Рекламный блок

Здесь может быть ваша реклама!
Главная » 2-КУРС » Философия

Философиялық даналық және адамзат қоғамының дамуы
Размер файла: [42.6 Kb] Формат файла: . 04.08.2013, 13:14
Скачать
Мазмұны

I Кіріспе………………………………………………………..……......….……...3

II Негізгі бөлім...... ………………………………………..…………....…...…4-14
а) Қазақ философиясының даналық үлгісін жасаушы.....................................4-7
ә) Философияның қоғамдық құрылымға көзқарасы.......................................7-10
б) Жырыулар мен ақындар поэзиясындағы даналық және адамзат қоғамының дамуы.................................................................................................................10-14
III Қорытынды.....……………………………………………………….........….15

IV Қолданылған әдебиеттер ………………………...................…………….…16

Кіріспе

Мақсатым: Философиялық даналық және адамзат қоғамының дамуы ұғымын ашу. Осы тақырыпты ашу мақсатында қазақтың ақын жыраулары мен Абай шығармаларын қарастырдым.
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Ақын жыраулар қазынасы ұлттық құндылық, философиялық даналық және адамзат қоғамының даму негізі. Оның жан дүниесіне жақын ұлттық рухтың үнін жеткізетін жырау идеясы елдің тұлғалануы үшін жаратылған күш. Ол қарапайым идеядан ұлттық идеяның өзгешелігін айырып отырмақ. Адам баласының рухани қалыптасуының, әлеуметтенілуінің қозғаушы күші – бұл қажеттілік. Сол қажеттіліктерді жүзеге асыру бағытында адам өзінің тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты жырау ел ішінен қоғам алдына кездейсоқ келетін адам емес, жырауды халыққа ұстаз қылатын оның рухы. Жырау заманалық білімнің иесі. Олардың идеясы ғасырлар бойы халыққа білімнің рухын, ғылымның қызметін түсіндіріп келуде. Сапалы білімге, нағыз ғалымдыққа қол жеткізу үшін адам паймдауды үйренуі қажет. Әр бір жыраудың поэзиясы арқылы ұрпақтың ел тарихын, сол тарихи кеңістіктегі ұлттық интеллигенция өкілдерінің рухани қызметінің бағытын білуі алдымен оның өзін құндылықтарға бағыттайтын нәрсе.
Философияда дамудың ішкі заңдылықтардын, әрбір құбылыстың жоғарғы деңгейдегі көрінісін, әр нәрсенің сапасын белгілейтін «мән» ұғымы. Мәнсіз құбылыс жоқ, құбылыс алдымен адам танымында қалатын, өмір сүріп отыратын білім болғандықтан, оның өмір сүруі, яғни құндылығы мән. Мәннің өмір сүруі немесе мәнді ұғыну және мәнге қол жеткізу үшін алдымен нәрсенің өлшемін анықтай білу қажет. Жыраулардың идеясы негізінен әр бір құбылыстың ақиқатын тану үшін, құндылыққа қол жеткізу мақсатында беріліп отырған өлшем.

Негізгі бөлім

Қазақ халқында философиялық даналық және адамзат қоғамының дамуының негізін қалаған – Абай болды. Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру, философиялық даналық және адамзат қоғамының даму негізі түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананың айқында бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы, пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.
Данышпан ойшыл, өз заманынан озық туған ғұлама ХІХ ғасырдың өзінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні жайлы терең ой түйіп, біртұтас қазақ этносының, ұлысының тұтастығы, оның ұл-қыздарының тағдыр-талабы бірлікте және татулықта болуы жайлы толғанды. Ол қазақ даласына еніп келе жатқан кез келген қоғамның таптық бастауы болады деген догмалық қағидаға қарсы үн көтерді. Бұл қағида бойынша қоғам қарама –қарсы таптардан, қанаушылар мен қаналушылардан ғана тұрады, мұндай жағдайда ұлттық бірлікті іздеуді ақылға сыймайды делінді. Сөйтіп мұның өзі мемлекеттік үстемдік құралы ретінде пролетариат диктатурасы мүддесін туғызды. Осы бір әлеуметтік әділетті, бейбіт және адамгершілікті қоғам құруды мақсат тұту Қазақстанда шексіз қасіретке, байырғы тұрғындардың жаппай қырғынға ұшырауына, зұлматқа әкеп соқтырды. Әрқашан таптық императивтерге, олардың үстемдігіне қарсы болған Абай осыс зобалаңды алдын ала көре білді. Кейінгі күндерге шейін оның рухани мұрасы өз деңгейінде зерттелмеді және бағаланбады. Ақын туындысы қасаң таптық көзқарас негізінде қарастырылды, оның шыққан тегі ақынды кедейшіл немесе жұмысшы жазушылары сапында қарастыру мүлдем жоққа шығарды. Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дуниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым сырлы бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып білуге , қазақ халқының шынайы тарихындағы , тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді.Бүгінде Қазақстан басқа да тәуелсіз елдер сияқты тарихи жол айрықта тұр. Абай өмір сүрген ғасыр ХІХ ғасыр ортасындағы қасіреттен құтылудың жолын нұсқаған Қара сөздері өсиеті мен асыл ойларры бүгінгі ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған осы кезеңде, оның экономикалық, саяси және рухани жағынан шиеленіскен сәтінде де өз мәнін жойған жоқ. Демек, таптық көзқарастан, тоталитарлық идеялогиялық мұраттарынан бастау алған, жалпыадамзаттық құндылықтарды жоққа шығарған дүниетанымдық ұстындарымыздың түбірімен өзгертуіміз керек. Абай философиясының әлеуметтік-мәдени және дүниетанымдық негіздерін саралау, соған сәйкес оның өзіндік дүниетанымдық бағдарын анықтау үшін тарихи материализмнің сыңаржақтылығынан, философиялық дамудың соңғы сатысы саналған маркстік-лениндік ілімнен бас тартқан жөн. Таптық философияны жоққа оның түп-тамырын және тұңғиық сырын ашады. Мұнда қазақ халқының ауыз әдебиеті, жазба мұралары, араб, парсы және түрік мәдениеті, орыс поэзиясы мен прозасы, Еуропа мәдениет, әлеуметтік ғылымдар мен философия маңызды рөл атқарады.Дүниетанымның бұл сан-салалы қайнар көздері қазақтың жаңа ағартушылық философиясының негізін салды. Өз философиясының Батыс пен Шығыс дүниетанымымен қанықтырған Абай алғаш рет қазақтың қоғамдық ой тарихында даму және қозғалыс идеясының мәнін түсінді. Бұл көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың мәдени-шаруашылық нұсқасын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенді, отырықшы және жартылай көшпенді шаруашылық әдістерінің орнын пайымдады, қоғамның рухани , саяси, экономикалық өмірін қатаң сынға алды. Келешекте қазақ этносының даму жолдарын болжап, ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы орны, еңбектің тіршілік көзі ретіндегі маңызы жайлы ойларын халық талқысына салды. Өз халқының тағдыры, ұлттық рухы, бостандығы, мінез-құлқы ұлы ақынды ерте толғандырды. Ол қазақты мақтаныш тұтты және оған көңілі толмай налыды, этностың имандылыққа жетуі жайын ойлап мазаланды. Абай философиясының негізгі мәселесін Батыстағыдай сана мен материаның, болмыс пен ойлаудың арақатынасы түрінде қабылдаған жоқ, бұл оның жалпыадамзаттық көзқарасын айқындап берді. Ол үшін философияның негізгі және басты мәселесі-адам. Бұдан оның философиялық жүйесінің антропологиялық сипатын шынайы адамөз дүниетанымының тірегі еткенін көреміз. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап , толық адам деп қарастырды. Абай үшін адам мәселесі негізгі философиялық мәселе болып табылады, осыдан оның ізденістерінің этикалық бағытынтүсінеміз. Толық, жетілген адам-арлы, адамгершілік қасиеті жоғары, еңбекқор, білімді, сабырлы,иманды,қанағат пен ұятты білетін, танымды, игі жүректі болуға тиіс. Ол өз халқын осыған шақырды,адамдарды өзім деп, жат деп, бай мен кедей деп бөлмеуге, іріткі салмауға, жалпыадамзаттық ізгілікке үндеді. Адамдар арсындағы достық пен сүйіспеншілік –құдай алдында жауап беретін пенде үшін ең басты қасиет. Ол діннің маңызын, әсіресе шариғатты мойындады. Әйтсе де, оның құдайы өз жүрегінде ұялады, түйсік тереңінде болды. Сондықтан да ол діннің мәнін түсінумен, шариғат шарттарын орындаумен шектелмей, тереңдеп жүйелі оқуға ұмтылуды уағыздады.
Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны "Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған.
Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының "Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, "Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам.
Асанқайғы дүниетанымындағы философиялық даналық және адамзат қоғамының дамуы, адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi.
Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: "Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: "Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе "Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.
"Мiнезi жаман адамға, ендi қайтiп жуыспа. Тәуiр көрер кiсiңмен, жалған айтып суыспа”- деген өсиеттi ұстайды. Жырау бiрде: "Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессiз сөз бастама” дейдi. Сөз астарында өзiм болдымдыққа салынып тоқмейiлсiме, жеңiл мiнездiлiкке ерме деген уағыз сарыны аңғарылады.
Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң түрi де, зардабы да көбеймек. Ғарiптiк — заман ағысы адамзат тiршiлiгiне ыңғайсыз жағдайда дерт болып асқындамақ. Бiрақ ақын заманды құрастырушы мен билеушiлердiң мiнез-құлқын, iс-әрекетiн сынап мiнедi. Адамын тану арқылы ақын заманды тануға, заманның ағымын пайымдауға талпынды. Мұраты биiк адам мен ұрпақ қана заманды өз талаптарына сай дұрыстауға ықылас-ынта бiлдiредi.
Асанқайғы — экологиялық тәрбие төңiрегiнде сөз қозғаған қазақтың тұңғыш ойшылдарының бiрегейi. Оның толғауларында қазақ даласының сұлулығы, жер байлығы, аң-құстар тыныс-тiршiлiгi, олардың географиялық мекен-жай күйi тiлге тиек болады. "Аққу құстың төресi, ен жайлап көлде жүредi” деген шумақтан, сұлулық сүйкiмдiлiктi ұштайтынын пайымдаймыз. Көркемдiктiң жан семiртетiнiн, сүйкiмдiлiктiң тән тазалығына еритiнiн "Бұл заманда не ғарiп” деген өлеңiнен аңғарамыз. Жыраудың "Иiс майын жамандап, жұпар қайдан табасың? Көлдiң суын жамандап, Едiл қайдан табасың?” дегенi, атамекендi ардақтай бiлуге шақырғанындай.
Жыраулардың руханиятында ел мүддесінің болашақ тағдыры тұрғысында көтерілген идеялар ел мен ата мекеннің, аға ұрпақ буынның рухани бейнесін тарихи тұрғыда анықтап отыратын шындық. «Қазақтың – деп жазады Х. Досмұхамедов, - жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады». Дүниетаным шексіз, шекарасы жоқ рухани әлем. Адам бар жерде дүниені тану, қабылдау, сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану мен қатар игеру, яғни дүниетанымдық құндылықтардың өмір сүрері анық. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда оның ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік кеңістігін өздерінің рухани кітапханаларында сақтап қалған. Сонымен қатар жырауларымыздың философиясының мазмұнын зерделеген сайын, сол дәуірде ел, жеке адам, жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойланған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады. Әрине тарихымызда тұлға феноменінің тарихи шындығын, қалыптасу ерекшелігін анықтайтын дерек көп. Жырау феномені арқылы дүниетанымдық өрісін кеңейтіп, рухани тереңдігін сақтап келген қазақ философиясының болмыс бітімі де байыппен қараған адамға күрделі құбылыс ақиқатын танытары сөзсіз. Бұның ішінде көзге бірінші көрінетін нәрсе «ұлттық рух», «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық зиялылық» ұғымдарының бірінің мәнін бірі толықтырып және адам болмысының рухани ерекшеліктерін зерттеуде үлкен тарихи тәжірибе мен білім көзіне айналып отыратындығы. Еліміздің өткен жолында бойына біткен бар рухани мүмкіндігін ұлттық мүддеге қызмет ету үшін шыңдаған даналардың «Қазақ идеясы» бағытында дүниеге келген идеяларының дербес рухы жөнінде алаш ғалымдары өз зерттеулерінде былай деп жазады: «Халық әдебиетін тудырушы және сақтаушы қазақ халқының өзі болғанымен, халық творчествосын жарқыратып көрсетушілер: өлеңшілер, халықтың суырып салма ақындар және халық билері.
Шешендік пен өз ойын ырғақ әуенмен жеткізу қабілеті, күллі қазақ халқына тән қасиет, бұл тұрғыдан әсіресе өлеңші, ақын халық билері ерекше көзге түседі. Қалың бұқара арасынан шыққан олар – халық әдебиетінің мән-мазмұны мен тіл тазалығын сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, әрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қазақ халық әдебиетін сақтаушылар».
Қоғамның рухани жағынан жетілуінің негізі ұлттық мүддеге қызмет етіп отыратын ұлттық идея деп пайымдасақ, қазақ жырауларының «қазақ идеясына» өз үлесін қосуда, адамзат мәдениетінің дамуында тарих пен қоғам кеңістігіндегі құндылықтар бағдарын жүйелеп, жаңа ұрпақ буынның игілігіне икемдеп отыратын тұлғалықтың тағы бір ерекше құбылысын атап өту қажет. Ол халықтың жан дүниесін, рухын даналығы арқылы жетілдіруді көздеген қазақ жырауларының ақиқатқа адал, шындыққа еркіндігі. Қазақ ұғымында турашыл білікті және кез-келген білімді адам естінің өсиетін ұғып, яғни елдіктің заңына бағынған адам түсінігінде адамның бәрі шынайылығымен бауыр.
Жыраудың ханға айтқан тура сөзі кім-кімге де зиялы кеңес. Бұл ұлт интеллектуалының қалыптасуының тарихи мысалы. Қай елдің философиясы болмасын, олардың ұлттық идеялық негізде қалыптасуына себеп болған ұлттық поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған ой. Жекелеген адамдардың ұлттық өнерінің бойында бар идеялар, халықтың ішінен зиялылардың ел алдына шығуына, елге кәсіби білім бағытында қызмет етуіне жетекші болғандығы көпшілікке аян. Сол сияқты «жыр рухына» кездейсоқ қарау мүмкін емес, әсіресе қазақ елі үшін жыр ұлттық идеяның терең арнасы. Ел мүдесіне, ұрпақ игілігіне ауадай қажет барлық құндылықтарды сақтап, реттеп, бірі өмір сүру үшін бірінің қажеттілігін сақтап, оны тұтастай ұлттық рухтың қуатына айналдырып отырған осы жыраулар дүниесі. Жыр бейнелі ой, білімді сөз, зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік қасиеттердің өрісі, тұлғалық көзқарас, сезімталдық, ұлы мақсат, ұлттық мұрат. Осы құндылықтардың танымдық негіздері, құндылықтың бағдары жыраулар даналығының негізгі тақырыбы.
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы, ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақ жырауларының зиялылығы осы ұлттық идеяның құбылысы мен қалыптасу заңдылықары арқылы тереңдей түспек.
Жыр қазақ хандығы құрылғанға дейінде қазақ топырағында өмір сүрген, ал қазақ хандығы құрылған уақыттан бермен қарай «қазақ идеясы» өзінің өкіліндерін ұлт мәдениетінің сахынасына шығарды. Асанқайғыдан бастап кешегі Қайрат Рысқұлбековтерге дейін жетіп отырған жыраулар идеясының рухы әлі де ұлттық идеямыздың жандануына бағыт бағдар берері сөзсіз. Ол үшін қазақ идеясының тарихи кеңістіктегі таралымын осы жыраулар даналығы арқылы зерделеу қажет.
Өзінің экзистенциалдық идеяларымен «Асан Қайғы» атанған ғұлама, бүгінгі ұрпаққа кісіліктің үлгісін қалдырып отыр. Оның бізге жетіп отырған дүниелері оның ұлттық мемлекетті дамыту жолында «Қазақ идеясын» қалыптастыруға аянбай қызмет еткен тұлға екендігін көрсетеді.
Елдің рухани тұрмысын сақтап қалу оңай іс емес. Асан қайғыдан бастау алған «Қазақ идеясының» дамуындағы жыраулар философиясының феномені ұлттық санамыздың ішінде, олардың елдің қоныстануы жөніндегі идеяларының маңыздылығы арқылы сақталып қала бермек. Олардың ұғымында елді сақтау үшін, жерді дұрыс пайдалана білу қажет. Жер ұрпаққа мұра боп қалу үшін онда елдің қоныстануы қажет және де халықтың шаруашылығы еркін дамуы қажет. Ұлттық қажеттіліктерді жүзеге асыру мәселесіне теориялық жағынан терең мән берген қазақ жырауларының идеялары, дәстүрлі қазақ қоғамының сонау көне түркілерден бері қалыптасқан болмысының бұзылмауына ықпал етті. Тарихтан белгілі жерді, елді қорғау халқыңа адал болу ұрпақтың азаматтылығына тәуелді. Бір елдің өркениеттілігін мойындау үшін де, алдымен сол ел жұртының өркениеттілкке қалай қол жеткізгендігін білу қажет. Демек елдің өркениеттілігі түсінігі, сол қоғамдағы азаматтық мүмкіндік туралы идеяның жүзеге асу деңгейін салмақтай түспек.
Әр адамның қоғамда ұлт өкілі орнында өмір сүруіне бағыт-бағдар беретін өз табиғаты бар. Ол не нәрсе? Жырауларымыздың идеяларына сүйенсек, адам бойындағы тектіліктің болуы үшін интеллектуалдық орта қалыптасуы қажет. «Жалғыз ағаш орман емес, сол секілді жалғыз адамда тегістей елге қорған емес» - деген билер даналығындағы өсиет осы шындықтан қалса керек. Адам зиялылыққа қол жеткізуі үшін, оның алдымен өз рухына қамқор болатын бойындағы қасиеттердің көзін ашуы қажет.
Тарихи - философиялық әдебиеттерде, интеллигенция не істеу қажет? - деген сауалға көбірек көңіл бөлініп жатады. Қазақ жырауларының ұғымында әр адам өзінің кісілік рухына адал болса, өз ісінің зиялысы. Тұлғалық адамнан талап етілетін қасиет. Сол себептен зиялылық адам санасында не істеу керек деген сауалдан емес, бірлікке ұмтылыстан, елдікті ұғынудан, құрметтеуден туындайтын қасиет.
Кейінгі ұрпаққа айтып кеткен Асанқайғы даналығының мазмұны осындай. Бұл жоғарыда айтып отырғанымыздай «Қазақ идеясының» қазақ тұлғаларының тарапынан салмақты зерделеніп, ұлттық болмыстың тұлғалану жолында өз деңгейінде ұстаздық қызмет атқарып, бірнеше ғасырды артқа тастап, бүгінгі бізге терең философиялық дүние ретінде жетіп отыруының бірден бір дерегі.
Жыр да, оның иесі жырау да бір ғасырда қалыптасып, рухы биік шоғыры мен бір уақытта жойылатын зат емес. Жыр ұлттық идеяның өскен үлкен бәйтерегі, ұлттық рухтың қалың орманы. Сол себептен жырдың рухына ұрпақ рухы жақын келсе ол қайтадан күшіне енбек. Бұны не себептен айтып отырмыз? Қазақ жырауларының философиясы олардың ұлттық идея тұрғысындағы даналығы, ұлттық мүдде тұрғысындағы қызметтерінің тарихи кеңістігі негізінде әлі толықтай зерттеліп болған жоқ. Жыраулардың философиясының феноменін ашу-бұл қазақ идеясының тарихи қалыптасу негіздерін жарыққа шығару мен тең. Себебі жырау даналығы - тарихи із.
Ұрпақ ұлттық рухпен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын ол өзінің адамдық бейнесін ішкі рухпен қаруландырмақ. Ұлттың негізгі құндылығы ұрпақ болғандықтан ұлттық идея ұрпақ рухына қызмет етуден алшақ кетпейді. Жырауларымыздың «Ел-Жұрт» идеясының мақсаты ұрпақ санасында қазақтың әлеуметтік өмір этикасы мен эстетикасының болмысын сақтап отыру. Осы бағытта қазақ жырауларының тағы бір бағыттағы ой толғамдары ұлттық мүддеге бағытталды.
Қазақ ұлты жердің қадірін оның құнарымен бағалаған, жердің құнарының адамға берер қуатын философиялық деңгейде пайымдаған. Жыраулар философиясындағы жердің құнары туралы ой толғамдар ұлттық рухты көтерудің мәселесіне де айналған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ жыраулары поэзия өнерінің ғана емес, ел тұрымысының болмыс бітімін ғылыми негізде пайымдай білген, ұлт экономикасын жетілдірудің техникасы мен технологиясын жобалаған ғұламар.
Қазақтың ұлы ақыны, философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік көзқарастарының орны ерекше. Оның әрбір поэмалары, қара сөздері, өлеңдері мен аудармаларының негізгі мәнін тереңінен түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халық тағдыры мен арманын ұғынамыз. Сол арқылы қазіргі кезеңді, кешегі мен бүгінді, болашағымызды айқындай аламыз.
Ұлы Абай өзінің бірінші қара сөзінде: «қалған өмірімді қайтып өткіземін», - дей келе, «ел», «мал», «ғылым», «дін», «бала» бағамын ба?», - деп сауал тастайды. Ақыры: «...ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын...» - дейді. Енді ақын қара сөздеріндегі үгіт-насихаттық сипаты мол ой-толғамдарына тоқталайық.
Үшінші қара сөзінде: «...Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді...» - дейді. Бұл ақын дәуірінде демократиялық құндылықтардың қалыптасқандығын көрсетумен қатар, ол сол заманның өзінде бүгінгі күндегідей сайлау науқаны барысындағы кандидаттардың жағымды имидж қалыптастырудағы қимылдарын еске түсіреді. Болыстыққа түсерде қазіргідей өзіндік технологиялар жүргізу кезеңінде сол заманның өзінде-ақ білімді болуының негізгі алғышарт екендігін көрсетеді.
Сегізінші қара сөзінде: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді...» - дейді. Ақын бұл пікірі арқылы екеуінің өз заманында өздерін үздік кісі, біреуге үлгі беріп, ақыл айтуға сайланғанбыз деп шектейтіндігін, байлар үшін адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білімнің малдан қымбат еместігін қынжыла баяндайды. Қоғамдық дамудың негізгі құндылықтарын олардың бұлай бағалауы кедейлердің ой-пікіріне ықпал етіп, білім, ғылым, ақылды керек етпейтіндігіне көңілі толмайды. Десек те, бүгінгі күнде халықтың санасында мұндай көзқарастардың қалып қойғандығы жасырын емес.
Абайдың ақылды кісі мен ақылсыз кісінің парқын айқындауы (он бесінші қара сөз), қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің өнерлерін айтысып, таласып ғылымға жүгінуі (он жетінші қара сөз) секілді ойлары ақылдылық пен ғылымның жоғарылығын дәлелдейді. Ғылымның қоршаған әлемді объективті бағыттарын жүйелендіретін адамзаттың ерекше дүниетанымдық қызметі екендігін көрсетеді. Бұл қызметтің негізі болып мәліметтерді жинау, оларды жүйелендіру, жаңа ілімді сараптау мен синтездеуде жатыр. Ғылым бақыланатын табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды суреттеп қана қоймай, болжамдар жасауға септігін тигізеді. Сондықтан Абай шығармашылығынан болжам жасау үлгісін байқаймыз.
Сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, Ясауидің атақты төрт шәкіртінің бірі, халық арасында «Әкім ата» деген атпен белгілі Сүлеймен Бақырғани сопылық поэзияны жалғастырып, діни хикметтер жазған және ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған.
Сүлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары сопылық ағым қағидалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру. Шығарманы ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады
М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазған «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегі Орталық Азия өркениетінің тарихы бойынша маңызды дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тайпаларының мұсылман әлеміндегі ірі әскери-саяси жетістіктері дәуірінде жазылды. Сондықтан түрік тайпаларының тілі мен мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетіп қана қоймай, оны насихаттау ретінде бұл еңбек өз жемісін берді. Еңбек мазмұнына, әсіресе, оның алғы сөзінде Аббасид халифы әл-Мұқтадиға жазылған арнауына қарағанда, ол сол кезеңде рухани беделі мол басшы болғандығын көрсетеді.
М. Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегін жазу барысында сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесін, ойтанымын сан алуан өзіндік сипатын әр жақты қамтып және негізгі материалдарын бес салаға бөліп қарастырған.
Әбу Насыр әл-Фараби – философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист; логика және музыка зерттеушісі; әлемнің екінші ұстазы
Әл-Фараби «Қайырымды қала» атты еңбегінде «адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді» деп тұжырымдай келіп, Қайырымды қаланың келбетін аша түсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған қалаларды классификациялап бөледі. Қайырымды қалада алдарына іс-әрекеттің өзара жәрдем көрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана бақытқа жете алады. Әл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық, философиялық даналық және адамзат қоғамының дамуы жолы ерекше дейді..
Азамзат қоғамдық жүйенің дамуына көптеген факторлар ықпал ететіні белгілі. Олардың арасында жеткілікті түрде интеграция мен тұрақтылықтың жоғарғы деңгейіне жеткізетін, қоғамда қалыптасқан жалпы саяси білім мен құндылықтарды реттейтін индивидтерді әлеуметтендірудің орны ерекше. Саяси ғылымдарда әлеуметтендіру түсінігі көп жағдайда екі аспектте зерттеледі. Біріншіден, саяси әлеуметтендіру теориясы саяси ортадағы индивидтерді әлеуметтендіруді суреттейді және түсінігін береді. Екіншіден, саяси теорияда саяси әлеуметтендіру ғылыми негізде толық қалыптасқан ұғым. Көптеген саясаттанушылар бірінші түсінікті қолдай келе, саяси әлеуметтендіру терминін саяси көзқарастар, идеялар мен нормалар процесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп түсіндіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтак территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ-шафрат болатын.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын, философиялық даналық және адамзат қоғамының даму негізін тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан философиялық даналық және адамзат қоғамының даму негізін, ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.

Қоданылған әдебиеттер

1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭжБИ 2007
2. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
3. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .
4. Философиялық сөздік. --/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
5. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
6. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.

Сайттар
www.google.kz
www.yandex.kz
www.alash.kz









Категория: Философия | Добавил: Maxo
Просмотров: 4871 | Загрузок: 453 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

наш опрос

Что больше нужен для сайта?

Всего проголосовало: 375

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0