Главная » 2-КУРС » Философия |
Размер файла: [152.5 Kb] Формат файла: . | 04.08.2013, 12:15 |
Скачать | |
ЖОСПАР І. КІРІСПЕ ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Әбу Насыр әл-Фараби (қысқаша өмірбаяны) 2. ӘБУНАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ 3. ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 4. ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯНЫ ҮЙРЕНУ ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ 5. ÔÀÐÀÁÈÄI³ ÔÈËÎÑÎÔÈßËÛ² ÒÐÀÊÒÀÒÒÀÐÛ ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. КІРІСПЕ Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қатдасы бар. Өміріміздің даму барысын дүрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі — баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу — кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай үрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі — казак, топырағынан шыққан данышпан перзент Әбунасыр Фараби (870-950) болды. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді. Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және казак тілдерінде Фарабидің философиялык және әлеуметтік- этикалык трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалык, тарихи-философиялык, логикалык, жаратылыстану ғылыми еңбектері, "Птолемейдің "Алмагестіне " түсініктемелері" жарык көрді. Ғұламаның философиялык, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми-зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шыкты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының "Әл-Фараби", "Фарабидің математикалык мұрасы " (орыс тілінде), "Сөнбес жұлдыздар ", "Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері" (орыс тілінде), "Фарабидің педогогикалық мұрасы "(орыс тілінде) монография, кітаптары, "Фараби Бағдат шаһарында " атты повесі, көптеген мақалалары бар. Менің бұл рефератты жазудағы көздеген басты мақсатым, қолда бар материалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту болып отыр. Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) Әбу Насыр әл-Фараби — Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Онтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған. Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды, сол үшін оны көзі тірісінде-ақ «Екінші ұстаз» (Аристотелъден кейінгі екінші ұстаз) атады. Тәжік академигі Б. Рафуровтың мағлұматтары бойынша Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тілдеріне (араб, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т. б.) аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті. Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады. Әлемнің, негізгі тұтқасы — адам. Егер оның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, ол дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез-құлық — бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты — адамның басты кадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Адамның өсіп-жетілуінде Фараби дағды мен әдетке елеулі орын береді, бұлар тәлімгердің ғибратты сөзі мен нақты ісі жәрдемімен калыптасады. Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру, тағы басқалары) тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай еткенде ғана ол шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады, сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие, болуга тиіс. Ізгі, әділетті қаланың басшысы мен ұстаз екеуі бірдей дәрежеде тәлімгер. Ұстаз балаларды, ал кала басшысы шаһардың бүкіл тұрғындарын тәрбиелейді. Нағыз тәрбиеші, жалпы жұртқа танымал жетекші өзінің бойына он екі тума табиғи қасиетті, алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам. Окыту — тіл ұстарту, білім беру арқылы, үйрету жолымен, ал тәрбиелеу — сарамандық жұмыс пен тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. Білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді, дүниені танып-біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім-болмысына қанығады. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер кәсіптерінің дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады. Әл-Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектердің («Ақыл-ой туралы», «Жан туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» тағы басқалар) авторы ретінде де танылды. Ол араб тілі. халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жуйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ. ӘБУНАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді. Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар үздік-үздік аңыз-шыны аралас болып келеді. Фарабидің толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Кейде оны жай ғана "Тархани" деп те атайды. Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада Фарабидің руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты. "Тархан" деген атаудың төркінін екі түрде топшылауға болады. Бірінші жағынан, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған (қазір де мекендеп отыр) тарихқа ертеден мелім қаңлы тайпасында "Тархан" (кейде "Дархан деп те атайды") атты ру болған (қазір де бар). Екінші жағынан Кашқари "Қанды-қыпшақтардың атақтыларының есімі" деп жазады. Демек "қанды" мен Тархани байланысты. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы-қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар. Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине, асыра дәріптеу болар. Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын" қырықрет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған көрінеді. Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан. Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайткан. Ол бұрынырақ өз отаны — Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансұр ибн Нұхтың өтінуі бойынша "Екінші тәлім" (Ат-Таһлім ас-сани) атты еңбек жазған. "Екінші ұстаз" деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылғы желтоқсанның аяғы немесе 951 жылғы қаңтардың басы) Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша, Дамаскінің "Баб ас-сағир" (Кіші дарбаза) зиратына қойылған көрінеді. Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило¬софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Мета¬физика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған. Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель дүниені материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. Ал орта ғасырларда кейде түсінбегендіктен, кейде түрлі діни ағымдардың әсерінен әдейі Аристотельдің құнды-құнды материалистік идеялары бұрмаланып, шатастырылып жіберілген. Тіпті араб Шығысында кейбір грек идеалистерінің еңбектерін Аристотельге телушілік орын алды. Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап, аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бүл міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінін бірі осы. Сондықтан да Шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани" — екінші ұстаз деп атаған. "Бірінші ұстаз" — "ал муаллим ал аууал" деп олар Аристотельді атаған. Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кер-тартпа мұсылман діншілдері ғылымды дүние тануды тұншықтыруға күш салып баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оку және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалыктар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәрізді жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір тебе. Мен рефератымда Фарабидің ғылыми жетістіктерін баяндауда осы жоспарды басшылыққа аламын. Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура¬лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні тұралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", 'Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б. ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды. Араб философиясында Фарабиге дейін бірнеше ағымдар мен кезеңдер болды. Діни философияны VIII ғ. бас кезінде пайда болған мутакаллимдер қуаттады. Олар құдайдың мәнісі, дүниенің түпкі сыры жөнінде кұран қағидаларын бұлжытпай басшылықка алды, табиғи заңдылық және таби-ғаттағы себептілік принциптеріне қарсы шыкты. Мутакал¬лимдер болмыстағы барлық қүбылыстар, оқиғалар тек бір қүдайдың еркімен болады, қүдайдың күдіретінсіз "адамның жалғыз шашы түспейді" дегенді уағыздады, дәлелдеп бақгы. Алайда араб халифатында, мемлекетінде ғылымның өркендеуі басқаша көзқарастардың, сенімдердің бой көтеруіне әкеп соқты. Олар сайып келгенде, мұсылмандық қатып қалған қағидаларға (догматтарға) қарсы бағыттап, рационалистік, материалистік көзқарастардың етек алуына жағдай туғызды. Мұндай ғылыми, рационалистік бағытты жактаушылар мутазилиттер, яғни дәстүрлі діннен "бөлініп кетушілер" еді. Олар адамзат ақыл-ойы шындыққа жетуде кұдайдың алдын ала сызып-пішіп қойған жолы емес, одан басқа ақыл, парасат жолын басшылыққа алу жөн деп есептеді. Мұндай күрес сол заманда философия мен ғылымды дамытуда үлкен маңызы болды. Екінші жағынан мутазилиттер Аристотельдің құдай туралы идеясына карсы шығып дүниенің мәңгілігін, ондағы орын алатын заңдылықтарды біртіндеп жоққа шығарды. Мутазилиттердің имамы, жетекшісі атақты әл-Ашари болды. Араб философиясындағы жетекші бағыт перипатетизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті мөселелер түрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ олар бұл кайшылыктарды, керағарлықгарды тігісін жатқызып, бітістіру үшін Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай келеді, біріншісі баршаға бағышталған, екіншісі тандаулы адамдарға. даналарға арналған арнайы, шектеулі шындық, Міне осылай екі шындық ілімі, теориясы жасалады. Бұл теория ортағасырлар заманында прогрессивті кызмет атқарды. Араб аристотелизмінің негізін салушылар қатарында әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина т.б. жатады. Алайда фило¬софия тарихшыларының басым көпшілігінін ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдык-саяси ой-пікірдің нағыз көш бастаушысы Фараби болды. Фарабидің өз еңбектерінде кұдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп — "алғашқы түрткі" қана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз зандылығымен кұдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны куаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің "жақсылық та құдайдан, жамандықта құдайдан" деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар (мәселен, әл-Ашари) осы сиякты "күпірліктері", кателері үшін Әбунасырды қудалаған кездері болған. Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктері мен сонылығын дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондыктан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-тео-логиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі — негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің данышпандығы мен білімпаздығы, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей қала алмады. Араб тарихшысы Усейбидің айтқанына карағанда, Фарабидің философиялық жүйесінде маңызы кейінірек барып біліне, анықтала бастаған бірден көзге түсе қоймайтын жерлері көп, олар қазіргі заманғы терминология бойынша айтсақ, материалистік нышанды немесе идеализм мен материализм арасындағы ауытқуды білдіреді. Фарабидің философиялық жүйесі ортағасырлар философиядағы барлық проблемаларды қамтиды деп айтсақ артық болмайды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті — проблемасы, логика мәселелері, ақыл және оның адамның қоғамдық іс-әрекеттеріндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы, проблемалары, т.б. Фарабидің философиялық және логика-методикалық көзқарастарын жақсы түсіну үшін оның ғылымдар топтауын (классификациясын) қарастыру қажет. Бұл топтау Аристотельдің классификациясына ұқсайды, алайда Фарабиде табиғаттану-математика ғылымдары кең де әр түрде көрініс табады; бұл оның ортағасырлардағы Шығыс философиясының даму бағытын бейнелейтін рационалистік және материалистік талпыныстарының нәтижесі болып табылады. Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм — зерттеу прин¬ципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу — ғылым-білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип — Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады. Әрине, ғылымның даму деңгейі, саяси-әлеуметтік жағдайлардың салдарынан бұл мәселелер туралы ол кейде кері шегініс жасауға мәжбүр болады. Мәселен, дүниенің мәңгілігін, басының болмағанын мойындау ресми дін өкілдерінің дүниені құдай жаратқан деген доктринасына қайшы келеді. Фараби бұл жағдайда құдай бірінші, дүние екінші кезекте деген сияқты бұлдыр да бұлтарыс түсінік береді. Фарабидің пікірінше қозғалыс – мүмкіндіктен шындыққа көшу, уақыт та мәңгілік, ол қозғалыстың сипаттамасы (характеристикасы). Ақыл туралы ілім Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл (яғни бірінші қозғаушы. Аристотельге айтканда, ойлаудың ойлауы) болмыс түзілісіндегі (иерархиясындағы) жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатыны түпкі себеп — Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны — аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы — адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің жаратылысы мен аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің кағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз акыл немесе ғарыштық (космостық) ақыл ай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, ол — жер бетіндегі тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, билеуші. Әрбір тіршілік иесінің ақылы тек әлемдік, космостық ақылға қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген қағида теріске шығып діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жанның ауысып, көшіп жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі проблема бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын қолдап дамытып жанның мәңгілігін бір адам үшін емес жалпы адамзатқа тән қабілет ретінде қарастырады. Енді бірде қайырымды, парасатты адамдардың жаны өлмейді, ал қайырымсыз, надан да пасық адамдар жаны оның тәнімен бірге өледі деген идеяны қолдайды. Бұл жағдайда ол жақсы адамның артында қалдырған ісінің, ізінің өшпегені, оның жанының өмір сүргені дегенді меңзейтін сиякты. Бұлай деп айтуымызға Фарабидің "Ұлы Зенонның жоғары ғылым бойынша трактаты туралы" еңбегінде ол дүниедегі өмір туралы жазған мынадай жолдары негіз болады: "Білім, яғни ғылыми мұра қалдырған адам өлгеннен кейін өз қамы үшін ғана харакет еткен адамнан қадірлі, білгіш, көреген болады, өйткені көп мал-мүлік күйттеу ғылымға кесірін тигізеді. Сондықтан рухани мұра қалдыру дүниеауи қам-харакетке қарағанда абзал да қадірлі, ол ғылымға кесірін тигізбейді. Ол дүниелік өмірде дәрежеге жетуге кедергі болмайды. Егер, бәлкім, ғылымның басқа адамдары, оның әріптестері бұл мұраны пайдаланса ол оған өлгенге дейін де, өлгеннен кейін де игілік боп жұғады" (Тарихи-философиялық трактаттар). Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол ай астындағы дүниенің шын мәнінде баp екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер -— барлығы ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан алуан, әр түрлі қосылыстарынан тұрады, түзіледі. Фарабидің материя мен форманың бөлінбес, ажырамас бірлігі туралы тезисі дұрыс материалистік сипаттағы қорытынды болды. Таным проблемасын карастырғанда, зерттегенде Фараби өз заманындағы жаратылыстану ғылым жетістіктеріне сүйенеді және математика, астрономия, медицина, физиология, музыка теориясы және басқа салалар бойынша өзінің жан-жақты білім қорын мол, сарқа пайдаланады. Мұнда ол таным теориясына рационал сипат беретін ақыл туралы ілімді басшылыққа алады. Тану теориясының бірсыпыра мәселелерін ғылыми жолмен дұрыс қойып, түсіндіруде Фараби бірсыпыра психологиялық проблемаларды камтып, оң шешуін табуға тырысады. Мысалы, түйсіктің табиғаты, олардың сезім мүшелеріне байланысы; жан қуатының және адам қабілетінің жалпы схемасы, танудың екі негізгі формасы (түйсік арқылы және ойлау арқылы) т.б. Фарабидің таным туралы ілімінің негізгі көздеген нысанасы -- ғылымның рөлін көтеру, философия мен діннің қызметін даралау, бөлу, ең бастысы өзі үлкен ат салысқан, қатысқан танудың ғылыми әдістерін (метод-тарын) (эксперименттік-теориялық әдіс, табиғат туралы білімдерді математикаландыру) жасау және дамыту болып табылады. Методологиялық дұрыс бағдарламаны басшылыққа алып, Фараби көптеген нақты ғылымдар (математика, астрономия, акустика, музыка теориясы т.б.) бойынша және оларды оқыту дидактикасын жасау жөнінде айтулы табыстарға жетеді. Алайда Фарабидің таным теориясы тұтас алғанда өміршең ілгерішіл бола түра, онда ғылыми қайшылығы бар бірсыпыра даулы қағидалар мен идеялардың да болғанын айтуымыз керек. Фарабидің ғылыми-философиялық шығармашылық қызметінде логика мәселелері үлкен орын алады. Логика ойлау жүйесі мен пікірлерді мүлтіксіз дәлелдеуді қажет етеді, сондықтан да Фараби оны шындыкты табудың және оны негіздеудің бірден бір әдісі ретінде жоғары бағалайды. Логикалық тұрғыдан ол білімді аксиомалар мен алғышарттар түрінде өрнектелген бастапқы, не алғашқы және оларды ой қорыту салдары ретінде шығарылып алынған туынды, қорытынды деп екіге ажыратады. Ал логиканың заңдары мен ережелері жаңа білім шығаруға қызмет етеді. Тілде грамматикасыз күн жоктығы сияқты дұрыс ойлауда логикасыз аттап басуға болмайды. Фарабидің үйретуінше, адамның адам болуы ақыл, ойлау арқасында болса, онда мәдени, жоғары парасатты ақылды себетін логика адамзат үшін ең қажетті игілік болып саналатын ғылым, өнер көзі болады. Фарабидің логика жайындағы трактаттарының мәні өте зор. Онда автор категория, семантика, импли¬кация теориясы т.б. мәселелер жөніндегі Аристотельдің бай идеяларын әрі карай дамыта түседі. Фарабидің философиясы өзінің өміршендігін, дұрыстығын нақтылы ғылыми зерттеулерден тауып, принциптері, қағидалары одан ары кемелденіп отырды. Оның ғылыми ойлау жөніндегі тапқан әдісі (методы), жеке, дербес заттарды, кұбылыстарды нақтылы қарастыру, бақылау жасау арқылы дедуктивті-аксиоматикалық теория жасаумен ұштастырылады. Бұл туралы толығырақ кейін Фарабидің ғылым, атаи айтканда музыка теориясын жасау әрекеттерін баяңдау барысында айтамын. Фараби өзінің дүниеге көзқарасын социология, этика және эстетика мәселелерін қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары", “Бақытқа жету туралы" трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Ол ең әуелі өзі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады. Калаларды жік-жікке бөле келіп ол кемел де үлгілі құрылым ретінде "Ізгі қаланы" тандайды, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын "қажеттілік қаласы" деп қарайды. Фараби әрі карай "алыс-беріс қаласы" (саудагерлер мен алыпсатарлар мекені), "бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын" (ұры-қарылар, арамтамақтар мекені) бөліп ажыратады. Ізгі мемлекет (қала) туралы ілімін жасауда Фараби Платонға еліктеп мемлекетті әрбір мүшелері белгілі бір қызметті аткаратын адам тәніне ұқсас етіп қарастырады. Осыған сәйкес ізгі мемлекеттегі феодалдық құрылыс суреттеледі. Идеалистік түрде жақауратып айтылғанмен Фараби топшылауында адамдар арасындағы теңсіздік, артық-кешілік анық сезіледі. Мысалы, халық — мемлекеттің жүрегі саналғанымен, олар да күн көріс қамын, харекетін жасауға, ойлауға мәжбүр (ішіп-жеу, үйлену-жайлану т.б.) Фараби мұндай теңсіздікті, әділетсіздікті жоюдың бірден бір жолы ағартушылық, адамгершілік тәрбиесін күшейту деп қорытады. Феодалдық әділетсіздік езгі мен зорлық-зомбылық өріс алып тұрған сол ауыр заманның өзінде-ақ ол зорлықсыз, қанаусыз әділ қоғам болуы мүмкін деген батыл утопиялық (қияли) болжам жасайды. Фараби ондай ізгі мемлекеттің тууы, ең алдымен мемлекет басшысына, оның ақыл-парасатына, ғұламалығына, талантына, тәрбиесіне тікелей тәуелді деп қорытынды жасайды (ағартушы-философ әкім идеясы). Кемеңгер-ойшылдың бұл пікірін түгелдей теріс деп айтуға болмайды. ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯНЫ ҮЙРЕНУ ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ Фараби ғылым мен философияны оқып-үйрену мәселесіне арнап бірнеше еңбек жазған. Солардың бірі "Фило¬софияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат". Бұл еңбекте Аристотельдің ғылымын, философияны меңгеру үшін кажет болатын тоғыз шарт туралы әңгіме болады, олардың әрқайсысы жайлы ұлы ұстаз өз пікірлерін ортаға салады. Бірінші шарт — философиялық ағымдардың аты-жөнін білу. Бұл туралы Фараби былай дейді: "Философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен түрады: 1) философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 2) оның шыққан қаласы; 3) философияға мекен (медресесі) болған орынның аты; 4) философиялық талдауға түскен мәселелер; 5) философияның алға қойған максаты туралы түсінік; 6) философияның практикалық мәні, нәтижесі. Философиялық бағыттың негізін салушы ұстаздың есімі бойынша аталған философиялық ағымға "Фупағұрс" (пифагористер) тобы жатады. Философиялық ағымның шыққан жері бойынша аталатындарға "Куриналықтар (ликейліктер) жатады, олар Аристотель философиясына қосылатындар. Философия үйретілген орынның атымен аталатын философиялық ағымға Хризипт (кросиғыс) философиясын жақтаушылар жатады, оларды руақшылар (стоиктер) деп атайды. Философ Фурн (Филон) мен оны жақтаушы топты маниғлар, яғни тыюшылар тобы деп атайды. Оның себебі бүлар адамдарды ғылымнан тыюды дүрыс деп білген. Олардың пікірі бойынша, ғылым дүниесі философияньщ ісі емес. Философиялық мақсатты коңілдің қошына қарай бейімдеп үйренушілерді ләззат кеңіл қалауы (гедонизм) тобы деп атайды. Бұған жататындар философ Әфиғүрс (Федор) және оны жақтаушылар. Философия ғылымын ұйренудегі әдістеріне карай аталған ағымға Машауи (серуеншілер-перипатетиктер) тобы жатады. Бұған жататындар Аристотель мен Платон топтары. Машауи аталатын себебі олар философия ғылымын үйреткенде ылғи серуенде жүріп үйрететін болған". Бұл жерде Фараби ертеде Грециядағы негізгі ғылыми-философиялық мектептерге шолу жасаған. Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі мақсаттарды тану. "Философиялық еңбектер (кітаптар) арасында және мөселелерге ғана арналған бөлшек (жузие) түрлері бар және мәселенің күллісін жалпы камты-ған толық (куллие) түрлері бар. Бүл екеуінін аралығына жататын орташа (уассита) аталатын кітаптар бар. Бөлшек жазулар кейде үлкен еңбектерінің жеке үзінді дәптері болуға да мүмкін. Немесе жалпы еңбектердің ішінде философиялык. еңбектерге талдау жасаған, ескертпе енбектер болуы мүмкін. Кейбір жалпы еңбек философия ғылымының окулығы болады, екіншілері философия ғылымының прак-тикалық жағына арналады, керекті тәжірибе істері үйре-тіледі. Қайсыбір еңбектерде табиғат дүниесінін фило-софиясы талданады. Оларды түсіну үшш табиғат ғылым-дарын үйрену қажет. Табиғат тану кітаптарының өзі де жалпы табиғат заңына арналған барлық әлемді тұтас қам-титын болады немесе табиғаттың жеке салаларына арналған болады. Ал, енді табиғаттың арнаулы бір жүйесін зерттейтін еңбектерге келетін болсақ, олардың кейбіреулері табиғи болмысы жоқ (дерексіз) нәрселерді білдіруге арналған, кейбіреулері табиғи болмысы бар (деректі) және жарыкқа шыққан нәрселерді зерттеуге арналған. Дерексіз нәрселерді зерттеу ғылымы тағы екіге белінеді, ол барлық нәрселерді тегіс қамтитын жалпылық және арнаулы бір ғана нәрсені қамтитын жалқылық болады. Философияда қолданылатын дәлелдер (бурһан) ғылымы жөніндегі еңбектер үшке бөлінеді. Оның біріншісі дәлелдеу ғылымынан бүрын оқылатын еңбектер; екіншісі дәлелдеу негізін үйрететін еңбектер; үшіншісі, дәлелдеуді білгеннен кейін оқылуға керекті кітаптар. Дәлелдеу ғылымынан бүрын оқылуға тиісті кітаптар екі түрлі болады: оның біреулері дәлелдеудің дүрыс нөтиже беретін жолын үйретеді; екіншілері дәлелдеуге жататын кіріспелердің (мүқадималардың) қалай қолданылуын, қалай айтылуын үйрететін еңбектер. Дәлелдеудің дүрыс нәтиже беретін жолын үйрететін "Бариминияс" кітабы болып табылады. Мүқадималардың қалай қолданылуын үйрететін с'Фи-әл-хадди" деген кітап, оны кейде "Катигориас" (категория) деп те атайды. Ал, енді дәлелдер үйрету кітабы "Фи-әл-бурһан" деп аталады. Оның өзі екіге бөлінеді: оньщ бірінде дәлелдеудін формасы (қүрылысы), екіншісінде дәлелдің қүрамы зертте-леді. Формальдық дәлел (логика) олшеу -- салыстыру (силлиогизм) кітабында (Фи-ал-киас) айтылады, оны анулу-тика (аналитика) деп атайды. Дәлелдің қүрамын зерттеу "Ғұнсари ал бурһан (табиғи дәлел)" деген кітап жазылған. Оны "Бафузуқтика" (метафизика) деп атап кеткен. Дәлел ғылымын үйренгеннен кейін сол ғылымның дұрыс дәлелі мен терісінің арасын айыратын кітаптарды оку керек. Демек, дәлелдің өтірігі де бар, расы да бар. Өтірік дәлел-қисындар көбінесе поэзияда, өлеңдерде болады. Өтірік қисын кітаптардың ішінде түгелдей өтірігі болады, өтірігі мен шындығы аралас тең түрлері де сол сиякты өтірігі көп, шындығы аз түрлері де немесе шындығы көп, өтірігі аз түрлері де болады. Өтірігі мен шындығы тең болған еңбектер туралы, "Санағату ал-Қүтаба" (Хұтбалық — шешендік өнері) атты кітаптан табуға болады. Өтірігінен шындығы көбірек еңбектің мысалдарын "Мауасиғу ал-жадал" (диалектика өнері) кітабынан көруге болады. Ал, шындығынан өтірігі көпті "Санағату ал-мүғалитин" (софистика өнері) кітабынан көруге болады". Бұл жерде Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың мазмұны мен оку ретін қыскдша келтіріп отыр. Үшінші шарт — философ болу үшін кажетті ғылымдар-ды тани білу. "Философия ғылымын үйрену үшін алдымен тани білуге қажетті болған ғыльш. Ол ғылым Платонның және оны жақгаушылардың (оның мектебінің) макүлдаған ғылымы. Ол ғылым "ғылым әл-һандаса", яғни геометрия. Алдымен соны оқу керек. Философияны үйрену үшін алдымен геометрияны білу керек екенін дәлелдеген Платон өзінің академия сарайының (һайлінің) есігіне "кімде-кім геометр (муһандиса) болмаса, біздерге келіп кірмесін" деп жазып қойған. Неге десеңіз, геометрияда қолданылатын дәлелдер барлық дәлелдер атаулының ең дұрысы деген. Ал Феофраст (Алуфарстс) бағытындағы философтар мінез-құлықты түзету ғылымдарын үйренуді дұрыс көрген. Себебі, өз мінезі, құлқы түзу болмаған адамнан дұрыс ғылым табылу мүмкін емес деген. Соған дәлел етіп Платон: "кім де кім кұлқы таза, зерек болмаса, ол ізгі зерек адамның сөзіне де, ойына да жақын келе алмайды. Таза болмаған денеге канша азық берсең де жауыздық істеуден баска еш нәрсе шықпас деген". Ал, Сайда каласынан шыккан Боэций (Буатис) деген философтың пікірінше философия ғылымынан бүрын жаратылыстану ғылымын үйрену керек көрінеді. Оның себебі табиғаттану ғылымы ең жақын, ең таныс нәрселерді үйрететін ғылым. Ал, оның (Аристотель-дің) шәкірті Андроник (Андруникс) логика (мантық) ғылымы бұрын оқылу керек деген. Себебі мантық ғылымы анықпен таныктың арасын айыра білудің күралы деп білген. Осы айтылған пікірлердің қай-қайсысын болса да кемітуге болмайды. Әрине, философияны үйренбестен бүрын арам ниетті құлықтарды түзеткен дұрыс. Сезімінің тілегіне күл болған адам касиетті ақиқаттың айғағы болуға арналған философия ғылымына қалай үйлесе алған. Сондықган халыкты түзету күр сөзбен болмай, іс жүзінде жақсы мінез-күлыкты адам екені белгілі болсын. Мұнан соң адам өзінің рухани тілектерін түзетсін. Рухани дүниесі түзу болмаса бұзықтық жолға түсу, жаңылыс кету сиякты нәрселерден аман болмайды, ақтықжолды аңдай алмайды. Бұл жолды андау, әрине, дәлели ғылымдарына еңбек сіңі-ріп, киналудан табылмақ. Дәлели ғылым екі түрлі. Оның бірі геометриялық (һандаси), екіншісі логикалық (мантықи) болып келеді. Сондықган алдымен геометриядан білім алып, сонан кейін логика ғылымына тиісті үлес қосу керек". Фараби бұл жерде философияны үйрену үшін кажетті ғылымдар туралы сонау грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі көрнекті ғалымдардың ой-пікірлерін сарапка салады да, аяғында өз шешімін айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап, бірінші алғышарт — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген таза калыткысыз кұштарлығы мен берілгендігі. Бүл шарт орындалмаған күнде адам филосо¬фияны үйрене де алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби. Бүдан кейінгі кезекте ол геометрия, логика сиякты катаң дәлелдерге сүйенетін ғылымдарды қояды. Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну: "Философия ғылымын үйренуде онан күтілетін мақсатты түсіну. Ол мақсат жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін, жалғыз зат. Бүкіл дүниені барлық нәрселердің бәрін барлыкка, болмысқа шығарған жаратушы жомарттығымен, хикметімен, әділетімен осы әлемге тәртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық филосо¬фия ғалымдарының істеген еңбектері — өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу". Фараби бұл жерде "жаратқан бір Алла" туралы идеа¬лист: көзқараста тұр. Алайда ол ғылыми-философияны шынайы дінмен үштастырудың қажеттілігі туралы аса парасатты көзқарас ұстанып, ұсынып отыр. Бесінші шарт — философия ғылымына кірісудің төте жолын тану: "Философия ғылымына кірісудегі басты жолды тану. Ол жол еңбек етуді, ғылымның жүйесіне (шегіне) жетуді мақсат ету. Еңбек ету деген нәрсе ғылымен білімсіз болмайды. Сондықтан ғылымда, білімде еңбек керек. Ғылым-білімнің толық түгел болуы сол білгенді іс жүзіне асырумен табылады. Ғылымды шегіне жеткізу жүйелеу деген нәрсе табиғат дүниесін танумен табылады Жаратылыс ғылымы біздің бақылау жүргізуімізге ен жақын нәрсе. Онан кейін табиғатты бейнелейтін геометрия ғылымын үйрену керек. Еңбекті (амалды) шегіне жеткізу, жүйелеу дегені алдымен адам түзеуді өзінен бастап, содан кейін басқаларды түзету, өз үйіндегі адамдарын, немесе қаласының адамдарын түзету". Фараби мұнда жаратылыстану ғылымдары туралы және оны математика (геометрия) арқылы танып білу мүмкіндігі жайлы тамаша соны пікір айтып отыр. Алтыншы шарт — Аристотель енбектеріндегі қолдат.пі ған ғылыми үғымдарды талдай білу. "Ол ұғымдар үш түрге бөлінеді. Арнаулы кітаптарында ұғымдарды талдап жеке тақырыптарға бөлмей, тек өте қыска түрде атап өтеді. Талдау жасалған кітаптарға үғымдарды терең жұмбақтап астарлап, екінші мағынада айту бар. Жеке қағидаларға арналған дәптерлерінде үғымдар ереже принципімен канон түрінде келтірілген. Мұнда түсінік сөздерде акырғы қорытынды аныктамалар берілген". Бұл жерде Фараби Аристотельдің үғымдарды өрнектеу, білдіру ерекшеліктерін сипаттап отыр. Жетінші шарт — Аристотель өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап еткен себебін білу: "Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түрін терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын, тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуә қылмай оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында тиімді бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде "жұмбақ (аллегория) қолданылады". Фараби мұнда Аристотельдің стиль, баяндау ерекшеліктеріне назар аударып отыр. Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін – калпын түсінуі. "Аристотель ғылымын меңгеремін деген адамның міндеті мен ережелер қалпы. Ол ереже алдымен жоғарыда айтылған қағидаларды біліп, сонымен қатар өзінің құлық-мінезін түзеуден басталады. Яғни, сезім тілегі шындық үшін ғана болу керек. Ләззат (рахат) іздеу, қызығу сияқты нәрселер болмысқа керек. Рухани негізді түзеу керек. Рухани негіз түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болар. Аристотельдің өлшеу (салыстыру) әдісі қияс (силло¬гизм) турасында. Ол өлшеу ақикатты табуға жәрдемші. Өлшеу қорытындысына бакылаушының калауы қосылады. Көңіл қалауы махаббат арқылы болмақ. Демек, махаббат шындыққа жету мақсатында болсын. Егер жек көрушілік араласса, онда сыналып отырған адамның сөзін өтірікке шығару болмақ. Мұғалімдік (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем (қатаң) болмасын және тым босаң болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егер өте босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар мұғалімді елемеу, оның ғылымына селқос қарау қаупі туады. Ғылымды болу үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет. "Тамшы үнемі тама берсе, тасты да теседі" деп бекер айтылмаған ғой. Және ғылымнан басқамен шұғылдануды азайту керек. Әр нәрсемен шүғылдана беруден істе тәртіпсіздік пайда болады. Ұзын өмірлі болу да қажет. Ұзын өмірлі болу үшін өзінің денсаулығын сактау керек. "Өзіне ұзын өмір тілеген адам денсаулығын сақтау шарасын іздесін" деп Пракраттың (Гиппократтың айтқаны бар). Фарабидің бұл қағидасының ғылым мен өнер жолын қуушылар үшін қазір де мәні зор. Фараби оқытуда аса қатандықтан да, аса жұмсақтықтан да пайда болмайтынын сынап, орта — шектен шықпауды ұсынып отыр. Бұл күні бүгін күшін жоймаған педагогикалық қағида. Ол ойды әр нәрсеге бөліп, жеңілтектікке салынуда ғылым игерудің дұшпаны деп дұрыс көрсеткен. Бір қызығы дәл осы сияқты пікір 1000 жыл откеннен кейін Абайда кездеседі. Ол өзінің отыз бірінші қарасөзінде білім игерудің, естіген нәрсені ұмытпаудың негізгі бір шарты ретінде "... ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ол кез болып қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық ойыншы-күлкішілдік, иә бір қайғыға салыну, иә бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді", - дейді. Қазак топырағынан шыққан екі ұлы ойшылдың пікірлерінің дөп келіп, астасып жатуы кездейсоқ емес, олардың арасында белгілі бір сабақтастық, байланыс (тікелей немесе жанама) барлығын анғартады. Өмірін үзарту әркімнің өз колында екендігі де казіргі мг ппіиііада бұлжымайтын дұрыс кағида. Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер мұқтаж екенін білу. "Философия ғылымында мұқтаж болатын еңбектерді тану, ең алдымен логика кітаптары қажет. Екінші, сол ғылымның пайдасын түсіну. Үшінші, сол кітаптардың аталу себептерін білу. Төртінші, сол кітаптардың жаңсақсыз дүрыс болуы. Бесінші, ғылымның мәртебелерін (дәрежесін), тәртібін тану. Алтыншы, ол кітаптардағы қолданылған түсінік сөздерді тану. Жетінші, кітаптардың әрқайсысындағы бөлімдерін (тақырыптарын) тану. Логикалық салыстыру (өлшеу) екі нәрседен құралады бірінші, өлшеудің мазмұны — теоремасы (мұқаддамат); екінші, өлшеудің формасы. Бұларға жататын ғылыми мәліметтер "Аналитика" кітабынан алынады. Теореманың анықтамасы мен формасындағы сол еңбектің сол бөлімдерінде. Жабайы заттардың тараулары "Категория” кітабының тиісті баптарында талданады. Теоремапың формалары "Бариминиас" кітабынан алынады. Өлшеудің теоремалары "Дәлел" кітабынан алынған. Осы кітаптардың барлығы логика ғылымын оқудан бұрын оқылатын ғылымдар. Себебі, бүл кітаптар аталған пәндерді танып білуге қызықтырады. Бұлардан калғандары кітаптардың әрқайсысының бөлінетін баптарын тануға қызықтырады. Қай кітабын болса да оқымақ болғанда қажет болатын ғылымдар осылай болады. Фараби бұл жерде Аристотельдің логикалық шығармаларын оку тәртібін келтірген. Фарабидің философиялық трактаттары Философияны зерттегісі келетіндер әрекетке және мақсатқа жету жолында талпына беруге тиіс. Әрекетке талпыну білім арқылы жүзеге асады, өйткені білімнің түбі әрекет болып табылады. Ал табиғатты білмейіше білім арқылы мақсатжету мүмкін емес ,өйткені табиғатты білу біздің түсінігімізге біртабан жақын. Ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауғатиәіс, тым ырыққа да жығылы бермеуі тиіс ,өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа қона беру ұстаздың қадірін кетіреді,оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет, өйткені бұлар,- жұрт айтқандай,-тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді. Сондай-ақ өзініңғ сабақтарын бір ғана ғылымның шеңберінен асырмағаны дұрыс, өйткені түрлі пәндермен сабақты ауырлата беру тәртіпсіздікке және белгілі бір жүйеден айырылыпқалуға апарып соқтырады. Осының бәрі шәкірт өмірін ұзартады, өйткені тәнді емдеу, Гиппократтың сөзімен айтқанда,- өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онанда жақсы нәтижеге жеткізуге тиіс… Адам пайда болысымен оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе күш ,яғни қабілет, ол осы күш арқылы қоректенеді. Сондықтан бұл қоретдіргіш күш болады. Бұдан соң түйсінілетін нәрсені,- мәселен, жылылық пен суықтықты,- аңдауға мүмкіндік беретін және дем, иіс, дыбыс, тур-түс сияқтыларды, сәуле тәрізді көзге көрінетін зат біткенді аңдатқызатын күш пайда болады. Сезімнің пайда болуымен бірге адамда сезімдік аппарат пайда болады. Оның өзінің туйсінген нәрсесін ұнатуға немесе ұнатпауға мәжбүр ететін осы аппарат. Сонан соң оның бойымен екінші күш бітеді, осы күш ол түйсінген, әсер алған нәрсенің сезімдік байқау әсері көзден ғайып болғаннан кейінгі жерде жадында сақтайды; бұл- қиялдау күші. Мұның өзі түйсік біткенді өзара біріктіреді немесе әр алуан үйлесімдер мен жіктерге бөледі, біреулері- жалған, екінші біреулері-ақиқат, сонымен қатар бұл күш қиялдағы нәрсеге ынтыққан талапты демеуші болады. Ақырында, оның бойында ойлау күші болады, осы арқылы ол интеллектің пайымдағыш объектілерін аңғарады, сұлулықты сұмпайылықтан айырады, сөйтіп өнер мен ғылцымға ие болады. Бұл күш те пайымдалатын нәрсеге ынтыққан талапты демеуші болады. Ойлаушы күшті алатын болсақ, басқа мүшелерде оның өз түріндегі қоректендіруші немесе қызмент етуші күштері жоқ. Бәрінен бұрын ол барлық басқа күштергое үстемдік жүргізеді, ал бұрын қиялдау күштері бола ма, әр түрлі негізгі күштер бола ма, яғни ішіндеүстемдік етүшілері де, бағыныштылары да бар күштер бола ма, бәрі бір. Ойлаушы күш қиялдау күші мен сезімдік күш пен қоректеніргіш күш сияқты үстем күштерді билеп төстейді.әлденендей зат жөніндегі білім не ойлаушы күш арқылы, не қиял арқылы, не түйсік арқылы жинақталмақ. Егер түйсінілетін затты интеллект күші арқылы танып білсем деген тілегің болса, оны жүзеге асырушы әрекет парасатты жан жүйесіндегі екінші күштің көрінісі болмақ; ал мұның өзі-интеллектіні, елесті, түс көруді, ой толғауын және тұжырымды пікір туғызатын парасатты күш. Ал егер түйсінілетін нәрсені түйсік арқылы танып білсем деген тілегің болса, осы тілекті жүзеге асыратын нәрсе тән мен психикаәрекеттерінің көрінісі болмақ. Мәселен затты көргіміз келгенде, біз қабағымызды көтеріп,назарымызды өзіміз көргіміз келген сол затқа аударамыз; егер зат қашық жатса, біз соған қарай жақындаймыз; егер оны бізгекөлегейлеп тұрған бөгет болса, біз бұл бөгеттіқолымызбен алып тастаймыз. Бұл қимылдардың бәрі- тәнніңқимылдары, ал түйсік дегеніміз, өзінен-өзі, психикалық ірекет болып табылады. Барлық сезім атаулары да осылай. Ақырында, әлденендей бір затты түйсінгісі келген адам бұл ниетіне әр түрлі амалмен жетеді. Мәселенқалаған немесе күткен затын әйтеуір бір жолмен ұғынып алу үшін, яки өткен кездегі бір затты түсіну үшін, не болмаса қиялдағыш күш арқылы бейнелеген затты білу үшін ол әуелі қиялдағыш күшін іске қосады, бұдан соң қорқыныш немесе үміт объектісі ретінде әлденендей затты түйсіну арқылы қиялдағыш күшке жеткізілген нәрсе көңілге тоқылады, немесе ойлаушы күш арқылы танылған нәрсе сонан кейін барып тоқылады. Жан жүйесінің күштері немесе қабілеттері міне осындай... Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етді, осы қауымдағы адамдардың әр қайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. ҚОРЫТЫНДЫ Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило¬софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетті. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Мета¬физика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған. Мен рефератымда Фарабидің ғылыми жетістіктерін баяндауда осы жоспарды басшылыққа аламын. Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура¬лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні туралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", 'Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973. Әл-Фара6и. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975. Әл-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. Алматы, 1974. Аль-Фараби. Математические трактаты, А-Ата, 1972. Aль-Фараби. Комментарии к "Алмагесту'" Птолемей. А-Ата, 1975 Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата, 1975. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985. Аль-Фараби. Естественно-математические трактаты. Алма-Ата, 1987. Аль-Фараби. Научное творчество. Сб. статей. М., 1975 А.Кубесов. Математическое наследие аль-Фараби. Алма-Ата, 1974 А.Кубесов. Астрономия в трудах аль-Фараби, Алма-Ата, 1981. А.Кубесов. Педагогические наследие аль-Фараби. Алма-Ата, 1989 А.Кубесов. Педагогические наследие аль-Фараби. Педагогика ғылымы докторлығын алу жөніндегі диссертация, Ташкент, 1990. А.Кобесов. Сөнбес жулдыздар. Алматы, 1973. Қазақэнциклопедиясы.Әл-Фараби. 2 том, 1971. | |
Просмотров: 10533 | Загрузок: 653 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |