Рекламный блок

Здесь может быть ваша реклама!
Главная » 2-КУРС » Философия

Ислам конференциясы
Размер файла: [97.5 Kb] Формат файла: . 04.08.2013, 12:19
Скачать
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………………2
Негізгі бөлім
Қазақстан және Ислам Конференциясы Ұйымы: Бүгіні мен ертеңі….........3
Қазақстан және Ислам Конференциясы Ұйымы……………………………7
Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.8

Қорытынды……………………………………………………………………11
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..12

Кіріспе
Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар әлемде орын алып жатқан мәселелерді шешуде тек мемлекеттерге емес, сондай-ақ, барша әлемдік тәртіпке өз септігін тигізе алатындай маңызды рөлге ие болып отыр. Олардың құзырына мемлекеттер арасындағы тиімді халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту сияқты бастамалар кіреді. Сондықтан, Қазақстан үшін соңғы жылдары халықаралық пішіндегі бастамаларына қолдау табу және оларды алға тарту өзекті болып отыр. Бұл бағытта біз әлемдік деңгейде серіктес тауып, 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығын жүзеге асырдық. Асырып қана қоймай, алдымыздағы жылдың 1-2 желтоқсанында осы Ұйымның Саммитін өткіземіз. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі бұдан кейін де өсіп, 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) төрағалық етуге дайындалудамыз. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе.
Өйткені, Ислам Конференциясы Ұйымы ислам әлемінің басты үкіметаралық органы ретінде әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр. ИКҰ бүгінгі күні Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка континенттерінен 1,5 миллиардтан астам тұрғыны бар 57 мемлекетті біріктіре отырып, БҰҰ-дан кейінгі ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Бұл ұйым 1969 жылы құрылған уақытынан бастап барлық мүше мемлекеттердің саяси мәселелерімен қатар, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени сипаттағы түрлі мәселелерді шешумен айналысып келеді.

Қазақстан және Ислам Конференциясы Ұйымы: Бүгіні мен ертеңі

Ұйымның ұстанған негізгі мақсаты – мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану, қасиетті жерлерді қорғау және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақтастықты бекіту.
Трансаймақтық деңгейде ХХ ғасырда дами бастаған мұсылман мемлекеттерінің ынтымақтастығы бүгінгі күнде жоғары деңгейде жүргізілуде.
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастық қарым-қатынастары еліміздің ұйымға мүше болып кіруінен бері дамып келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет бола тұрса да, бүгінгі таңда ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Еліміздің тарихы мен рухани мәдениеті мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас әрі тамырлас болып келгендігі тарихи шындық. 1995 жылдан бері ИКҰ-ның мүшесі ретінде Қазақстан бұл ұйымның іс-шараларына белсене араласып, оның әлемдік қоғамдастық алдындағы беделінің өсуі мен ислам әлемінің абыройлы форумы ретінде бұдан былай да нығая беруіне атса­лысып келеді.
Сауд Арабиясының Мекке қаласында 2005 жылғы 7-8 желтоқсанда Сауд Арабиясының королі Абдалла бен Әбдел Әзиздің бастамасымен ИКҰ-ның саммиті өтті, оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары да қатысты. Бұл саммит өтерден бұрын ислам әлемінің ғалымдары мен ойшылдары мұсылман қоғамдастығының алдында тұрған жаһандық мәселелерді талқылап, мә­дени, саяси, төніп тұрған қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Осы ұсыныстарды ескере келе, саммит барысында ИКҰ қызметінің 2006-2016 жылдарға арналған 10 жылдық жоспары қабылданды. Сонымен қатар, бұл жоспарда толеранттылық құндылықтарын бекіту, экстремизм мен зорлық-зомбылықтан бас тарту және терроризммен күресу сияқты маңызды мәселелер айқындалды.

Сондай-ақ, кедейшілік, сауатсыздық, аштық көп орын алған Африка елдерінің мәселелеріне тиісінше назар аудару қажеттігі айтылды. Қазақстан ұсынысымен жоспарға бұл мемлекеттерге экология саласында және қаражаттық көмек көрсету қажеттігі туралы, сонымен қатар, өркениеттер үнқатысуы шеңберінде дінаралық үнқатысуды дамыту және қолдау туралы ережелер кірді. Сонымен бірге, республикамыздың экологиялық зардапқа ұшыраған аймақтарына (Арал теңізі мен Семей полигоны аймағы) қатысты мәселелерді қарастыру сияқты бастамалары осы ұйым тарапынан қызу қолдау тапқанын айта кету қажет.

Қазақстан ИКҰ аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша Ислам Даму банкі (ИДБ) және түрлі саладағы консалтингтік және қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлуде. ИДБ ИКҰ жанынан құрылған халықаралық қаржылық институт болып табылады. Шариғат қағидаларына негізделген бұл банктің қызметі мемлекеттердің, мұсылман қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған. Бүгінгі күнде банктің акционерлік капиталы 42 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның жылдар бойы орнатқан дипломатиялық қарым-қатынастары арқасында 1997 жылы Алматы қаласында ИДБ-нің аймақтық бөлімін ашу туралы шешім Қазақстанның Ислам Даму банкімен әрі қарайғы ынтымақтастық қарым-қатынасына ерекше мәртебе берді. Сонымен қатар, жеке секторды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ислам корпорациясына кірді. Бұл Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік берді.

Ал 2003 жылы оңтүстік астанамызда 55 мемлекеттен 600 делегат қатысқан Банк жетекшілері кеңесінің 28-ші отырысы өткізіліп, ортақ жобалар жүзеге асырыла бастады. Бұл отырыс ТМД елдеріндегі ИКҰ мен ИДБ өткізген алғашқы жоғары деңгейлі іс-шаралардың бірі болды. ИДБ-нің президенті М.Алимен болған кездесуде Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстанның экономикасын индустрияландыру жоспарын жүзеге асыруда ИДБ-ге үлкен үміт артатындығын атап өтті. Осылайша, ИДБ-нің ауылшаруашылық және инфрақұрылымдық салалар­дағы жобалар кірген Алматы – Гүлшат автожолы, Қарағанды – Астана жолының жөндеу жұмысы, Сызғанов атындағы Хирургия орталығына қаржылық үлес, Қазақ гуманитарлық заң университетінің жаңа ғимаратының салынуы сияқты 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламалары қолға алынды.

Қазақстан ИДБ-мен қарым-қатынасы шеңберінде өз ауқымын кеңейтіп, араб экономикалық дамуының Кувейт қоры, Сауд даму қоры және Абу Даби даму қоры, тағы басқа да араб қаржы құрылымдарымен ынтымақтастық орнатуға қол жеткізді. Мұндай қадамдардың, әрине, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік жағдайын жаңа деңгейге көтеріп, ілгері басуына өз үлесін қосатындығы сөзсіз.

Мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту халықтың рухани деңгейін, білім мен ғылым саласын дамытуға да кең жол ашпақ. ИКҰ-мен эко­номикалық ынтымақтастықта білім беру, мәдениет, ғылым және технология салаларындағы байланыстарды дамыту маңызды болып табылады. ИКҰ-ның арнайы Білім беру, ғылым және мәдениет бойынша ұйымының (ИСЕСКО) қызметі мүше мемлекеттер арасында білім беру жүйесін жетілдіру, жаңа технологияларды пайдалану, ислам құндылықтары мен мәдениетін дамыту істеріне бағытталған.

Қазақстанның ИСЕСКО-мен ынтымақтастық қарым-қатынасын жүргізуге ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясы өкілетті. Еліміз ұйымның ИСЕСКО Ұлттық комиссияларының оқу семинарлары, ИСЕСКО-ның Бас конференциясы мен Атқару кеңесінің сессиялары сияқты барлық маңызды іс-шараларына қатысып келеді. ИСЕСКО-мен тығыз байланыс орнату Қазақстанға мәдени мұра ес­керткіштерін қалпына келтіру мен сақтау, ислам әлемінің тарих және мәдениет, тіл дамыту салаларындағы зерттеулері бойынша тәжірибе алмасу сияқты ұлттық жобаларды жүзеге асыруға кеңінен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ислам әлемі мен Қазақстан алдында маңызды мәселелердің бірі – бейбітшілікті сүюге, төзімділік пен шыдамдылыққа баулитын шынайы ислам құндылықтарын халыққа жеткізіп, болашақ ұрпақты осы қағидатта тәрбиелеу мақсаты тұр.

Қазақстанның гуманитарлық саладағы маңызды жетістіктерінің бірі – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету. Яғни, діндер мен халықтар арасында үнқатысуды дамыту уақыт талабы болып отыр. Қазақстан үшін толеранттылық қағидаты – саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қағидат болып саналады.

Мінеки, Қазақстанның ИКҰ шеңберіндегі осындай қызметі мен іс-шараларын қарастыра келе, Қазақстанның 2011 жылы ИКҰ СІМК-ға төраға ретінде сайлануы мұсылман қоғамдастығы тарапынан елімізге көрсетілген үлкен сенім мен атқарып келе жатқан қызметімізге жоғары баға болып табылады деп ойлаймыз. Алдағы төрағалыққа дайындық жұмысына ерекше жауапкершілікпен қарай келе, бұл іс-шараның биылғы жылғы ЕҚЫҰ төрағалығынан кейінгі еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының биік шыңы болатынына кәміл сенеміз.

Еуропаның күретамырына айналған ЕҚЫҰ-ға алғаш мұсылман елі – Қазақстанның төрағалық етуін мұсылман қоғамдастығы жаһандану заманындағы ортақ жетістік деп бағалады. Әсіресе, ксенофобия мен исламофобия, нәсілдік кемсітушілік нашақорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша ИКҰ мен ЕҚЫҰ арасында кеңінен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік туып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміз осы беделді еуропалық Ұйымға жетекшілігін ИКҰ-мен, яғни ислам әлемімен ынтымақтастық орнату үшін барынша тиімді пайдалануы тиіс.

Осылайша Қазақстан Батыс пен Шығыс өркениеттерінің де бір арнада дамуына мүмкіндік жасап, халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін нығайта отырып, оны бұдан да биік тұғырға көтере беретініне сенімдіміз.

Ұйымның басты көздеген мақсаты да сол, яғни мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдетіп, олардың табиғи байлықтары мен адами құндылықтарын өз елдерінің мүдделеріне жұмсау қажеттілігін ескерту, тұрақты дамумен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан және Ислам Конференциясы Ұйымы
Ең алғаш Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылы 25 қыркүйек айында мұсылман мемлекеттерінің қолдауымен құрылды. Аталған Ұйымға бүгінде 57 мемлекет мүше болып отыр. Ресей Федерациясы, Босния мен Герцоговина, Тайланд елдері бақылаушы ретінде қатысады. Сауд Арабиясының Джидда қаласында Ұйымның негізгі штаб-пәтері орналасқан. Ұйым қасынан жұмыс істейтін органдар мен құрылымдар бар. Яғни Ислам даму банкі, Ислам ақпарат агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөніндегі ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және басқалары қызмет жасайды. Мұсылман елдер арасындағы тыныштық пен бейбітшілікті сақтау барысында бірлесіп қызмет ететін Ұйымға Қазақстан халқы 1995 жылы мүше болды. Мұсылман мемлекеті саналатын Қазақстанның мүшелігін Ислам Ұйымы жақсы қабылдап, қоғамдастықтың ажырамас мүшесі ретінде жақын қарым-қатынас ұстанды.
Қазақстан делегациялары Ислам Конференциясы Ұйымының барлық беделді шараларына қатысқан болатын. 1997 жылы желтоқсан айында Тегеранда өткен 8-ші саммиті, 2000 жылдың қарашасында Доха қаласында ИҚҰ-ның 9-ші саммиті және 2003 жылы қазанда Путраджайяда 10-ші саммит, Сыртқы істер министрлігінің мәслихаттары, 1996 жылы желтоқсанда Бакуда өткен 33-ші СІММ, БҰҰ-ның Бас ассамблеясының жұмыстарының барлығында Қазақстан саяси аренада ат салысып жүрді. 2011 жыл – Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болатын мағынасы тереңде жатқан жылдардың бірі. Бұл Ұйым Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарында мекендейтін 1,5 миллиард мұсылмандарды құрайтын халықаралық форум. ИКҰ мүшелікке қабылданған мемлекеттердің саяси мәселелерімен қатар, әлеуметтік, экономикалық жағынан да шешілмеген түйткілдерін қарастырып отырады. Ұйымның басты көздеген мақсаты да сол, яғни мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдетіп, олардың табиғи байлықтары мен адами құндылықтарын өз елдерінің мүдделеріне жұмсау қажеттілігін ескерту, тұрақты дамумен қамтамасыз ету болып табылады.
Әлемде орын алып жатқан діни қақтығыстар негізінде пайда болған Ұйым қазіргі таңда жұмысын алға жылжытып келеді. Израильдің сионистік топтары Ислам әлемінде қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртегеннен кейін, осы ұйым құрылған еді. Ондағы мақсат – шектен шығып, ел арасындағы ауызбіршілікті бұзатын келеңсіз оқиғаларды болдырмау болатын. Қазіргі таңда Ұйымның Бас хатшысы қызметін Экмеледдин Ихсаноглу атқарады. Мұндай лауазымға ол 2005 жылы Сыртқы істер министрлігі кеңесінің сайлау нәтижесінде тағайындалған еді. 2008 жылы Ұйымның 11-ші саммитінде Э.Ихсаноглудың қызметтік лауазымы қызметін ұзартты. 2007 жылы Қазақстанға іссапармен келген Бас хатшы Елбасы Н. Назарбаевпен кездесіп, «Орталық Азиядағы Ислам өркениеті» деген тақырып төңірегіндегі халықаралық конференцияға қатысып қайтқан болатын. Бас хатшы Қазақстан Республикасы мен Ислам Конференциясы Ұйымының арасындағы іскерлік қарым-қатынасты дамытуда айрықша үлесін қосуда.
Егеменді, зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан – мұсылман елдерінің арасындағы ынтымақтастық пен өркениеттілікті қалыптастыру ұстанымын ұстанған мемлекет. Қазақ елі ежелден бері қарай мұсылман дінін берік ұстанып, өмірлерінің ажырамас бөлігіне айналдырған. Қазақстанның Азия мен ТМД елдерінің арасында тұңғыш рет Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі де мұсылман елдерінің мақтанышын тудырған болатын. Әлемдік кеңістікті қамтып өткен атаулы тарихи жиынды да Қазақстан халқы жақсы деңгейде өткерді. ЕҚЫҰ саммитінде қақтығыс пен шиеленіске бет алдырып жатқан мемлекеттерге қолдау көрсету жағын қарастырған Қазақстан - Ислам Конференциясы Ұйымында діни бағыттар негізінде мәселе жүктемек. Мұсылман елдері саналатын Иран, Ирак, Ауғанстан мемлекеттеріндегі қақтығыстардың күннен-күнге үдеп бара жатқаны барша бауырларымызды ойландыратыны анық. Жаңа ғасырда иықтарына суық қару асынған мұсылман бауырлардың жағдайлары ендігі уақытта Қазақстан басшылық жасайтын ИКҰ жиынында кеңінен талқыланатын болмақ. Үстіміздегі жылда жүзеге асатын, халыққа жаңаша серпін тудыратын ИКҰ жиыны келелі мәселелрді қарастырады деп айтуға болады. Қазіргі уақыттағы Қазақстан – ислам дінінің алғы шарттарына бет бұрған саналы жастарымен мақтана алатын азат ел. Діни сауаттылығы басым, мұсылмандықтың парыздарын мейлінше ұстанатын қазақ халқы үшін алдағы жиын сәтті өтетініне сенімдіміз. Көршілес орналасқан Ресей елінің біраз азаматтары да Ислам дінінің негізіне бет бұрып, хақ дінді қабылдап жатыр. Жер шарында Ислам дінінің мерейі үстемдік құру жағдайында тұрғандықтан, аталған Ұйымның өзіндік беделі мен мағынасы ерекше аталады. Қазақстанның кезекті төрағалығы маңызды жоспарлардың орындалуына айқын жол ашады деген ойдамыз.

Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді
Бүгінгі күні Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка континенттерінен 57 мемлекетті біріктірген әрі БҰҰ-дан кейінгі ең ірі халықаралық ұй¬ым өзінің күн тәртібінде гендерлік теңдік мәселесін де көтереді.

Осы тақырып бүгін Астана қаласында өткен «Қазақстанның Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етуі: гендерлік аспект» халықаралық конференцияда кеңінен талқыланды. Жиында еліміздің жүргізіп келе жатқан гендерлік саясаты сөз болды. Құрамында 1,5 млрд адам бар Ислам Конференциясы ұйымына Қазақстан төраға болған кезде – мұсылман елдері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға және мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени бағыттағы байланыстарды нығайта түсуге септігін тигізуі керек.

Салих Акчай, «Диалог Еуразия» ХҚҚ президенті (Түркия):
- Әлемдік қауіпсіздік, Еуропалық Қауіпсіздік қандай маңызды болса, былай жалпы қару-жарақтан бас тарту қаншалықты қажет болса, әйелдерің рөлі маңызды деп алға шығарғанымыз керекті нәрсе. Сонда біз толық қоғам болуға мүмкіншілік табамыз. Бұл ретте Қазақстан осы мәселені назардан тыс қалдырмай, осындай әлемдік деңгейдегі конференция ұйымдастырып, осындай насихаттағаны елдер арасында қоғамдар арасында үлгі болатын нәрсе деп ойлаймын.

Қазақстан өткен 2010 жылы сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жетті. Оған Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Саммиті нақты дәлел. Еліміздің дипломатиясы биыл да белсенді қызмет етпек.
Ислам Конференциясы Ұйымы үлкендігі жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін екінші орынды иемденетін беделді халықаралық бірлестік.
Оған 57 мемлекет мүше. Штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. 1969 жылы құрылған ұйым жанында Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры сияқты органдар жұмыс істейді. Қазақстан осы ұйымға жетекшілік ету барысында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан жинақтаған тәжірибесін пайдаланары сөзсіз.
Cәкен Есіркепов, “Заманауи саяси зерттеулер институтының” ғылыми қызметкері: – Қазақстанның ИКҰ төрағалық етуі сыртқы саясаттағы оң табыстарының нәтижесі деп есептеуге болады. Халықаралық қауымдастық Қазақстанның осы 20 жылдың ішінде жасаған дипломатиялық жетістіктеріне қарап, осы мүмкіндікті беріп отыр. Жалпы бұл ұйымның әлеуеті өте зор.
Ислам әлемі қазіргі күні біркелкі емес. Бір елдер мұнай мен газдан келіп түскен қаражаттан жылдан-жылға байып жатса, келесілері аштық пен соғыстан зардап шегуде. Бұған қоса ислам экстремизмі, ислам терроризмі деген атпен тұтастай бір әлемдік дінге көлеңке түсіру сияқты теріс пиғылдардың да бар екені жасырын емес. Сол себептен де Қазақстанның төрағалығы осындай аса қиын жағдайлармен тұспа-тұс келіп отыр.
Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик: – Ислам деген дүние жүзінен бөлек өмір сүретін дін емес, ислам елдері бүкіл әлемнен бөлек өмір сүрмейді. Өте тығыз қарым-қатынаста ислам елдері. Осы тығыз қарым-қатынас кезінде дінаралық татулық, дінаралық келісімде Қазақстанның жинақтаған тәжірибесі бар. Қазақстан осы тәжірибесін айтады.
Биыл жазда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуымен үлкен халықаралық жиын өтеді.
Биыл жазда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері, түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері, барлығы 140-қа жуық шетелдік делегациялардың қатысуымен үлкен халықаралық жиын өтеді деп жоспарланып отыр. Осы мәжілісте Ислам елдерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық деңгейдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері қаралады деп күтілуде.
Ғарифолла Есім, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, академик: –
ИКҰ алдында тұрған мәселе өте көп, ең бастысы оған мүше Ислам елдерінің бірін-бірі тыңдауы, түсінуі болып отыр.
Осы қиын мәселе болып отыр. Ол шешілмей ИКҰ-ның әлемге әсері болмайды. Сондықтан Қазақстан осы елдердің бірін-бірі тыңдауы, түсінуіне жұмыс істейді деп ойлаймын.
Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатында Ислам Конференциясы Ұйымының аса маңызды орны бар. Бүгінде жетекші мұсылман мемлекеттері Қазақ елінің төрағалығынан үлкен үміт күтетінін және Қазақстанның даму жолы басқа ислам ұлыстарына үлгі болуы тиіс екенін мәлімдеуде.

Қорытынды
Қорыта келгенде айтатыным бір-ақ нәрсе: жазмыштан озмыш жоқ. Ыбырай атамыз айтқандай «Бір Аллаға сиынып...» істі қолға алуымыз қажет. Мүмкін біздің басшылығымыз бен көптеген мәселелер шешіліп, әділетсіздіктер тоқтатылар. Көптеген жаланың құрбаны болып жазықсыздан жапа шеккен осы мұсылман халықтары Ислам Конференциясы Ұйымына үміт артуда. Және де тағы бір айта кететін жайт, ол қазақ халқының «жарығы батқан күннің арайымен бірдей», жоғалта жаздаған дініне аз да болса қайта келуіне, дінге деген дұрыс көзқарасқа келуіне сеюеп болуы мүмкін.Осы орайда Қазақстан өз міндетін абыроймен ақтарып шығады деген үміттемін.

Қолданылған әдебиеттер
http://www.today.kz/kz/news/kazakhstan/2011-01-05/8505
http://kae.kz/news.php?id=504
http://www.khabar.kz/kaz/politics/Kazakstan_2011_zhili_Islam_Konferencijasi_Ujimina_toragalik_etedi.html
www.egemen.kz









Категория: Философия | Добавил: Maxo
Просмотров: 2154 | Загрузок: 126 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

наш опрос

Оцените мой сайт

Всего проголосовало: 326

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0