Главная » 2-КУРС » Философия |
Размер файла: [42.2 Kb] Формат файла: . | 04.08.2013, 13:04 |
Скачать | |
Мазмұны I Кіріспе…………………………………………………...……..…...…….……...2 II Негізгі бөлім ………………………………………........………………...…3-10 а) Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері...............3-5 ә) Қазақ эстетикасының негізін қалушылар......................................................5-7 б) Ұлттық философиямыздағы парасаттылық санасы...................................7-10 III Қорытынды………………………………………………………...........…....11 IV Қолданылған әдебиеттер.................................................................................12 Кіріспе Семестірлік жұмысты жазудағы негізгі мақсатым: Өзіміздің қазақ халқының эстетикалық және парасатты санасын зерттеу, оның ішінде эстетика мен парасаттың қалыптасуына зор үлес қосқан ақын-жыраулар, сал-серілер, билер, батырлар философиясының ешқандай философияда жоқ екендігін дәлелдеп ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу. Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Зерттеу тақырыбым: «Қазақ халқының эстетикалық және парасатты санасы» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай. Негізгі бөлім Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік. Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс. Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі. Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді. Қазақ философиясының тарихының өзін эстетика мен парасаттылық сана құрауы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді. VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады. Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті. Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде мифологиялық не аллегориялық – көркем, не символикалық – діни, не нақты – ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды. Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігін жетілдіру – бұл миф пен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі. Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады. Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел. Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға шығады. Олар – азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық керек болса «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы және басқа мәселелер. Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес. Оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі – ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық практикамен тығыз байланысы. Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға, оның бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті. Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына негіз болған демократиялық элементері, халықтың ауыз әдебиеті мен фальклоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт, философиялық құбылыстарды үш кезеңге бөліп қарауға болады: 1) Алғы философия: объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән. 2) Объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді логикалық қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды. 3) Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған. Ұлы Абай айтқандай «Өз еркіміз өз қолымыздан кетіп», жат жұрттың қабағына жалтақтаған үш ғасыр бойы жатқа тәуелділік халқымыздың бірнеше буын ұрпағының бойындағы тәуелсіз елдік, отаншылдық, ұлтжандылық рухын езіп-жаншып, дүниетанымымыз бен ділімізді әр түрлі қитұрқы идеологиялық қисындар қалыбына салуға тырысып баққаны рас. Бірақ, халық көкірегіндегі тәуелсіз елдігін қайта орнатсақ деген сенім мен үміт ұшқыны қоздап жанып, ауық-ауық лап етіп белгі беріп қалатын. Әсіресе, жиырмасыншы ғасырдың басында қаулап өсіп жетілген демократиялық ұлттық интеллигенция шоғыры, ұлттық кәсіби саяси және интеллектуалдық элита өз халқының мүддесі мен болашақ дербес даму бағдарын айқындауға бел шеше кірісті. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Мәшһүр Көпеев, Ғұмар Қарашев және тағы басқа данышпандар болды. Мысалы, Міржақып Дулатов: «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» дейді. Жан-жақты білімдарлық пен парасаттылықты, саяси күрестің тәсілдері мен қалыптасқан жағдайды шынайы бағалай білуді жетік меңгерген демократияшыл қазақ зиялыларының бұл тобы бұрынғы ұлт-азаттық көтерілістердің жалаң қылышпен зеңбіректің аузына қарсы шабатын ақкөз басшыларынан мүлдем өзгеше тұғын. Олар туған халқының көзін ашып, көмескі тартқан рухын оятып, біліммен қаруландырып, бірте-бірте ұлттық тәуелсіз ел болуға жеткізудің қиын да болса, ең сенімді жолын саналылықпен таңдап алды. Бірақ, осындай кәсіби зиялылар қаққан тәуелсіздік қоңырауының сарыны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бостандық пен тәуелсіздікті, азаттық пен дербес дамуды аңсаған азаматтар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінгі тәуелсіз ел болуға жеткізіп отырған да сол ұлттық рух. Бұрынғы кеңес дәуірі кезінде қазақ философиясы жабық тақырып болды. Ол кезде Қазақстанның қоғамдық және философиялық ойын ғана айтатын, ал қазақ философиясы бойынша ешқандай сөз болмайтын. Барлық ғылыми зерттеу мен білім беру саласында тек әл Фараби, Абай, Ыбырай, Шоқан туралы ғана айтылатын. Басқа ойшылдар, философтар жөнінде әңгіме болмайтын. Қазіргі тәуелсіздік заманында көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының 20-томдық философиялық мұрасы жинақталып, қомақты зерттеу жұмысының арқасында жарық көрді. Әсіресе, қазір еліміздің маман философтары қазақтың халықтық философиясын герменевтикалық және компаративистік тәсілдермен жасау үстінде. Біздің Философия және саясаттану институтында 19 жыл ішінде «Қазақ даласының ойшылдары» атты 5 кітаптан тұратын сериялық зерттеу аяқталды. Енді алдағы уақытта тұлғалық зерттеуден кешенді проблемалық зерттеуге көшудеміз. Қазақ философиясы өркениеттік дәстүрлердің динамикасын, ұлттық тарих пен әдебиеттің, өнер мен музыканың, гуманитарлық ғылымдардың дүниетанымдық негіздерін зерттеуге өте-мөте қажет. Сондықтан да қазақ және түркі философиясының тарихы мен теориясын тереңірек жүйелі зерттеу күн тәртібіндегі мәселе. 20-томдық әлемдік философия, 10-томдық әл Фараби шығармалар жинағы жарық көрді. Сөйтіп, жалпы саны 50-том философиялық мұрамыз бар халықпыз. Бұл – үлкен рухани жетістік. Жалпы Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық-дүниетанымдық ойы батыстағыдай қалыптасқан жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, музыкада, қанатты сөздерде жатыр. Адам мен әлемнің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануы, сөйтіп өзін басқаға танытуы, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы – шығыстық философиядағы ең алдымен толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия. «Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, – деп атап көрсетті Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады». Тәуелсіз мемлекет, асылы, айқын мәдени және рухани адамгершілік бағдарсыз ойдағыдай дамымайды. Өткеннің барлығы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне ұлт санасында ертегі аңыз, эпос халықтың философиялық пайымдау жүйесінің өзегі болып, тарихтың қатпар-қатпар қойнауында жинала бермекші. Егер Қазақстанға жағырапиялық және әлеуметтік мәдени шолу жасасақ, біздің еліміз Батыс пен Шығыс өркениетінің ортасында орналасқан. Бұл фактор қазақ халқының кешегі, бүгінгі және болашақтағы рухани болмысына және дүниетанымына әсерін тигізбей қоймайды. Ендеше біздер үшін мәдениеттің экономика мен саясатқа қарағанда артықшылығы басымырақ. Дәстүрлі ұлттық мәдениетті және оның дүниетанымдық әмбебаптарын зерттеуде түркі халықтарының дүниеге көзқарасын айшықтауда Орталық Азия мен басқа да түркі тілдес халықтардың ғалымдарымен біріге отырып, зерттеулер жүргізу үлкен маңыздылыққа ие болу үстінде. Біздің мәдениетіміз бен рухани мұрамызда көп ортақ нәрселер кездеседі. Өткендегі дала ойшылдары: Қорқыт Ата, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иасауи, Ә.Науаи және басқалардың рухани мұраларын бірге зерттеуіміз қажет. Бүгінгі таңда тәуелсіз елдің рухани атмосферасына сәйкес философия өз мазмұны мен келбетін өзгерту үстінде, ғылыми ізденістердің жаңа дүниетанымдық бағдарлары анықталып, басымды бағыттары айшықталып, философиялық және саяси зерттеудің стратегиясы жасалды. XX ғасырдағы адам ойлауын Шығыс мәдениетіне сай логика ұғымдарымен түсіндіруге болады. Айта кететін бір жәйт: егер еуропалық ойлау XXI ғасырдың қарсаңында әр түрлі ойлау формаларының жиынтығы болып, іс-әрекет логикасына айналып отырса, онда Шығыс мәдениеті адамның дүниеге тұтастанған қатынасы логикасына арқа сүйейді. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында отандық философия әлемдік философияның құрамдас бөлігі. Ол өз бойына әлемдік мәдениеттің, ғылым мен техниканың жетістіктерін жинақтап, жалпы адамзат рухының логикасын танытатын құбылысқа айналғаны абзал. Сонда ғана қазақтың ұлттық философиясы мен әлемдік философиясы арасында байланыс орнап, зерттеу мен оқыту кең қанат жайып, адам санасы мен рухындағы терең астарлар айшықтана түседі. Міне, осы әлемдік философия тұрғысынан қазақтың ұлттық рухы, әлем образы мен менталитетінің қалыптасуы мен даму тарихы тұжырымдалады. Басқаша айтқанда, қазақ ғарышында, оның ұлы даласында қалыптасқан ойы әлемдік философия тарихының құрамдас бөлігіне айналды. Ал бұл тарихтың субъектілері болып қазақтың дана хандары, билері, жыраулары, ақындары, ағартушылары мен ғалымдары, ойшылдары есептеледі. Осы мағынада түсінілген тәуелсіз Қазақстанның философиясы еркіндік пен әмбебаптық шексіз деңгейге ие болып, адам рухының кез келген биік көріністерін байқатып, адамдардың болмысын біріктіруші негізге айнала бастайды. Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі философиясы арасындағы байланысты тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатар XX ғасырда кең дами бастаған жаңа философиялық ойлау типтерін игеру маңызды болып отыр. Өйткені оларда демократиялық мәдениеттің, азаматтық қоғамның қалыптасуы, тоталитарлық ойлаудың түбірінен өзгеруі, рационалдықтың жаңа моделі көрсетілген. Бұл тәжірибе біздің ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып, ұлттық философиямыз бен мәдениетімізді атамекенде өркендетуге теориялық көмек береді, басқа мәдени кеңістіктермен сұхбатта және бірлікте болуға ықпал етеді. Қазақтың дүниетанымы көне, бірақ философиялық нышаны тек ХІХ ғасырдан бертін келе өз арнасын таба бастады деушілер де баршылық. Ойлар шашыранды болса да, ұлттық идея туралы мұндай келте қайырушылық, іштей сіресушілік әлі де түгел тарқаған жоқ. Оның бір бастауы "философия дегеніміз не, ол қандай эволюциялық жолдан өтуде?" деген дәстүрлі сұрақ тұйығына тіреледі. Батыстың философиялық нормалары, стандарттары ғана негізге алынса, қазақ философиясының табиғаты туралы тұйықтар сейілмейді, қайта алыпқашты бұралқы пікірлер қосыла бермек. Батыстық өркениет заңдылығы мен қазақ даласындағы мәдениеттің қалыптасу кезеңдері біржақты үйлесе бермейтінін терең зерттемей, ұқпай жатырмыз. Бұл - бір. Сондай-ақ қазақ философиясының өзіндік тарихи және идеялық бастаулары, әлеуметтік-мәдени бағдары бар екенін сезінсек те, осы ұстанымды ұғымдық деңгейде дәйектей, тұжырнамалық тұрғыдан жүйелей алмаудамыз. Өз халқымыздың тағдыры мен тарихына деген танымдық шикілік осында. Қазақ философиясының үлгілері Батыс философиясының классикалық үлгілеріне сәйкес келмейтіні күдік тудырмайды. Бірақ қазіргі кең-байтақ қазақ жерінде қоныстанған түрлі ру-тайпалардың, түрлі халықтардың топтары тоғысқанын тарихшылар тізіп жатады. Ал сол кеңістіктегі мәдениеттің түрлері уақыт өте үлгі етерлік қандай із қалдырды, қазақтың қазақ болып қалыптасуына қаншалықты ықпал етті деген проблема өз арнасы мен жиегін таппай келеді. Айтпағымыз, қазақтың өткенін көптеген мәдени факторлар тікелей де тұрақты түптеді және жанама да қосымша ықпал етті. Осы тарихи шындықтың нақты көріністері мен көркемдік шығармашылықтың арасындағы сабақтастықты айқындап бере алмаудамыз. Басты мәселе - халқымыз бұрын нені іздеді, немен қанағаттанды? Сыңар да жанама пікірлер айтылып жүр ғой. Тек философиялық-әдістемелі тұжырым жетіспеуде. Содан қазақ дегеніміз кім, ол қашан өзіндік тұрмыстық тіршілікке және этникалық мәдениетке ие болды деген мәселе тиянақты тоқтамсыз, нақты шешімсіз қалуда. Шешімсіз қалуда дегенде салалық білімдегі құнды ұсыныстарды жоққа шығарып отырған жоқпыз. Мысалы... Қазақтың өмір сүрген қазіргі еуразиялық кеңістікте мәдениеттің, соның ішінде рухани және қалалық мәдениеттің 5-7 мыңдық тарихы бар деген әдебиетшілердің, археологтардың және т.б. мамандардың ғылыми мәліметтері том-том болып жинақталуда. Ал осы "өркениеттің ұзақ тарихи кезеңіңде көшпелі, жартылай отырықшы және орнықты (қалалық) мәдениеттің арақатынасы қандай болды, мәдениеттің осы үш кезеңінің, түрлерінің ру-тайпалық қатынасқа, дәстүр-салтқа ықпалы қандай болды?" деген сауалға тұщымды ғылыми жауаптарды кезіктіре бермейміз. Өткеніміз бай. Осы еуразиялық кеңістікте қаншама ру-тайпалар қатар өмір сүрді, олардың өкілдері, олай болса салт-дәстүрлері араласты. Арақатынасты сипаттау кезігеді. Қарым-қатынаста рухани байлықты марапаттау әрдайым жоғары болғанын ескерсек, оны қалай түсіндіреміз? Рухани байлықтың қуаты - сабақтастықта, яғни ұқсастықта және өзімен-өзі үйлестікте болу. Топтасып, араласып өмір сүрудің осы типтес әлеуметтік-гуманитарлық астары кеңінен ашылып, арқауы ортақ бағытта ширатылған жоқ. Ал жеке тың ізденістерді дер кезінде біліп жатқан жоқпыз. Өткенімізге деген кешенді ізденістер қанағаттандыра бермейді. Онсыз мәдени мұраны сақтау, баптау, қолға алу шаралары жемісті болады дегенге күмәндану басым. Өйткені бастау - баяу да әлсіз, ізденістердің жаңа мәдени мағынасы ашылмауда. Осыдан қазақ философиясының тарихы туралы көзқарастар өз тоқтамын тапқан жоқ демекпіз. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарлама аясында "Қазақ халқының философиялық мұрасы" 20 том болып жарық көрді. Басқа салада да осындай қомақты шығармашылық істер тиянақталынды. Бұлар үлкен ұжымдық шығармашылық жұмыс екені даусыз. Бірақ бұл еңбектерге тұжырымдамалы талдау жасалынбай, қазақ философиясының бастауы, эволюциялық қалыптасу кезеңдері мен жетілу бағыттары өзіндік кәсіби бағасын алған жоқ. Қалың оқырман да, әр саланың мамандары да тындырылған істің рухани құндылығын тиянақты қабылдай қойған жоқ. Мұндай жалпы ақаулық білімнің басқа да - тарих, әдебиет, этнопедагогика, өнертану салаларында орын алып жатқаны аян. Түйін біреу, ортақ: жаңа мәліметтерді ұғымдық, әдістемелі және тұжырымдамалық тұрғыдан бағалау, саралау жұмыстары назардан тыс қалуда, рухани-ғылыми жетістіктерге мән бермеудеміз. Түрлі мәдениет пен білім саласында жинақталынған алуан мәліметтерді қабылдасақ та, оларды өз тарихымызбен және мәдениетімізбен үйлестіруге лайықты арнайы дайындық керек. Мамандарымыз көненің көзі мен бүгінгі тәуелсіз елдің қажетін бірдей алып кетуі шарт. Ол үшін мамандардың интеллектуалды және әдістемелі мәдениетін бірдей қалыптастыру керек екендігі даусыз. Әзірге бұл бағытта тындырған істерден гөрі, үзілмеген үміт басым. Сызып айтар тағы бір жай бар. Ол төл тамырымыз бен мәдениетімізге деген патриоттық сезімнің, азаматтық құлшыныстың жетіспеуі. Қорытынды Сонымен қорыта айтқанда қазір қазақ халқы үшін жасанды, виртуалды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай XXI ғасырдағы рухы биік мәдениетімізді одан ары қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы жарқын. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам және эстетикалық, парасаты сана. Қолданылған әдебиеттер 1.Философия оқулық, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Алматы, «Нұр - Кітап», 2002; 2.Философия оқулық, Серік Мырзалы, Алматы, 2010, 552-558 бет; 3.Философия тарихы, Бейсенов Қ.Ш., Шымкент, 2005. Сайттар www.google.kz www.yandex.kz www.alash.kz | |
Просмотров: 5263 | Загрузок: 600 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |