Главная » 2-КУРС » Философия |
Размер файла: [86.0 Kb] Формат файла: . | 04.08.2013, 13:06 |
Скачать | |
Ж О С П А Р: 1. Кіріспе бөлім «Мемлекет» сөзінің мағынасы 2. Негізгі бөлім: a) Мемлекеттің функциясы, белгілері мен типтері b) Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет 3. Қорытынды бөлім Қазақстандағы сайлау жүйесі қалай өтеді? Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1. Кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2. Тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімен», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді.Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады.Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз. Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы.Ол-керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ.Ол құлиеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар.Олардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: Теологиялық теория.Оның негізін салушы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді. Патриархтық теория.Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда боуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.Осыған ұқсас идеяны Аристотельде айтқан болатын. Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций,Ж.Ж.Руссо) егеменді әміршісі мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді. «Зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг,Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекетпайда болды деп пайымдады. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын асу үшін деп санайды.Ф.Энгельс мемлекет әрдайым «ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып аладыжәне осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие бола алады» деп жазды. (К.Маркс пен Ф.Энгельс.Шығармалар, 21-том, 171-бет) Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі.Оған барлық халықтың,ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым,құрал ретінде қарайды.Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды оларды саяси жолмен шешу үшін мелекет негізгі әлеуметтәк топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болу керек дейді. Сонымен мемлекет деп белгілібір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. Мемлекеттің функциясы , белгілері мен типтері Мемлекеттің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі функцияларға:өмір сүріп отырған өндіріс тәсілі, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық қызметін реттеу, тәртәп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдени-тәртіп және идеологиялық қызмет жатады.Ал сыртқы функцияларға халықаралық қатынас жасағандағы қызметі,өзінің яғни мемлекеттің мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамаыз ету, басқа мемлекеттермен қалыпты өзара қарым-қатынастарды дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады. Мемлекет белгілі бір теория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополияна ие, сол елдің атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізу құқына, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқына, салық салу құқына ие. Мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі болуы үшін өзіне лайықты сапасы болу міндетті.Ол мынадай үш элементтен тұрады: 1. Мелекеттің жер аумағы 2. Мемлекеттің халқы 3. Мемлекеттік өкімет Мемлекеттің жер аумағы –бұл әлемнің шектелген бір бөлігі, үстемдік етілетін ерекше өңір. Мемлекеттің халқы-бұл ұзақ мерзімге бір жерде орналасқан адамдардың одағы.Бұл арада жердің көлемі мен онда тұратын адамдардың саны шешуші рөл атқармайды. Мемлекеттің типі оның мәніне, шешетін міндеттеріне сәйкес болып отырады.Сондай-ақ мемлекеттің өтпелі типі де болады. Мемлекеттің бірнеше белгілері бар. 1. Аумақтық (территориялық) бөліну.Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандағы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын.Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын.Ер-азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған.Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған. Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жаідай өзгерген.Өндірістің өркендеуі,еңбектің бөлінуі,сауданың өсуі,халықтың көбею ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды.Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды.Соның арқасында олар бір-бірімен араласады.Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда бола бастады. Бұларға басқа ру,тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады.Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды.Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды.Штаттар,губерниялар мен болыстар пайда бола бастайды.Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне деқатысты. 2. Ерекше өкімет аппараты (жария билік).Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап құресі күшейді.Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып,дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек ,оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды.Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер,шенеуніктік аппарат, полиция,сот,барлау,шіркеу,баспасөз және тағы да басқа құралдар арқылы жүзеге асырды.Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған. 3. Мемлекеттің егемендігі. Ол-ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі,дербестігі.Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады.Өзінің аумағындағы барлық адамдарға,ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар. 4. Ашық күш қолдану,зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап,өлім жазасына дейін кесе алады.Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар. 5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекетік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады.Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады.Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болады. 6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болуы үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы болуы керек.Ол халық бірұлтты немесе көпұлтты болуы мүмкін.Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі.Алайда мемлекеттсіз халық болуы мүмкін.Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады.Ал курд халқының әлі күнге дейін мемлекеті жоқ. Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек.Масалы, партияға, кәсіподаққа, сонымен қатар кірсең де, кірмесең де өз еркіңде.Ал мемлекетің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың.Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) өқөыөтық жағынан қорғансыз болып келеді.Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің.Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. Осы көрсетілген белгілер мемекетті басқа ұйым,мекеме, бірлестіктерден ерекшеленеді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады. Ішкі қызметтеріне мыналар жатады: a) Экономика салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы,үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді.Экономиканы нарықпен қатар мемлекетте те реттейді.Оны мемлекеттік тапсырыс,салық,несие,экономикалық бағдарлама және тағы да басқалары арқылы жасайды.Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге тағы да сондай-ақ себептерге қатысады; b) Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады.Халықтың әл-ауқатын өмір деңгейін көтеру,денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен тағы да басқаларымен айналысады; c) Заңдылықты қамтамасыз етеді.Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға,қылмысқа қарсы күресті өрістетуге,әкімшілік зорлыққа жол бермеуге тағы да сондай себептерге басшылық етеді; d) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін,ғылымды,әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сонымен қатар мемлекет бір топтың,тапт ың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады,бюджет саясат жүзеге асырады,қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады. Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: мемлекетің қауіпсіздігі мен тұтастығын қорғау; өзін-зі билеу,егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына,ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау,басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және тағы да басқалары. Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті-қоғамның тұрақтылығын орнатып,қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.Ол әр түрлі топтарға,таптарға,жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі көзқарас бар.Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп,нарықтық қатынастармен байланыстырады.Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған.Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездесеміз.Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс,Ш.Монтескье,Ж.Ж.Руссо ,Т.ейн және тағы да басқалары. Дегенмен, азаматтыө өоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы-Гегель.Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы,әлеуметтік топтарды,таптарды,корпорацияларды,институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастарың жиынтығын айтады.Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.Бұл қоғамда мемлекттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады.Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеген асыруына заң жүзінде кепілдік береді. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады.Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика.Бұр қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз алауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.Мұндай қоғамда адасның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады: ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді; жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенің анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;а адам өзінің қкөзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді; азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады, Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр.Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын.Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйытқы болып отыр.Халықтың сана-сезімі, жүріс- тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ.Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қо жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады.Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы да басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында барлығы тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекетік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.Мұнда мемлекет пен азаматтар өзара жауаптылықта болады.Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идиологияның үстемдігіне жол берілмейді.Адам құқығы биік дәрежеде сақталады.Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады.Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алауындығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды. Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді.Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек. Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске негізгі түріне сайлау жүйесі жатады.Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді.Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады, билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі.Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді. Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады.Жалпы айтқанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыс жүргізу және тағы да басқа шаралар кіреді. Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады.Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді.Оның екі түрі бар: 1. белсенді түрі 2. бәсең түрі Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді.Бәсең (енжар) түрі олардың сайлау құқығын қамтиды.Сайлау құқығында солар реттеледі. Берілген дауысты есептеу тәсәлі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу приципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық және аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді.Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар:абсолютті және салыстырмалы.Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және бір дауыс) алған талапкер сайланады.Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермейді.Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі.Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады.Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады.Мәселен,мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған. Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және оңай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет қалыптастыра алады.Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған.Алайда оның кемшіліктері де бар.Оның ең бастысы-сайлаушылардың қалған 49 пайзының (ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы-ол көпшілік принципіне негізделмейді.Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады.Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді.Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады.Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады.Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді.Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі-сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды. Мажоритарлық және пропорционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас сайлау жүйелері қолданылады.Онда депутаттық мандаттық бір бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді.Ұсақ партиялардың өкілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады.Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттілігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды.Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді. Еліміздің сайлау жүйесіне келсек Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуға құқығы бар.Сайлау жалрыға бірдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысыны, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады. Бәсең сайлау құқығы-Республика азаматтарының Констиуцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы.Мәселен, 1999 жылдың 10 қаңтарында мажоритарлық жүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә.Назарбаев мезгілінен бұрын жетіжылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Еліміздің кәсіби Парламенті тұңғыш рет 1994 жылы 7 наурызда сайланған.Бірақ 1995 жылғы наурыздаКонституциялық Сот оны заңсыз деп, таратып жіберді.1995 жылы жаңа Конституция бойынша екі палаталы Парламент сайланды.Жоғары палата (Сенат) 47 депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын тағайындайды.Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутатан тұрады. 1995 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды.Парламент мүшелерінің бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды. Конституцияда Президенттікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу мерзімінің шегі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа тоған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратынРеспублика азаматы сайланады.Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.Сенат депутаты болып азаматтықта кем дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар,Республикада кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады.Мәслихатдепутаты болып Қазақстан Республикасының 20-ға толған азаматы сайлана алады. Қолданған әдебиеттер тізімі: 1. Д.Жамбылов Саясаттану Алматы Жеті Жарға 2005 жыл 2. Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы Саясаттану негіздері Астана «Елорда» 2000 жыл 3. Саясаттану негіздері Оқу құралы Алматы 1997 жыл | |
Просмотров: 7694 | Загрузок: 421 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |