Главная » Рефераты » Разное |
Размер файла: [22.7 Kb] Формат файла: . | 04.08.2013, 14:41 |
Скачать | |
Жоспар І. Кіріспе 1.Абай философиясының антропологиялық негіздері...................................................3 2. Абайдың хакімдігі туралы ...........................................................................................6 ІІ. Негізгі бөлім. 1. Ақыл, насихат кімге керек? (сегізінші сөзінен)........................................................10 2. Имандылық мәселесі (он екінші, он үшінші сөзінен)................................................12 3. Отыз сегізінші сөзінен..................................................................................................14 4. Алла хикметі - ғаділет пен махаббат (қырық бесінші сөзінен).................................19 5. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап...»..................................................................21 ІІІ. Қорытынды................................................................................................................23 Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................................................26 Кейбір араб сөздеріне түсініктеме...................................................................................27 Абай философиясының антропологиялық негіздері Абайдың философиялық антропологиясында пенде мәселесіне ерекше назар аударылған. Абайдың айтуынша, пенде деген өз басында еркі жоқ, барлығына тәуелді байғұс. Пенденің бүкіл өмір болмысы жан сақтауға бағытталған, оның алдына қойған тілек, мақсаты - мал бағу, тамақ пен киім, мансап пен атақ.Пенде жеке басының қамы үшін, жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Пенденің өмірлік мақсаты - өзінің қара басының қамы ғана. Отыз сегізінші сөзінде Абай айтқандай, пенденің «толық адам» болуына Алла ерік берген. Бірақ адам әр уақытта да Алланың берген еркін дұрыс пайдалан алмаған, көп жағдайда пендешілік жасап, шайтанның торына түсіп отырган. Абай «мұңлы шайтан құдайдың қуған жаны» деп шайтан дүниетанымына зер салған. Профессор Ғарифолла Есімнің пікірі бойынша, ақынды қызықтырған шайтанның бейнесі емес, оның мұңға батуы, ал оған кінәлі адам:«Дүниеге мұң әкелген Адам, оған дейін әлемде мұң болмапты. Сонда да адамның болмысында тек шындық сияқты ірі қасиеттер ғана емес, өзгеге мұң әкелген, қайғы әкелген шайтандықтың да болғаны». «Шайтан» деген қғым адамға дейін болмаған. Демек, дүниеге ізгілікті де, зұлымдықты да әкелген адам. Сонымен, Абай үшін адам болмысы – ішкі қайшылықтарға толы күрделі құбылыс. Абайдың данышпандылығы, ұлылығы, көрегенділігі, оның сол кездегі көтерген мәселелері бүгінгі күн үшін де өзекті екендігін өзінің маңыздылығын жоймағандықтан да көруге болады. Абайдың философиялық ой– толғаныстары тек оған дейін өмір сүрген Батыс және Шығыс философтарының ойымен сабақтасып қана жатқан жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі заманның ірі ойшылдарының философиялық ізденістерінен де байланыстылық, сабақтастылық бар екенін байқауға болады. Мысалы, Абайдың адам заттарды өзіне құл етсе, пенде заттың құлы деген ойы, жалпы пенде туралы ой– толғаныстары Франкфурт Маркузенің «бірөлшемді адам» идеясымен сабақтасып жатыр. Абай өзінің көптеген өлеңдері мен «қара сөздерінде» пендеге тән әдепсіздік, әділетсіздік, надандық, арсыздық, пара мен пәлеқорлық, мақтаншақтық, менмендік, арамдық және т.б. теріс қасиеттері туралы жиіркенішпен ренішпен айтса, жан- жақты жетілген толық адамға тән адамгершілік, ізгілік, шыншылдық, білімділік, әдептілік пен әділеттілік, қайраттылық пен төзімділік, имандылық сияқты көптеген қасиеттеріне жан–жақты талдау жасап, адамның өз бойында осы қасиеттерді бар мүмкіндігінше жетілдіру қажеттігін айтады. Неғұрлым тұжырымдалған түрінде Абай осы ойын отыз сегінші сөзінде жалғастырады: «...Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (өлшеусіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам басты, ол таза мүсылман, толық адам» делінеді. Абай өзінің он жетінші сөзінде «толық адам» ілімін толықтыра түсіп, адам қасиеттілер қатарына қосылу үшін оған үш нәрсе тән болу керек деп есептейді, олар: қайрат, ақыл, жүрек. Себебі адамға күш–қуат беретін оның өзінің қайраты. Қайрат– жігерсіз адам жамандық жолына түсуі мүмкін. Абай: «Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Айуанша жүріп күнелтті»,- дейді. Ақыл адам болмысын, оның іс–әрекетін басқарады, адамның жануардан айырмашылығы оның ақылының болуында: Малда бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?! Ақылдың ерекшелігі–амал да, айла да, жақсы да, жаман да ақылға негізделген. Ал жүректің орны ерекше, ол ақылдың «Жаманшылық айтқанына ермейді. Ермек түгілі жиреніп, үйден қуып шығады». Қайраттың да еркіне көнбейді: «орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды». Абай жүрек туралы өз ойын былай деп білдіреді: Жүректе қазына бар, бәрі жақсы Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы Сол жүректен жылулық, достықпенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы. Үшеуі қосылып, бәрін жүрекке билеткен кезде ғана адам жан–жақты жетілген толық адам, ең қасиетті адам бола алады деп есептейді ұлы ақын: «Осы үшеудің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табаныңның топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол». Абайдың «толық адам» ілімі – адам, адамшылық, адамгершілік принциптеріне негізделген. Абайдың осы мәселені өзінің терең мағыналы философиялық жүйесінің орталық, өзекті мәселе ретінде алуы оның өз халқының бойында адамшылықты дамыту, тәрбиелеу, бір сөзбен айтқанда, «адам болуын» тілеген ой–толғанысының, жұрек қобалжуының нәтижесі деп қарау керек. Абайдың хакімдігі туралы «Даналарды ұғатын данышпандар болар» деген түсінік тегін айтылмаса керек. Абайдың бұрын-соңғы қазақ ақын-жырауларына ұқсамайтын даралығын алғашқы аңғарғандар Ахмет Байтұрсынов және Мағжан Жұмабаев. Мағжан 1912 жылы «Шолпан» журналында «Алтын хакім Абайға» деп арнайы өлең арнаса, Ахмет 1913 жылы «Қазақ» газетінде Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп көлемді мақала жариялады. Осы екі кісінің айтқандары жарты ғасырдан, нақтылы айтсақ, 80 жылдан аса уақыттан кейін жаңғырып, Абайды «хакім» деп атау, Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп мойындау қалыптасқан түсінікке айналды. «Хакім» деген ұғым туралы бірер сөз. Мағжан «Алтын хакім Абайға» деп өлең жазғанда бұл ұғымды аспаннан алған жоқ, ол қазақ халқының ойлау менталитетінен, бұл ұғымның барша жұртқа түсінікті болғаны үшін алған. Хакім деген Абайдың заманындағы ел аузындағы түсінікте ақыл-ойдың аса үздік дара адамына қатысты айтылған. Қазақтар Ұлықпан хакім, Платон хакім, Аристотель хакімдерді білген. Бұл - бір. Екіншіден, Абайдың өзі «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай, оны байытқан. Ол отыз сегізінші сөзінде: «хакім дегендер әрбір істің себебін іздеушілер», - дейді де, Сократты хакім деп атаған. Абай түсінігінде хакім статусы өте биік. Ол аталған сөзінде «әрбір ғалым хакім емес, әрбір хакім ғалым» деген, осы ойларға орай Абай нақлия және ғақлия деген ұғымдарға түсінік береді, ол ғақлия сөз айттым деген. Ғақлия сөз істің себебін зерттеушілер сөзі. Нақлия болса, бар нәрсені айту. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың қара сөздерінің мәніне бара бермеушілік байқалады. Абайдың 45 сөзінің бәрі - ғақлия сөздер, әрине оларда нақлия элементтері бар. Мағжанның Абайды алтын хакім дегеніне назар аударудың мәнісі бар. Мағжан Абайды хакім деп 1912 жылы айтқан. Ол кезде қазақ құдайынан айрылмаған, Алласын мойындаған кезде адамдар сөзді байыппен сөйлеген, себебі Аллаға қатысты сөз, адамның сөзі бар, Алланың сөзі бар, адамдарға (пенделерге) қатысты сөз, адамның сөзі бар. Әрбір сөздің қисыны (логикасы) бар. Ақынның өзі айтқандай: ...Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы... Сондықтан Мағжан Абайды сөздің қисынына орай «хакім» деп атаған. Құдайға сенбеген дәуірде бір сөз қисынын бұздық. Аллаға айтылатын сөзді адамға айттық. «Ұлы» деген сөзді басында дінсіз көсемдерге қолданып, бойымыз үйренгеннен кейін, оны Алланың, құдайдың, яғни жаратушының эпитеті екенін де ұмыттық. Ұлылық тек жаратушыға қатысты айтылатын сөз. Мұны Мағжан да, Ахмет те білген, сол себепті қолданбаған. Егер бүгін біздің жаратушыны, Құдайды, Алламызды мойындағымыз рас болса, әрбір сөзді өз қисынымен қолдануға көшкеніміз дұрыс. Абайды хакім десек қателік жоқ, ол хакімге тек анықтама беріп қоймай, хакімдіктің мәнін қарастырған. Ол айтады: бұл дүниеде біз үш түрлі адамдардың соңына ереміз, олар: әулиелер, пайғамбар (нәбилер) және хакімдер, - дейді. Абай осыларды бас - басына тоқталады. Алғашұы сөз әулиелер туралы. Әулиелер елден безіп, оңаша өмір сүріп, Алланың дидарына ғашық болып, дүниенің қызығын тәркі етушілер. Абай бұл жанды құптамайды. Әулиелікке сын айтады. Алласы пендесіне нәпсі береді, оған ерік береді. Үйлен, бала өсір, мал бақ, - деді. Әулие болса бұған қарсы, өзінің алласы берген нәпсісін тиюшы, Абай «бұл Алла, ақиқат жолы емес» деген мәселеге келеді. Абайдың хакімдігіне бас иген Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында: «Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендері байқалады, құдды осының мағынасы не деп сұрағандары да бар... сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау» -деп Ахмет «Көк тұман алдындағы келер заман» деп басталатын сегіз шумақты өлеңді толық келтірген. ...Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі «Мені» мен «менікінің»мағынасы екі «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі... «Мен» және «менікі» деген мәселелердің әңгімесі ұзақ, қысқаша айтсақ, Абай адам өлмейтін шындық дегенді, өмір мәнін әдеттегідей өзінің қарама-қарсы ұғымы – өліммен түсіндіріп отырған жоқ. Абай ұғымында «мен» мен «менікінің» өлмейтінін адамның өз болмысынан, өмірдің болмысынан шығарып отыр. Егер адам табиғат сияқты өлсе, онда өмірдің мәні неде? Адамның мәңгілігі – өмір болмысының негізі. Адам мәңгі болған соң дүние рас, адам мәңгі болған соң адам туралы шындық бар. Адамның мәңгілігі – Алланың барын растаушы өлшем. Адамның мәңгілігі – ақиқат, бірақ соны түсіну бар да, әрі түсіндіру бар. Абай осы ақиқатты түсінген, біздің борышымыз, яғни ғалымдар борышы – соны түсіндіру немесе түсіну. Ақыл, насихат кімге керек? (сегізінші сөзінен) Бұл сөз сұрақпен басталады. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? «Шынында ақыл, насихат кімге керек? Ақын өз заманының әеуметтік тегін жіктеп береді. Алдымен ақыл, насихат ел басшылары болыс, билерге керек пе? Жоқ, оларға ақыл мен насихаттың еш қажеті жоқ, қайта өздері елге ақыл, насихат айтамыз деп болыс, би болып сайланған. Тіптен ақыл үйренемін дегені болса да, олардың қолдары тимейді. Ұлықтан сөз есітпеу үшін оған жағыну керек, ел тентегін тию керек, оның үстіне өз қалтасынан шыққан шығынның орнын толтырмақ болып тірлігі не болысқа, не биге ақыл үйренуге мұрша бермейді. Мүмкін ақыл мен насихат байларға қажет шығар. Дәулет қонып дүниенің жарымы басында тұрғанбайларға ақылдың керегі жоқ», – дейді Абай. Олардың ақылы – малы. Олар бәрін паралап сатып алады. Олардың діні, құдайы, халқы, жұрты, білім–ұяты, ары, жақыны, бәрі–мал. Тіпті ақыл үйренем десе де мал қамымен қолдары тимейді деп қорытады. Малды бағу–қағу, оны ұрыдан сақтау мұның бәрімен әлек болып жүргенде, ақыл, насихатты кім керек етпек. Ұры, сұм–сұрқияларға ақыл әу бастан артық. Ақыл осыларға керек–ау деген қой жүнді қоңыршыларға келсек, олар өз қара басына жетісіп, күндерін көре алмай жүр. Кедейге білім не керек. Ақылды ана ел атқамінерлеріне айт дейді олар. Сонымен ақыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма деп Абай сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды. Абайдың он екінші, он үшінші сөздерінен... | |
Просмотров: 2993 | Загрузок: 217 | Рейтинг: 3.2/6 |
Всего комментариев: 0 | |