Главная » 2-КУРС » Философия |
Размер файла: [51.8 Kb] Формат файла: . | 04.08.2013, 13:07 |
Скачать | |
Жоспар 1.Кіріспе................................................................................................3 2.Негізгі бөлім: Уақыт пен өмір...............................................................................4 А.Бергсонның «Шығармашылық талпыныс» ағымы.................8 Ф. Ницшенің моральдық ілімі (өмір философиясы)..................11 3. Қорытынды......................................................................................13 4. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................14 Кіріспе Категориялардың адамның дүниеге қатынасының саналуан формалары екендігі шектілік пен шексіздіктің арақатынасында әсіресе анық алға тартылады. Саналы түрде ме, әлде бисаналық дәрежеде ме, бірақ адамның өз өмірінде көп жағдайда мәңгілік ұмсынатындығы, мәңгілікті аңсайтындығы көрініп жүреді. Тірі тіршіліктің биологиялық өмірдің шектеулі екендігі әрбір ересек адамға мәлім. Биологиялық өмір-өмірдің бастауы, онсыз өмір жоқ. Ол да белгілі. Адамға биологиялық тіршілігінің негізінде басқа да өмір қажет. Биологиялық тіршіліктің тірі жәндіктерге де, адамға да ортақ шексіздігі-ұрпақтың ұрпаққа жалғасуы, әрбір жеке өмірдің өз жекелігімен бірге іс-түссіз жо,алып кетпеуінің кепілі. Әрине, шектілік те, шексіздікте адамнан тыс дүниеде бар, бірақ олар тек адам үшін бағалы не бағасыз, құнды не құнсыз, өмірінің мәні не мәнсіздік, мағынасыздық. Белгілі бір мәнділікке құрылған ғана адам үшін. Неліктен адам өзінің жеке, тек өзіне ғана қажет, бүгінгі, қазіргі, осы сәттегі мұқтаждықтармен күн кеше алмайды. Оны неліктен шексіздік толғантады? Өзі жоқ болғаннан кейінгі болатын нәрселерде оның не жұмысы бар? Көп адамдардың өлімнен, Яғни шектіліктен қорқатын себебі неде? Оның себебін бұрында белгілі дәрежеде айтып өткендей , адамның табиғатының өзі шексіздік, универсалдылық. Күнделікті өмірінде қаншалықты шекті болғанымен ол жан дүниесінде, қиялын да , арманында бүкіл әлемнің тіршілігімен тыныстап жүретіні болады. Көп жағдайда адамның қай өмірінің оның шын өмірі екенін –күнделікті тіршіліктегі күйбеңдерң ме, әлде армандарында, қиялдарында аялайтын мәлдек, екінің бірінде өзіне ғана аян толғаныстары ма-айту қиын. Шын мәңгіліктің аясы –адамдардың рухани дүниесі. Рухани өмірде адам бүкіл әлеммен теңдесе алады. Рухани өмірде адам толық мағынасымен еркін. Рухани дүние адамдардың ең терең, яғни ең шексіз құндылықтар адамның әлеммен, адамдардың өзара үйлесімді қатынас түзеп, соларды дамытудың құндылықтары. Ал олар – ең алдымен әрбір тұлғаның осындай құндылықтарының, мақсаттар мен пиғылдарының шеңберінде шексіз дамуы. Оның осы бағыттағы мағыналы істері, берген үлгілері, өзіндік дербес дамудың соны жолдары басқалардың бәрінеде, келесі ұрпақтарына да ізгілікті әсер етуі мүмкін. Жеке өмірдің шектілігінен адамның шексіздікке аяқ басатын тұсы осы болуы керек. Мұны көптеген ойшылдар айтқан. Түрік дүниесінің ойшылдары әл-Фараби, Баласағуни, Қорқыт-ата, Абай т.б әртүрлі мағына да болса бұл мәселе жөнінде осы ойға ойысады. Адамдық дүниеге көз тігейікші. Онда біз ақындарды кездестіреміз. Олардың жырының нысаны –адамдық дүние. Дүниеде болып жататын оқиғалар ақындардың ой-елегінен өтіп бейнеленеді. Белгілі бір оқиғаларды ақын адамдық дүниенің өзіне тән дүниеден биігірек, біздің жанымызды сол өмірдің өзіндей жаңғыртатын, оны кеңейтеде, биіктете де, алатын жаңа бір реалды дүние түзейтін ақынның жұмбағын біз адамдық дүниенің, оның ең өзіндік белгілерінің поэзиямен қалай тамырлас екендігінашқанда ғана түсіне аламыз. Поэзия тарихын тарихи ғылымға иайналдыра алғанда ғана теория пайда болады ғой. Өмір өтетін сыртқы жағдайлары қай жерде және қай мезгілде екендігіне тәуелсіз таныла алатын жеке тұлғалардың өзара ықпалы. Мен рух туралы ғылымдардағы өмір деген сөзді тек адамдық дүниеге ғана қатысты қолданамын; сол арқылы бұл сөздің қолдану аясы анықталды, яғни оның теріс түсіндірудің жолы кесілді. Өмір дегеніміз тірі жандардың өзара ықпалы. Біздің түсінуіміз бойынша өтуінің басталуы мен аяқталуы бар жанды тәни процесстер тәни қозғалыстардың атомдық дербестігіне сай сырттай бақылаушы үшін өзіне өзі барабар ғой; сонымен қатар осы жанды тәни процесске оның әрбір элементіне басқа элементтерімен үздіксіздікті, өзара байланысты және оның өзі өзіне барабарлықты белгілі бір типтік түрде сезініп толғанудың арқасында саналы байланыс болатындықтан бір ғажайып сипаттары айқындалады. Рух туралы ғылымдардағы өзара ықпал деген сөз ойдың табиғаттағы себептіліктің бір қыры ретінде көретін қатынасты білдірмейді, табиғаттағы танымның табатын себептілігінде қашанда бар. Керісінше, бұл сөздің өзі толғанысты білдіріді; ал бұл соңғы өз кезегінде ұмтылыс пен қарсылықтық қатынасты, қысымды, талапты, басқалар үшін қуанышты т.б. игеріп қабылдаудың көріністері болып тұрады. Ұмтылыс мұнда түсініктемелік психологиядағыдай себептіліктің өзіндік ішкі қуатын белгілемейді; оның мәнісі мазмұнды сезімдік толғану, ол мазмұн тірі мақұлықтарда қалай да болмасын орныққан және сыртқы бір нәтижеге бағытталған әрекеттерді іске асыруға деген талпынысты бастан кешіруді мүмкін етеді. Әртүрлі кісілердің арасындағы өзара ықпалды көрініс табатын толғаныстар осылай туындайды. Сонымен, өмір-тірі тәндерге де қатысты себептілік заңына бағынатын табиғат обьектілерінің өзара білгілі бір байланыстары жағдайында өтіп жататын олардың өзара байланыстарындағы ішьей өзара ықпалдасу. Өмір қашанда және барлық жерде кеңістік пен уақытта айқындалған оқиғаны мүмкін ететіндіәуелді бүтіндіктің өзіне өзі барабарлығын сақтайтын қалпындағы қасиеттерінен бастау алып кеңістік пен уақытта ажырайтын қасиетттеріне абстракциялау жолымен емес, аңдау түрінде тоқталғанда ғана өмір туралы ұғым туады, ал тек сол барлық құрамды формалардың, жүйелердің, біздің толғануларымыздың, ұғынуларымыздың, көрінулеріміздің және салыстырмалы қарастыруларымыздың негізін құрайды. Осындай өмірде бізді тірі немесе организмдік жәндіктер дейтіндерімізде ешбір кездеспейтін оның бүкілжалпы бір қасиеті таңдандырады. Уақытпен өмір барынша тығыз байланысты. Оның тұтастығы да, оған тән ыдырау процесстері де және әр сәттегі өзара байланыс пен бірлігі –бәрі де уақытмен анықталады. Өмір уақытта элементтерінің бүтіндікке қатынасы түрінде, яғни белгілі бір өзара байланыс ретіндегі іске асады. Түсінудегі бірге толғану да осы сипатта берілген. Өмір мен бірге толғагуға элементтерінің бүтінге ерекше қатынасы тән. Бүтін үшін элементтер маңызды. Бұл қатынас әсіресе еске түсіруде анық көрінеді. Кез-*келген өмірлік қатынаста –мейлі ол өз өміріміздің бітіндігінің өзінің өзіне қатынасы болсын, немесе басқа бір бүтіндікке қатынасы болсын,-элементтердің бүтіндік үшін маңызды екндігі үнемі айқын көрінеді. Мен ландшафтға қарап, оны танимын. Ең алдымен бұл қатынастың өмірлік емес тек ақылдық деген жорамалдан бас тарту қадет. Сондықтан, белгілі бір сәт толғануды ландшафтың өмірлік қатынастағы бейнесі деп қабылдауға болмайды. Оны мен әсер деп есептеймін. Шын мағынасында маған тек әсерлер берілген. Әсерлерден ажыраған мендік жоқ және меннен басқа оның шығар көзі де жоқ. Әсерлердің шығар көзін мен құрамын. Өмірдің уақытқа тәуелді жаңа нышаны енді көзге анық көрінеді, ал ол жаңа болғандықтан да өмірдің шегінен шығып кетеді. Өзінің өзгешелігінде өмір табиғатты тануға тіпті жат категорияларментанылады. Және де мұндағы ең шешуші жақ-олар өмірге сырттай таңылатын, ал priori қолданылатын формалар емес, тамырлары өмірдің өзінен туындайтын категориялар екендігі. Бұларда абстрактылық көрініс табатын қатынас -өмірді түсінудің бірден бір ұмтылатын нысанасы бола алатын қатынас. Өмірдің өзі бүтіндік пен оның элементтерінің белгілі бір арақатынасы ғой. Ал егер осы арақатынасты абстрактылы дәрежеде котагораиялармен бөліп алсақ,онда осылай әрекет жасаудың тәсілінің өзі категориялардың сандық шекарасын жетілмегендін , ал олардың қатынастарының логикалық формаға ие бола алмайтындығын көреміз. Маңыздылық, құндылық, мақсат,даму, мұрат ( идеал) –осындай категориялар. Бұл өмір процесстері тек Маңыз категориясының көмегімен түсіндіріледі, атап айтқанда, мысалы, адамзат өміріндегі кез-келген сатысы оның басқа барлық сатылармен тәуелді байланысын білгенде ғана түсінікті болатындығы сияқты өмірдің әр бөлігінің тұтас өмір үшін маңызын түсінгенде ғана жалпы өмір процесстерінің ара байланыстары түсініле алады. Маңыз-өмірді түсінудегі бәрін қамтитын ең жалпы категория. Өзгермелік табиғаттағы танудағы біз құратын обьеектілірге де, өз айқындылықтарында өзін саналайтын өмірге де тән. Тек өз мүмкіндіктерін орындайтын өмірде ғана қазіргі өткенді еске түсіруелестерінде және келешекті өз қиялдарында өз мүмкіндіктеріндегі белсенділігінде өз мақсаттарын қамтиды. Сонымен қазіргі өткенмен толыққан және келешекті өзінде ұстайды. Даму категориясының рух туралы барлық мағынасы осында. Бұл ұғым мақсаттарын іске асыратын жеке адамның, ұлттың, адамзаттың өміріне сырттай қолдануға болады дегенді білдірмейді. Зерттеліп отырған нысанның табиғатыны мұндай қолданыс тура келмейді,оны түбірінен теріске шығару қажет. Ұғым өмірдің өзіне тән қатысты сипаттайды. Онымен бірге форма түзу ұғымы да берілген. Форматүзу өмірге тұтасымен тән қасиет. Егер біз өміргеүңіліңкірей қарасақ, тіпті ең төменгі жандарда да өзінше форматүзу бар екендігін көреміз. Тарихтағы ең көрнекті адамдардың тағдырында форматүзу неғұрлым айқын; ал форматүзу болмайтын ең қарапайым жанның болуы мүмкін емес. Жанның аясында және соның арқасында пайда болған құрылым,оның ішкі байланысы барлық өзгерістер мен өткінші жағдайларды үнемі тұрақты тек осындай қалыпта өмірдің жоғары айтылған қатынастарға сәйкес уақыт үдерісінде өтуі форматүзу болып есептеледі. Сондықтанда да болса осы форматүзу туралы ұғымымыз өмірді маңыз категориясына сүйеніп отырып танығанымызда пайда болады. Маңыз категориясы өмірдің элементтерінің оның түпкі мәніне негізделген бүтіндікке қатынасын көрсетеді. Біз осы өзара байланысқа еске түсіруде болатын өмірдің бұрынғы ағысына шолу жасаудың арқасында ғана иеміз. Онда маңыз өмірді түсінудің формасы ретінде маңыздылық болып қалыптасады. Біз бұрынғының бір сәтінің маңызын түсінеміз. Ол маңызды, өйткені онда әрекет немесе нәтиде арқылы келешекпен байланыс іске асады. Ол маңызды, өйткені онда өмірдің келешектегі бейнесінің жоспары немесе сол өмір бейнесін іске асырудың жоспары берілген. Немесе ол бүкіл жалпы өмір үшін маңызды, өйткені индивид ол өмірге араласып, оның өзіндік мәнділігі бүкіл адамзаттың қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Осындай және де басқа жағдайларда жеке бір сәт өзінің жалпы бүтіндікпен байланысы арқылы , өткен ман келешекті сабақтастыру арқылы маңызға ие болады. Осы өмірдің ауқымындағы элементтер мен бүтіндікті қабыстырудың өзгешелігі неде? Бұл қатынастың бір өзгешелігі-ол ешқашанда түгел іске аса алмайды. Бір жағынан бүтіндікті түгел шолу үшін әр өмірдің аяқталу кезеңін күтсе, яғни оның барлық элементтерінің өзара тәуелділіктерін қамтуға ұмтылса болар еді. Бүкіл маңызын анықтауға қажет материалға ие болу үшін тарихтың да аяқталуын күтсе болар еді. Екінші жағынан, бүтіндік біз үшін тек жеке элементтерінен құралады. Түсіну болса, қарастырудың осы екі жолының ортасында қалықтайды. Өмірдің маңызын біздің түсінуіміз үнемі осы екі тәсілдің арасында ауытқуда болады. Кез-келген өмірлік жоспар- ол өмірдің маңызын түсінудің көрінісі. Мақсат ретінде біздің келешекке бағыштап ұмсынуымыз өткеннің маңызын түсінуді анықтайды. Сөздердің біздің оларға беретін мағынасы, сөйлемдердің белгілі бір мәнісі болатыны сияқты өмір элементтерінің өзара байланыстарынан олардың біршама анық, біршама күңгірт маңызын да құруымызға болады. Маңыз-өмір элеметтерінің оның аясындағы бүтіндікпен арақатынастарының белгілі бір түрі. Бұл маңызды біз сөздердің мағынасын сөйлемде ғана түсінетініміз сияқты ске түсіру мен келешектің мүмкіндіктері арқылы түсінеміз. Маңыздың өзара қатынасының мәні уақытта өмір құрылымының негізінде белгілі бір ортаға тән жағдайда өтетін өмір процесстеріне сай қатынас. Өмірді түсінуге мүмкіндік беретін әрі соның арқасында өмірдің бір өзгеше ағымында жеке бөліктерді тұтас бірлікке келтіруге жол ашатын осындай өзара байланысты тудыратын не нәрсе? Жеке сәттерін ортақ маңызбен біріктіретін тұтастық, ол- толғану. Біреудің өмірінің ең маңызды кезеңдерін іріктегенде жазушы осылай істейді. Тарихшы біреуді көрнекті, ал оның өмірлік тағдырын маңызды деп атайды, белгілі бір шығармалардың немесе адамның өзінің адамзат тағдырына белгілі бір ықпалына қарай ол олардың маңызын таниды. Оның өмірінің жеке бір сәттері оның бүкіл өмірі үшін маңызды: қысқаша айтқанда маңыз категориясы түсінуімен тікелей байланысты. Біз осыны ашуымыз керек. Өмірдің кез келген көрінісінің маңыздылығы бар, өйткені ол белгі сияқты өмірге қатысты бір нәрсені көрсетеді, көрінісретінде басқа бірдеңеге сілтеп тұрады. Ал өмір өзі өздігінде басқа ештеңені көрсетпейді. Өзіне сырт нәрсеге сілтейтіндей онда жіктеліп, оқшаулану жоқ. Ұғымдардың көмегемен біз өмірдегі белгілі бір нәрселерді бөліп алып отырғандықтан оларды өмірдің қайталанбас өзгешелігін бяандау үшін пайдаланамыз. Сол арқылы бүкіл жалпы ұғымдар өмірді түсінуге қызмет етеді. Сонымен мұнда алғышартты негіз бен оған қосылатынға қарай қозғалысының еркін қатынасы бар:жаңа нәрсе формалық түрде алғышарттан шыға салмайды. Керісінше, түсіну түсінілген бір белгіден содан шыға алатын нәрсеге қарай жүреді. Ішкі қатынас болғанды қайталаумен срны толғану мүмкіндігінде берілген. Түсіну сөздер мен олардың мәніс аясымен, белгілердің мәнін жәй іздеумен шектелмей, өмір көріністерініңтереңірек мәнін қарастыратындықтан оның бүкілжалпы тәсілі осындай. Осындай тәсілді тұңғыш Фихте сезген. Өмір бір реалдық нәрселерді көрсететін әуенге ұқсайды. Әуен өмірдің өзіне тән нәрсе. 1. Белгілі бір сөйлемді түсіну үшін маңызды ашудың ең қарапайым түрі. Ондағы әрбір сөздің мағынасы бар, ал олардың бірлігінен сөйлемнің мәні туады. Сонымен әрекеттің амалы мынандай: жеке сөздердің мағынасынан сөйлемді түсіну пайда болады, атап айтқанда, бүтін мен сәттердің арақатынасы бар, соның нәтижесінде бүкіл сөйлем мен жеке сөздердің мүмкіндіктернен мәннің айқынсыздығы шығып отырды. 2. Тап осындай қатынас элементтер мен өмірдің бүтін үдерісі арасында да бар әрі мұнда да бүтінді өмірдің мәнін түсіну маңызынан туындайды. 3. Осындай маңыз бен мәннің қатынасы, ендеше, өмір процесінде де бар: оны құрайтын жеке оқиғалар сезімдік дүниеде сөйлемдегі сөздер сияқты басқа бір нәрсеге қатыстылықты көрсетіп тұрады. Соның арқасында әрбір жеке толғанудың мәнісі бүтіндіктің мәнінде тоғысады. Сөздерді түсіру үшін олардың сөйлемге бірігетіндігі сияқты толғанулардың арақатынастарынан өмір үдерісінің мағынасы ашылады. Тарихта да осы тәрізді. 4. Сонымен маңыз ұғымы ең алдымен тек қана түсіну өрісінде пайдаланылады. Өо өзінде сыртқы сезілетін нәрсенің өзі көрінісі болып тұрған ішкі нәрсеге қатынасын қамтиды. Бірақ бұл арақатынас граммитикалық қатынастан түбегейлі түрде өзгеше. Өмір элементтеріндегі ішкінің көрінуі сөздік т.б. белгілерде көрінуден тіпті өзге нәрсе. 5. Олай болса, маңыз, түсіну, өмірдің мәні немесе тарихтың мәні деген сөздер бізге тұспалдау, ішкі өзара байланыстың түсінудегі көрінуі деген мағынаны ғана білдірмейтіндігі анық. 6. Біздің іздейтініміз өмірдің өзіне тән өзара байланыстың жолы; және біз оны өмірдегі жеке оқиғалардан шыға отырып іздейміз. Осы өзара байланысқа пайдалы нәрселердің бәрі де өмірдің маңызын куәландырып тұратын болуы керек; одан басқа өмірдің маңызы да жеке оқиғалардың жәй ара байланыстарынан туа алмайды. Жаратылыстану ұғымдарындағы көрінетін физикалық дүниеде үстемдік ететін себептіліктің бүкілжалпы схематизмі және соған сай өзгеше методологиясы, яғни оны түсіну әдістері болатыны сияқты мұндада бізге өмірдің категориялары , олардың бір-бірімен сәйкестігі, олардың схематизмі мен оны түсінудің әдістері ашылады. Бірақ, егер біз жаратылыстануда логикалық табиғаты соншалықты анық та мөлдір өз арақатынастарын түсінуіміз қадет болады.\, ал оны толығымен тану мүмкін емес. Біз өмірді оған үнемі тек жақындау арқылы танимыз: басқаша айтқанда өмірді түсінудің табиғатында және өмірдің өз табиғатында оның әртүрлі көзқарастар тұрғысынан уақыт ағымында танылғандықтан сан алуан жақтарынан көрінетіндігі бар. Еске түсіруде маңыз категориясы да тұңғыш пайда болды. Әрбір қазіргі реалдыққа толы. Оған біз негативтікте, позитивтікте құндылықты таңамыз. Келешекке ұмтылғанымызда мақсат, мұрат, өмірдің қалыптасуы категориялары пайда болады. Өмірдің құпиясы барлық жеке мақсаттарды өзіне бағындыратын ең биік мақсат іске асады; онда ең биік игілік іске асады; және ол мұраттармен анықталуы тиіс. Онда қалыптасу іске асады. Осы категориялардың әрқайсысы өз тұрғысынан өмірдің тұтастығын қамтиды: сол арқылы ол өзінің көмегімен өмірді түсінудің категориясына айналады. Ол категориялардың еш қайсысы басқасына бағынбайды ғой, өйткені әр қайсысы белгілі бір көзқарас тұрғысынан өмірді түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан да олар бір біріне салыстыруға келмейді. Сондықтан да болса бұд жерде бір айырмашылықты көрсету қажет. Бастан кешіп отырған қазіргіні толғанудың өзгеше құндылықтары бір-бірінен оқшау. Оларды тек салыстыруға болады. Осындай құндылықтар тұрғысынан өмір сүрудің жағымды да, жағымсыз да құндылықтарының, ерекше құндылықтардың шексіз тоғысуы болып көрінеді. Бұл –үйлесімділіктер мен мейкессіздіктер үйлесімдіктерде жойылмаған.Өтіп кеткен және кейінгі дыбыстарға музыкалық қатыссыз қазіргіде бір де бір дыбыс жоқ. Өзіндік құндылықтар мен туынды құндылықтардың ара қатынасының механистік себептілік сипатыөмірдің түпкі тұңғиықтарын түсінуге мүмкіндік бермейді. Өмірді келешектің тұрғысынан түсінуге мүмкіндік беретін категориялар құндылық категориясының негізінде туындайды; олар қарай алға бағытталған мүмкіндерде ө Егер позитизм ағымы хх ғ. Ғылым саласында болып жатқан күрделі процестерді зерттеп , танымның жаңа жолдарын ашуға барлық күштерін салса, «өмір философиясы» , керісінше , өмірді ақтау мен түсінуге шақырып, ақыл- ой, логика, дүниетаным, экономикалық, саяси т.с.с зерттеулер адамның жан дүниесін , өмір сезімін кедейлетеді деген пікірг келеді. Расында да, ХХ ғ. қарай «адам ақыл –ойдың негізінде дүниені өзгертіп, жер бетіне бақытты өмір әкеледі» днген Жңа дәуірдегі ағартушылық романтикалық көзқарастары өткір сынға алына бастады. Оның бастамасын біз сол 19 ғ. өзінде өмір сүрген А. Шопенгоуер мен С Кьркогердің шығармаларынан байқаймыз. Бұл ойшылдардың философияға «еккен» ойлары ХХ ғ. әр түрлі «өмір философиясының» ағымлдарын тудырып,өте жемісті болып шықты. Бұл ағымның негізгі ұғымы ретінде «өмір» философиядағы бұрынғы «болмыс» категорияларына қарсы қойыла бастады. «Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар»,- деді Ф. Ницше. «Ал қалыптасу дегеніміз өмір»,- деп әрі қарай өз ойын қорытты. Өмір философиясының шеңберінде «өмір » ұғымына әртүрлі ғалымдар әртүрлі мазмұн-мағына береді. Биологиоялық – табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді инстинктер, өмір сүруге деген құштарлық, ерікке т.с.с теңейді. Тарихтық көзқарасқа негізделген бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның ішкі жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретінде түсіндіреледі. Өмір философиясының алғашқы өкілдері Вильгельм Дильтей (1893-1911) мен Георг Зиммель (1858-1918) өмірді ерік пен іңкәрләк, сезім мен тебіреніс деректері деп анықтайды. Өмір хаосты тәртіпке келтіреді. Өмірдің организмдік және одан да биік формалары бар. Өмір организмдік деңгейде өліммен шектелсе , организмдіктен биік формалары мәдениетті құррайды.осы тұрғыдан алғанда, шындық - өмірден алған тәжірибенің өзі. «Өмірлік тәжірибе»- зердеге тең емес, ол ақыл-ойға сыймайды. өмір – ағым , өзгеріс, шығармашылық, онда жалпылық деген жоқ. Өмірді тек қайталанбайтын жекелік арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада «шығармашылық » трагедия дүниеге келеді. Өйткені өмірдің қайталанбайтын толқындары обьективтелінкен, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келеді.Ол қайшылықтарды шешу үшін тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ахуалды білу, барлық жан –дүниеңмен соған өткендей болып сезіну арқылы түсінуге болады. Оны В. Дильтей герменевтика деген ұғыммен береді.Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бірге оны қайта тебіреніп, оның өміршендік жақтарын түсіндіре білуі керек. Анри Бергсон (1859-1941 жж) –«өмір философиясының» шеңберінде «шығармашылық талпыныс» ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық –ол белгілі бір толыққанды біртұтас өмір, ал материя мен рухқа келетін болсақ , ол- сол өмірдің қалдықтары. Өмір «өмірлік талпынысқа», яғни ешқашанда тоталмайтын шығармашылық өзгеріс, қалыптасуға тең. Материя -болмыстың енжар жағы,ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен ең ақырында, өмірге бағынады. Сондықтан табиғаттың тарихи күрделенуі, өрлеуі - өмірдің шығармашылық өрлеуімен тең. Олай болса, Дүние – бірегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды бірінен соң бірін тудыра беретін шығармашылық.. А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге өзінің интеллекті (ақыл-ойы) арқылы бейімделді. Интелкт дегеніміз-ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегі құбылыстарды танып білуі, ол өзінің ең биік шыңына жаратылыс тану ғылымдары арқылы жетеді. Интелект біртұтас дүниені заттарға, соңғыларды құрамдасбөлшектерге бөліп, содан кейін олардан дүниенің жасанды суреттерін тудырады. Интелектінің қайнар көзі – адамның материалдық дүниедегі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, олардың нәтижелілігін қамтамасыз ету.Бұл арада аса назар аударатын нәрсе –интеллект, А.Берсонның ойынша, заттың терең мәнін аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлі материалы құрамдас бөліктеріне бөліп, содан кейін оларды басқаша түрде қайта құрастыру , -интеллектінің негізгі ісі. Олай болса, ол затың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып,өзгеріп жатқан Дүниені интеллект кинопленкадағы өмірді жасанды түрде көрсеткен сияқты., бірінің артынан бірін белгілі жылдамдықпен өткізген кезде, экранда қозғалыстағы өмірдің көшірмесі пайда болады.Интеллект Дүниедегі ұқсас, қайталанатынқарым-қатынастарды ғана көрсетіп, сонымен қатар оның қайталанбайтын, өмірге бірақ рет келген ішкі өзегін-өмірдің өзін-танып біле алмайды. А.Бергсон адамның интекллектінен басқа да құралының бар екенін мойындайды-ол интуиция.Интуиция дегеніміз –ол затқа деген сүйіспеншіліктің негізінде оның ішкі ,интеллектіге ашылмайтын жағына өтіп, оның өмірлік өзегін сезіну болып табылады. Интуиция –рухтың алғашқы негізі.ол-өмірдің өзі. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектіге бөлінеді. Сол сәтте инстикт өзіндік санасынан, интеллект заттың ішкі сырын ашу қабілетінен айырылады. Адамның интуициясы толығымен интеллектіге бағынышты Алайда кейбір шекаралық жағдайда адамның өміріне қауіп төнген, я болмаса оның басына тағдырлық ахуал келген кезде, интуиция интеллектінің құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетіп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседі. Адам-шығармашылық пенде, өйткені өмірлік талпыныс оның ішінен өтеді. Алайда өмірді терең сезіну интуициясы-тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнінде элитарлық көзқарас ұстайды. А.Бергмонның әлеуметтік философиясына келер болсақ, ол адам өмір сүруінің екі түрін мойындайды. Көп жағдайда адам сыртқы өмірдің шеңберінде, өзі үшін емес, басқа адамдар үшін өмір сүреді. Тек қана өзіміздің ішкі өмірімізге терең өңіліп, біз өзіміздің еріктігіміз бен биәулеттігімізді анықтай аламыз. Бірінші өмір формасын ол жабық, екіншісін ашық қоғамға жатқызады. Қорыта келгенде, біз А.Бергсонның философиясының біршама қайшылықтарының бар екенін байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан дүниесінің нәзік жақтарын толығымен жете біле алмайды. Интеллект есептейді, бөледі, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебіз білінеді. Адам көп жағдайда өмірдің терең жақтарын бисаналық түрде өзінің барлық жан-тәніменсезінуі мүмкін. Мұның бәрі де дұрыс. Бірақ А.Бергсонның интеллект мен интуицияны қарама қарсы қойғаны қайсыбір терең дүниетанымды жоққа шығарады. Өйткені интуиция мен сезінгенді ұғым арқылы түсіне алмасақ, онла оны қалайша басқа адамдарға жеткіземіз? Дүниедегі шығармашылық талпыныс өне бойы қайталанбайтын өзгерістерді тудыра берсе, онда дүниедегі барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер еді. Әрине ол мүмкін емес. Дегенмен А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негізінде ерекше ағым пайда болғанымен, ол ХХ ғ. басқа философиялық ағымдарға өзінің зор әсерін тигізді. Өмір философиясының шеңберінде неміс философы Фридрих Ницшенің (1844-1900) еңбектері ерекше орын алды. Егер А. Шопенгауер әлемдік Еріеті болмыстың алғашқы негізіне жатқызса,Ф. Ницше Ерік категориясына әлеуметтік –моральдық мән-мағына беріп, оны билікке деген ерік ретінде түсінеді. Оның ойынша, өмір билікті неғұрлым жете сезінгісі келеді. Егер А. Шопенгауердің Әлемдік еркі біреу ғана болса, Ф. Ницше ондай монистік көзқарастан бас тартып, еріктің көптігін , сол себепті олардың бір-бірімен бітпейтін күресте екендігін мойындайды. Үшінші ерекшелігі, А.Шопенгауер адам еріктен бас тартып қана өзін сақтай алады деген болса, Ф. Ницше, керісінше, адам, егер ол құл емеса, нағыз адам болса, билікке деген еркін өмірге енгізеді, сол ушін күреседі. Не жақсы деген сұрақ қойып, Ф. Ницше оған: Билікке деген сананы, іңкәрді, сол дамның билігінің өзін күшейтетіннің бәрі,-деп жауап қайтарады. Не жаман деген сұраққа : Әлсіздіктен шығатынның бәрі,-дейді. Ақыл-ой арқылы жүретін дүниетанымдық іс-әрекет билікке деген ерікті күшейте ме деген сұраққа: Жоқ өйткені ол интеллектінің басымдылығы билікке деген ерікті, оның ұмтылысы мен іс-әрекетін әртүрлі ойдың толғаныстарымен ауыстырып, тоқыратып тастайды. Мораль да басқаларының қамын ойла деп, билікке деген ерікті әлсіретеді,-деп жауап береді. Билікке деген ерік-күштінің құқының негізін құрайды. Күштінің құқы неше түрлі қоғамда қабылданған моральдық, діни т.с.с нормативтік ережелерден биік болуға тиісті ,сондықтаннағыз адам осы қағиданы өз өмірінде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдік болу керек деген қағиданы таратады. Бірақ ол өмірдің терең мәнін құрайтын билікке деген ерікті құрады, сондықтан ол керек емес. Демократия да билікке ұмтылған адамдардың мүддесіне қарсы, өйткені тобыр қайысыбір билікті ұнатпайды, яғни олар күштінің құқына қарсы тұрады. Ал еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркекті күшті қылып жаратты, олай болса, оған билікке деген құқты берді. Сондықтан қайсыбір еркек пен әйел арасындағы теңдікке деген ұмтылыс –қоғамның іріпшіруінің көрінісі. Жоғарыда көрсетілген көзқарас Ф. Ницшенің моральдық ілімінің негізінде жатыр. Моральдың негізгі ұғымдары –жақсылық пен жамандық-тарихи күштілер, жақсылардың әлсіз, жамандарға қарағандағы артықшылығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретінде ол моральдықты көрсететін сөздерге талдау жасап, неміс сөзі shlecht жаман, түрсіз деген мағына берсе, оған жақын shlicht деген сөз де қарапайым адам деген мағына береді,-деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететін ұғым жақсылықпен теңеліп, кедейлік, қарапайыдық жамандық, залымдық деген ұғымдарды тудырды деп есептейді Ф. Ницше. Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерінің моральдарын бүкіл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол құлдардың моральдағы көтерілісі деп атайды. Ал оны жасаған дүниедегі ең теоретикалық халық –еврейлер. Олар қоғамның құндылықтарын қайта бағалап,аристократиялық бір-бірінен туатын жақсы-асыл-күшті-әсем-бақытты-құдайдың сүйгені деген құндылықтарды толығынан теріске шығарып, оған қарама-қарсытек бақытсыз адамдар-жақсылар, кедейлер, әлсіздер, төмендегілер ғана –жақсылар, тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана –тақуалар, масайрауға лайықты адамдар деген қағидаларды ұсынды. Ф. Ницшенің ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан қайта қарап, мырзалардың моральдық құндылықтарын тағы да өмірге енгізу керек. Оның негізінде мынандай қағидалар жатуы қажет: Өмірдің құндылығы-сөзсіз негізгі құндылық; Адамдар бір-бірімен табиғи түрде меңсіз болып жаратылған; Күнті адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес. Жоғарыдағы көрсетілген моральдық құндылықтарға сәйкес келетін адам әлі дүниеге келген жоқ. Егер дүниеде болған қайсыбір жануардың түрі өмірден жойылардың алдында өзінен жоғары тіршілікті тудырса, адам өзінен жоғары пендені тудыра алмай отыр. Өйткені адам –ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктері сөніп, оның орнын сана алды. Ал, енді, Ф. Ницшенің ойынша, адамнан жоғарының дүниеге келетін уақыт жетті. Ол-аққұба әзәліл. Тұқым қуу жағынан алғанда, олар арий нәсілінен шыққан адамдар. Ал моральдық жағынан алғанда, олар бір-бірімен ұстамды, кішіпейіл, назды, мейірімді. Басқаларды көргенде олар жыртқышының алғашқы күнәсіз ұжданына қайта оралғандай болып сезінеді: Өлтіреді, жағады, зорлайды, құртады, енді оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерінің өлеңдерінде жырлайтынына кәміл сенеді. Ал енді адамнан жоғарылардың сыртқа кейпіне келер болсақ, олардың туа біткен асылдығы бір қарағанда-ақ көрініп тұрады. Осы қасиет бүгінгі таңдығы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңізші,-деп қынжылады Ф. Ницше. Егер басшаның сыртқы түр-әлпеті оның асылдығын көрсетіп тұрса, онда тобыр оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы кездейсоқ келген бақ пен бай лық қана адамдарды көтереді деген ойға келіп, олай болса, біз де өзіміздің бағымызды сынап көрейік деген жаман ойға өтуі мүмкін. Ал бұл ой социализмді әкеледі,-деп қорытады. Ф. Ницше. Әрине, Ф.Ницшенің бұл ойларына фашизм идеологиясының біршама жақтары жақын екенін мойындамай болмайды. Қорытынды Біз өмірді оған үнемі тек жақындау арқылы танимыз: басқаша айтқанда өмірді түсінудің табиғатында және өмірдің өз табиғатында оның әртүрлі көзқарастар тұрғысынан уақыт ағымында танылғандықтан сан алуан жақтарынан көрінетіндігі бар. Еске түсіруде маңыз категориясы да тұңғыш пайда болды. Әрбір қазіргі реалдыққа толы. Оған біз негативтікте, позитивтікте құндылықты таңамыз. Келешекке ұмтылғанымызда мақсат, мұрат, өмірдің қалыптасуы категориялары пайда болады. Өмірдің құпиясы барлық жеке мақсаттарды өзіне бағындыратын ең биік мақсат іске асады; онда ең биік игілік іске асады; және ол мұраттармен анықталуы тиіс. Онда қалыптасу іске асады. Осы категориялардың әрқайсысы өз тұрғысынан өмірдің тұтастығын қамтиды: сол арқылы ол өзінің көмегімен өмірді түсінудің категориясына айналады. Ол категориялардың еш қайсысы басқасына бағынбайды ғой, өйткені әр қайсысы белгілі бір көзқарас тұрғысынан өмірді түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан да олар бір біріне салыстыруға келмейді. Сондықтан да болса бұд жерде бір айырмашылықты көрсету қажет. Бастан кешіп отырған қазіргіні толғанудың өзгеше құндылықтары бір-бірінен оқшау. Оларды тек салыстыруға болады. Осындай құндылықтар тұрғысынан өмір сүрудің жағымды да, жағымсыз да құндылықтарының, ерекше құндылықтардың шексіз тоғысуы болып көрінеді. Бұл –үйлесімділіктер мен мейкессіздіктер үйлесімдіктерде жойылмаған.Өтіп кеткен және кейінгі дыбыстарға музыкалық қатыссыз қазіргіде бір де бір дыбыс жоқ. Өзіндік құндылықтар мен туынды құндылықтардың ара қатынасының механистік себептілік сипаты өмірдің түпкі тұңғиықтарын түсінуге мүмкіндік бермейді. Өмірді келешектің тұрғысынан түсінуге мүмкіндік беретін категориялар құндылық категориясының негізінде туындайды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1) Әбжанов Т., Нысанбаев Ә.Қысқаша Философия тарихы,Алматы.2004.-272бет. 2) Ақмамбетов Ғ.Ғ. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкент,2005-452б. 3) Әл-Фараби. Филос-қ трактаттар.-Алматы:Ғылым,1973.-425б. 4) Философия тарихы:Оқулық/Ж.Алтай,А.Қасабек,Қ.Мұхамбетәли.-Алматы:Жеті жарғы,1999.-288б. 5) Бейсенов Қ.Ш.Философия тарихы: Оқулық.-Шымкент,2005.-452б. | |
Просмотров: 8993 | Загрузок: 875 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.6/8 |
Всего комментариев: 2 | |
| |