақын туындысы қасаң таптық көзқарас негізінде қарастырылды, оның шыққан тегі ақынды кедейшіл немесе жұмысшы жазушылары сапында қарастыру мүлдем жоққа шығарды. Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дуниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым сырлы бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып білуге , қазақ халқының шынайы тарихындағы , тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді.Бүгінде Қазақстан басқа да тәуелсіз елдер сияқты тарихи жол айрықта тұр. Абай өмір сүрген ғасыр ХІХ ғасыр ортасындағы қасіреттен құтылудың жолын нұсқаған Қара сөздері өсиеті мен асыл ойларры бүгінгі ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған осы кезеңде, оның экономикалық, саяси және рухани жағынан шиеленіскен сәтінде де өз мәнін жойған жоқ. Демек, таптық көзқарастан, тоталитарлық идеялогиялық мұраттарынан бастау алған, жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығарған дүниетанымдық ұстындарымыздың түбірімен өзгертуіміз керек. Абай философиясының әлеуметтік –мәдени және дүниетанымдық негіздерін саралау, соған сәйкес оның өзіндік дүниетанымдық бағдарын анықтау үшін тарихи материализмнің сыңаржақтылығынан, философиялық дамудың соңғы сатысы саналған маркстік-лениндік ілімнен бас тартқан жөн. Таптық философияны жоққа оның түп-тамырын және тұңғиық сырын ашады. Мұнда қазақ халқының ауыз әдебиеті, жазба мұралары, араб, парсы және түрік мәдениеті, орыс поэзиясы мен прозасы, Еуропа мәдениет, әлеуметтік ғылымдар мен философия маңызды рөл атқарады.Дүниетанымның бұл сан-салалы қайнар көздері қазақтың жаңа ағартушылық философиясының негізін салды. Өз философиясының Батыс пен Шығыс дүниетанымымен қанықтырған Абай алғаш рет қазақтың қоғамдық ой тарихында даму және қозғалыс идеясының мәнін түсінді. Бұл көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың мәдени-шаруашылық нұсқасын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенді, отырықшы және жартылай көшпенді шаруашылық әдістерінің орнын пайымдады, қоғамның рухани , саяси, экономикалық өмірін қатаң сынға алды. Келешекте қазақ этносының даму жолдарын болжап, ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы орны, еңбектің тіршілік көзі ретіндегі маңызы жайлы ойларын халық талқысына салды. Өз халқының тағдыры, ұлттық рухы, бостандығы, мінез-құлқы ұлы ақынды ерте толғандырды. Ол қазақты мақтаныш тұтты және оған көңілі толмай налыды, этностың имандылыққа жетуі жайын ойлап мазаланды. Абай философиясының негізгі мәселесін Батыстағыдай сана мен материаның, болмыс пен ойлаудың арақатынасы түрінде қабылдаған жоқ, бұл оның жалпыадамзаттық көзқарасын айқындап берді. Ол үшін философияның негізгі және басты мәселесі-адам.Бұдан оның философиялық жүйесінің антропологиялық сипатын шынайы адамөз дүниетанымының тірегі еткенін көреміз. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап , толық адам деп қарастырды. Абай үшін адам мәселесі негізгі философиялық мәселе болып табылады, осыдан оның ізденістерінің этикалық бағытынтүсінеміз. Толық, жетілген адам-арлы, адамгершілік қасиеті жоғары, еңбекқор, білімді, сабырлы,иманды,қанағат пен ұятты білетін, танымды, игі жүректі болуға тиіс. Ол өз халқын осыған шақырды,адамдарды өзім деп, жат деп, бай мен кедей деп бөлмеуге, іріткі салмауға, жалпыадамзаттық ізгілікке үндеді. Адамдар арсындағы достық пен сүйіспеншілік –құдай алдында жауап беретін пенде үшін ең басты қасиет. Ол діннің маңызын, әсіресе шариғатты мойындады. Әйтсе де, оның құдайы өз жүрегінде ұялады, түйсік тереңінде болды.Сондықтан да ол діннің мәнін түсінумен, шариғат шарттарын орындаумен шектелмей, тереңдеп жүйелі оқуға ұмтылуды уағыздады. Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың айқында бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.Өзінің ағартушылық философиясына сәйкес ол әлеуметтік жаңарутек білім арқылы ғана мүмкін болады деп есептеді. Білімді адам әрқашан парасатты, жақсы-жаманды ажыратады, ал надан адам әкесін, шешесін, барлық туысы мен жақынын арқасынан бір қаққан алғашқы орыс чиновнигіне сатып жібереді. Абайдың мұраттары мен мүдделерін одан әрі дамытып, жаңа қоғамдық саяси жағдайға толықтырып, нақтылап, өмірлік істерінде ұдайы қолданған көптеген шәкірттері болды. Олардың ішінде көрнектілері: Шәкәрім Құдайбердіұлы,Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы және басқалар. Абай сынды бүкіл әлемдік ауқымдағы ақыл-ой алыбының тарих сахнасына шығуының өзі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында болып жатқантүбірлі өзгерістерімен тікелей байланысты болатын. Ол қазақ даласына белсенді түрде араласа бастаған алғашқы капиталистік қоғамдық қатынастарды бірінші болып аңғарған адам. Соның арқасында ұлы ақын рухани қазыналардың жаңа жүйесін түзіп, елдікке апарар жолда етектен тартар ескілікпен күресе жүріп, өмір мен адамның, мәдениет пен қоғамның парқы мен мәнін ұғындыратын философиялық жаңа ұғымдар мен принциптерді қалыптастырды. Абайдың рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы: ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын жетілген адамды өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөледі, адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принцптерін ашып, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартады,адамдың шексіз танымның мүмкіндіктерін байқап, надандықпен күресін бағалап, білім мен ғылымның олардың әлеуметтік өміріндегі рөлін анықтап, адамтануды жүйелі қарастырады. Даналықтың өлшемі бола білген философ –ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің энциклопедиясы секілді Олай дейтін себебі, Абайды танып, оның шығармаларынигере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдини-тарихи, моральдық жайынан айқын да анық және дәл мағлұматтар алуға болады. Абай қаламынан шыққан барша қазынаны, оның рухани мұрасын жүйелі зерттеп, тануда айрықша еңбек сіңірген адам Мұхтар Әуезов болды. Ол әлемге әйгілі эпопияны дүниеге келтіре отырып, сол арқылы дүниежүзілік мәдениеттің ауқымына көтерді, Абай өткен жолдың бүкіл адамзаттық маңызын сындарлықпен ашабілді. Ұлағатты ғалым, абайтанудың негізін салушы өзінің Сонадай, Абайдық жүйелі ойларының үлкен бір арнасын қалыптастыруға ІІІығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсеріңің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені, ол күлді араб пен парсының батырлық жырларын, Щығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик акыңдарын, ат-Табари, Рабғузи ,Рашид-ад-Дин, Бабур-Захиред-дин Мүхамед, Абылғазы-Баһадур ханның тарихи еңбектерін, сондай-ақ логика ғылымының негіздері мең мұсылмандық құн, Шығыстың шариғат қағидаларын үғындырар ғұламаларының еңбектерін жетік меңгерген-ді. Сол еңбектерді түп нұсқасында оқитын жан-жақт білімдар, ғүлама болатын-ды. Исламның қазак даласындағы жетістіктері мен ңығаюына орай жаңа заманға байланысты араб, парсы, түрік тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Өзінің айырықша қабілетінің арқасында өз бетімен жүйелі түрде оқып, араб, парсы тілдерін игереді. Сөйтіп, ол Ә. Бекейханов айтқандай, қасиетті кітап¬аралықтағы шкірлер қарастырылуы ел көңілін аударары анық. Өйткені, бұл мәселе арқылы екі алыптың кейбір идеяларынан өзара бар. Отырардан шыққан және Шығыстың екінші ұстазы атанған алғашкы кәсіпқой фи¬лософ, ғұлама ғалым Әл-Фараби философияның барлық саласы-бойынша 164 трактат жазған. Біз олардың отыз шақтысын ғана білеміз, қалғандары әлемнің әр түкпірінде шашылып жатыр. Осыған байланысты орта ғасырлық араб-парсы тіліндегі философиялық еңбектер мен араб мәдениетінің, жалпы араб-мұсылман Шығысының Абайдың дүниеге деген көзқарасын калыптастырып, дамытуда соңғы кездерге дейін абайтануда калып-тасқан пікірден әлдеқайда елеулі болғандығын ерекше атау орынды. Бұл тұрғыда біздің рухани арналарымыздың, негізгі көздерінің бірі — араб-мұсылман Шығысы-мен арадағы алтын көпір секілді деп есептеуге боларлық «Әл-Фараби және Абай» сынды келелі тарихи сабақтастық мәселесінің белгілі үндестіктер табылатындығы хақ. Қазақ даласындағы ой тарихы үздіксіз жүріп жатуы заңды процесс. Соңғы уакытта бұл мәселені ереңдей оқып-білуге ұмтылыс байқалуда. М. Мырзахметовтың еңбегі үлкен кызығушылық туғызады. Зерттеуші көбінесе Абайдың философиялық көзқарасының қайнар қөздері Шығысқа көбірек саятынын атап көрсетеді, «Шығыс ойшылдары мен ақындарының идеяларын игеру Абайдың көзқара-сының гуманистік жақтарының қалыптасуына эсер етті»3. «Әл-Фараби және Абай» проблемасының қойылуы маңызды әрі қажетті болып табылады. Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын растайды. «Әл-Фарабидің эти-калык ойлауының бастауы сұлулық пен бақытқа адамның жетуі...» . Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақтың ағарту ісінің этика-әлеуметтік тұжырымдамасы өз бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай мұрасы «ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді» , — деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған болатын. Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық трактаттарын-да «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған. Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге» . Идеялардың мұндай езектестігнің жалғастыруға болады«Әл-Фараби және Абай» проблемасын зерттеумен шұғылданушы А. Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастыру-шы Әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарына кеңірек тоқталған мұсылман-діншіл Шахабутдин Маржани деген пікірге келеді. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға мөдреседе оқыған жылдарында дәріс берген. Абайдың Маржаниды көп оқығандығы жөнінде мәліметтер бар . Бұл мәселе нақтылауды әрі байыпты зерттеуді талап етеді, бірақ оның қойылуының өзі маңызды және қажетті, өйткені араб-мұсылмандық Шығыстың, сондай-ақ Әл-Фа-рабидің Абай дүниетанымына ықпалы — проблеманың әлі жет зерттелмеген жағы. Абай Шығыстын, ұлы ақындары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхали және басқа да алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан қиын-дасқан шынайы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясында тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген емес. Өйткені, Шығыстың сүңғыла ойшыл ақындарының адамның табиғатын тереңнен ұғатын ерекше қасиеті, оның болмысына, рухани жан дүниесіне, адамдағы адамшылыққа сүйіспеншіліктері Абайдың Семейге жер аударылған саяси тұтқындарын достығы және олардың ұлы ақынға жасаған әсер ықпалы туралы аз жазылып жүрген жоқ, әйтсе де біздің ойымызша, осы тарапта қалам тартқан Ә. Бөкейха-из, А. Байтұрсыновтардың еңбектері осыған дейінгі кірлерден мүлдем көзқарастары болуымен ерекшеленеді. Олар Е. П. Михаэлис пен С. С. Гросстын. айдық ақындық һәм философиялық шығармасына төтенше эсер етіп, оның дүниетанымын түп-тамырымен өгерткенін баса көрсетеді. Абай өркениетті халықтарда эзиялық және философиялық шығарманың ерекше құрметтелетіндігін, ал онымен айналысатын адамдардың сыйлы кісілердің санатында жүретіндігін білгенде, мәнінде қазақта ақындық өнер ондай құрметке ие болмаса, оған кінәлі өнер емес, сол өнерді тілемсектіксұрамсақтық, мал табудың көзіне айналдырған ақындардың өзі екендігіне әбден көзі жетеді. Сөйтіп, ол Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда: «Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін үққан». Сөйтіп, «білім ал!» атты ақыннын, ұраны қазіргі өтпелі замандағы жастар үшін нарық туралы ғылыми ілімді игеруде де өте маңызды орын алады. --Абайдың рухани әлемі — ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі — адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам және кісілік философиясы жатыр.Абай былай дейді: ...Өлсе өлер табиғат, адам елмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес... Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған_ жүйелі дағда-рыстың өзі де — сайып келгенде осы адамның дүниеге деген тубегейлі катынасынық дағдарысы Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің. қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз. Абай адам табиғатын этикалық түрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен «толық адам» кейпінде алға тартады. «..Адам деген даңқым бар», — дейді Абай. Сол арқылы ол не¬ден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Қүдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не қыльшы жок тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?.. Оларды мұсылман деп қалайша иманы бар ғой дейміз?» [ ...Жүрегіңнің түбіне терен, бойла, Men бір жұмбақ адаммың ойы да ойла, Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мын мен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай адамды жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының, ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапты болғандықтан да кайырымды, мейірімді болуға тиісті деп біледі. Қазіргі біз бастан кешіп отырған кезенді, әдетте, адамдардың қылықтарының кезеңі деп атайды. Сөйтіп, әнгіме қылықтардың философиясы туралы қозғалады. Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», — деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ,. ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар кө-біне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік — күллі дуниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады», — деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жуйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бІр — өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздін, екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей .қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің, өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады Адамның тұтыну мүмкіндіктері жайлы толғана келіп, Абай бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: «Әрбір жақсы нәрсенің, өлшемі бар, өлшемінен асса — жараманды. Өлшемін білмек — бір үлкен керек іс... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар». Ал, сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады? Ақын пікірінше, — оның таразысы — ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшыл-дық пен кісіліктің тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев пен Абайдың ұят туралы ой-пікірлерінің соншалық күтпеген үндестігіне таңданамыз. Вл. Соловьев ұят сезімі ұят дегенің өзі жалпы адамдықтың, моральдың маңызды бірінші бөлігі деп есептеген, ұятты мінез-қүлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін».. «Ұятты жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы. Ал Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сезінде осы үғымды толық, талдай келіп: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы»10, — дейді. Ғақлияның он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі жаманшылыққа,. мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кёткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?»11. Екі ойшылдың идеяларындағы мұндай айқын, салыстырмалы үн-дестіктің, этикалық идеялардың, мұндай жаңғырығын түсіндіру өте қиын. Дегенмен, Абай Вл. Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға келуге болады, өйткені олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған, кеңінен танымал болды, ал Абай бай кітап қорымен әйгілі Семей кітапханасының түрақты оқырманы болғаны жүртшылыққа белгілі. Ж. Аймауытүлы Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділдік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды»12, — деп ой түйеді Абай адамгершілік идеясын емір бойы ту қылып көтеріп еткен. Ол азаматты шыққаң тегі, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетіне қарай емес, оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына керсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді. Абай адамның жан дүниесінің үнемі өзгеріс, дамуда болатындығын дұрыс көрсетеді, сондай-ақ өзінің. «Адам1 бол!» дейтін негізгі шафқатты-этикалық принципінде азаматты надандық тұрғыдан ылғи да жетілу, толысу процесі ауқымында ұғынады. Адамның адамшылдық жағын көре білу және дамыту, ақылды, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып, дұрыс қартаю, өз халқына қажымай-талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты, адамды сүю және құрметтеу — бүгінгі таңдағы басты мәселе. Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарын, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл. Данышпан ақынның. этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалык, және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған -әмбебап тұлғаға айна.лу жолын ол өнер, сөз, поэзия ар¬кады эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы ■өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген. Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды: ...Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Абай нақтылы шындықты әсемдіктің түлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық тусінуге, қоғамдык өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандьғқ байқалады Абайдың жанына жақын идеяларының бірі — адамды табиғатпен жақындастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер сынды жайлар — ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине, Абай шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі жағынан онша көп емес, бірақ, кетерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар аударарлық. Өйткені, бұл мәселені көтерғен шығармаларда тек жылдың төрт мезгілі сипатталып қана 'қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда ақынның адам туралы философиялық түсінігі ;жан-жақты ашылады. Бір кезде Әлихан Бөкейханов жазғандай Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған (көктем, жаз, күз және қыс) жырлары Еуропанын. даңқты ақындарының өзі қүрмет көрсетердей дәрежеде. Абай үшін табиғат әманда нақтылы да, ғажайып, ол адаммен, қоғамдық ортамен тығыз байланысты. Ақьш оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы шындық ретін-де қабылдайды. Бірак, Абай үшін негізгі нәрсе — адам мен табиғаттың бірлігі болуы да — адам сол табиғаттың ең елеулі, басты түлғасы ретінде қаралды. Сондық-тан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмай-ды, оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқа-сында барша тірлік иелерінен, жануарлардан жоғары түрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адам¬ды. кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болғаң а дам білімді болады», — деп ой түйеді. Абай тәрбие адамға эсер етіп, оған кісілікті қалып-тастырады деп біледі. Тәрбие арқылы адамға туа бері-летін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да„ адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлы-ғына да, өзіне деген сеніміне де жетілдіру жасауға бо¬лады деп есептейді. Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдык,, қайғы ойладық, үйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетін-ші, отыз сегізінші қара сездерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір мезгіл Дүние үлкен кел, Заман соққан жел Алдыңғы толқын — ағалар, Артқы толқын — інілер, Кезекпенен керінер,— деп толғанса, бірауык «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екеиі рас», яки «замана шаруа, мінез күнде езгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрман ербітеді. Қорытынды Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің аркауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея —бүл халыққа білім беру.. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған... «Білімнен мал болушы ма еді? —■ деп Абай жұрттың онысына таласқан», — деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, машалық қайратын сарп қылғандығын танудың дәлелі. Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтак территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, үлы философ-шафрат болатын Әдебиеттер тізімі: 1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007 2. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c 3. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет . 4. Философиялық сөздік. --/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б. 5. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр 6. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б. | |
Просмотров: 5102 | Загрузок: 364 | Рейтинг: 3.0/3 |
Всего комментариев: 0 | |