Рекламный блок

Здесь может быть ваша реклама!
Главная » Рефераты » Разное

Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
Размер файла: [90.0 Kb] Формат файла: . 04.08.2013, 13:53
Скачать
Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі

Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді.
Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады.
АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.
Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы Аргентина мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуынан пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі елдің президенттері Жалпы нарық құру туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995 жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын. 1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық процесске Парагвай мен Уругвай қосылды. Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін (180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында кедендерді ликвидациялау және тарифтік емес сауда шектеулері арқылы тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын, ал бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық жұмысшылар топтары және Монтевидеода орналасқан басқарушы секретариаты бар. Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды. Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша келісімдері бар кедендік одақ болды.
Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен одақтасып әлемдік сауданың социалистік бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап етті.
77 дамушы елдерден құралатын топ ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы сауда және даму бойынша Біріккен Ұлттар Конференциясының (ЮНКТАД) кеңсесінің көмегімен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының тұрақты мүшесі болды. Орналасқан жері Женева. БҰҰ-на, оның арнайы халықаралық ұйымдары немесе атомдық энергетика бойынша халықарлық ұйымдарына кіретін мемлекеттер оның мүшелері бола алады. 1992 жылы оның 179 мүшесі болды және олар алғашында 4 топтарға бөлінді:
А тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;
Б тобы: батыстағы индустриалды елдер;
В тобы: латынамерикалық дамушы елдер;
Г тобы: социалистік елдер.
Қытай Халық Республикасы ерекше орын алады.
Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея 4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі бір моральді күші бар. Даму және әлемдік сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды және Генералды Ассамблеяның шешімдерін орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті ерекше комитет бағынады, олар шикізат, қаржы және технология трансферті мәселелерімен айналысады. Генералды секретариаттың орналасқан жері-Женева.
ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге бағытталған: халықаралық саудаға жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін негізгі жағдайлар мен нұсқауларды жасау, БҰҰ-ның сауда және экономикалық даму саласындағы басқа да институттарының қызметін координациялау, сонымен қатар сауданы Гармонизациялау Орталығын және онымен байланысты даму саясатын дайындау.
ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының мәжілістері: I-1964 жылы (Женева); II- 1968 жылы (Жаңа Дели); III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили); IV-1976 жылы (Найроби, Кения); V-1979 жылы (Манила); VI-1983 жылы (Белград); VII-1987 жылы (Женева); VIII-1992 жылы (Картагена, Индия); XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.
1968 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы ГАТТ/БСҰ және БҰҰ-ның біріккен мүшесі ретінде функционирленеді, ал соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арқылы әрекет етеді. Бұл орталық жартылай автономды ұйым болып табылады және оның функциялары келесілерге бағытталған;
-сауда құрылымын ынталандыруды дамыту және экспортты мемлекеттік және жеке секторларда ынталандыру;
-дәстүрлі және дәстүрлі емес экспорттық тауарлар үшін нарықтық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
-импорт саласында тиімді басқару тәсілдерін пайдалану арқылы шетел валютасының дефицитті ресурстарын пайдалануды оптимизациялау мақсатында импорттық операцияларды жетілдіру;
-мемлекеттік қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін және экспорттық-импорттық операциялар технологиясы бойынша оқытушыларды оқыту, оқу мекемелерін нығайту, сыртқы сауда мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерттеу және жетілдіруді жүргізу.
Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.
Халықаралық сауда палатасы үкіметтік емес ұйым ретінде 1919 жылы негізін қалады. Бұл халықаралық масштабта қызмет ететін, дамыған және дамушы елдердің компаниялары мен басқа да құрылымдарын біріктіретін жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге бағытталған:
а) сауданы, инвестициялар мен еркін нарықтарды, капиталдың еркін айналымын ынталандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу,
б)сауданың дамуы мен еркіндігінің үйлесімділігі мақсатында экономикалық және құқықтық салаларда тиімді және дәйекті шараларды қабылдау,
в) жеке кәсіпкерлік жүйесін қорғау,
г) кәсіпкерлердің өздері арқылы кәсіпкерлікті реттеуді ынталандыру.
ХСП-да дамыған және дамушы елдердің іскер орталарының көзқарастарын білу мақсатында БҰҰ-ның консультативті статусы бар. Оның көптеген үкіметаралық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары бар.
ХСП-ның жоғарғы басқарушы мүшесі Кеңес болып табылады, ол әдетте жылына екі рет жиналады. Кеңес мүшелері ұлттық комитеттермен және топтармен тағайындалады. Әр ұлттық комитет ХСП бюджетіне қосқан жалпы жарнағының көлеміне байланысты Кеңеске бірден үш мүшеге дейін тағайындай алады. Кейбір ұлттық комитеттер Кеңес мүшелерінің орынбасарларын тағайындайды. Президент, вице-президент, экс-президент, қаржы комитетінің төрағасы мен Халықаралық арбитражды соттың төрағасы лауазымы бойынша Кеңестің мүшелері болып табылады. Генералды хатшы Кеңестің хатшысы болып табылады.
Кеңесті Президенттің рекомендациясы бойынша ХСП саясатын жүзеге асыруға жауапты атқарушы кеңес таңдайды. Атқарушы Кеңес кем дегенде жылына үш сессия жүргізеді, оның екеуі ХСП Кеңесімен бірге.
Генералды секретар басқаратын штаб-квартиртира ХСП барлық қызметін бақылайды.Ол бес негізгі департаменттерден (халықаралық даму; коммуникациялар: экономикалық саясат пен ынтымақтастық, халықаралық сауда саясаты мен технологиялар, администрациялар, қаржы мен персонал) құралады.
ХСП саясаты мен тәжірибелік нұсқаулар арнайы жұмыс органдарымен әзірленеді (комиссиялар, жұмыс топтары). Комиссия ХСП саясатының негізгі мәселелерімен (халықаралық сауда саясаты, халықаралық арбитраж, қаржыландыру, сақтандыру, салық салу, көпұлттық кәсіпорындар мен халықаралық инаестициялар, қоршаған орта, энергетика және т.б.) айналысады. Уақытша негізде нақты жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін жұмыс топтары құрылады, олар тұрақты сәйкес органға есеп беріп тұрады.
Халықаралық сауда дауларын шешудегі басты орган Халықаралық арбитражды сот болып табылады. Ол өндіріс пен арбитраждың ережелерін жарыққа шығарады.
Халықаралық сауда палатасының бюросы (ХСПБ) сауда палаталарының бүкіләлемдік форумы болып табылады. Ол пайда болған мәселелерді талқылау үшін, дамыған және дамушы елдердің, сонымен қатар экономикасы ауыспалы елдердің палаталарын басқаратын қызметкерлердің тәжірибесі және білімдерімен алмасу үшін халықаралық кездесулерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Дамушы елдер мен Орта және Шығыс Еуропа елдеріне ол техникалық көмек бола алады және кадрлар даярлау бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Бюро ATA Carnet-уақытша бажсыз импорт жүйесін (коммерциялық нұсқаулар, ғылыми және оқу құралдары, көрмеге арналған тауарлар) басқарады.
Конгресс ХСП-ның ең жоғарғы органы болып табылады. ХСП-ның барлық мүшелері-компаниялар мен ұйымдар конгресске өздерінің ең жоғарғы өкілдерін жібере алады. Конгресс үш жылда бір рет қабылдаушы елдің ұлттық комитетінің шақырылуы бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкін емес. Олар халықаралық өмірді реттеудің ең дамыған механизмдерінің бірі және негізі бойынша үкіметаралық және үкіметтік емес органдардың тұрақты бірлестігі болып табылады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастардың тұрақты құрылымын көрсете отырып, халықаралық өмірді саяси реттеудің құралы бола алады, ол ол бір мезгілде халықаралық интегрирлеу функциясын атқарады, халықаралық қатынастарды модификациялауға әсерін тигізеді.

I.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері

Бүкіләлемдік сауда ұйымы-бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.
БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа қарағанда көбірек мемлекеттер қатысады (ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары кеңірек. ГАТТ тек қана тауарлар саудасы саласында қызмет етті; БСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын қамтиды, сонымен қатар интеллектуалды меншік құқықтарын қорғайды және келіссөздер процессі мен қайшылықтарды шешу кезінде елдер арасында сауда қатынастары құрылатын форум болып табылады.
ГАТТ және БСҰ екі принципке негізделген; дискриминациядан бас тарту және нарықтық тиімділік немесе нарыққа болжамдалатын, ашық, өзара қауіпсіз жолмен шығу.
Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтерден тұрады:
-дискриминациясыз сауда, яғни саудада өзара ең қолайлы режим (ЕҚР) туғызу және шетелдік тегі бар тауарлар мен қызметтерге өзара ұлттық режим жасау;
-сауданы көбінесе тарифтік тәсілдермен реттеу, сандық және басқа шектеулерді пайдаланудан бас тарту;
-сауда саясатының транспаренттілігі;
-сауда дауларын консультациялар және келіссөздер арқылы шешу және т.б.
БСҰ-ның ең маңызды функциялары:
-Уругвайлық раундтың документтер пакетінің келісімдері мен шарттарының орындалуын бақылау;
-мүдделі мүше-елдердің арасында көпжақты сауда келісімдері мен консультациялар жүргізу;
-сауда дауларын шешу;
-мүше елдердің ұлттық сауда саясатының мониторингі;
-БСҰ компетенциясына қатысты мәселелер бойынша дамушы мемлекеттергк техникалық жәрдем көрсету.
БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды келесі жолмен соммалауға болады:
-серіктестерге қысым көрсетілген жағдайда, ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін БСҰ-ның дауларды шешу механизмін пайдалану және осылай дискриминацияны жою;
-халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау кезінде әлемдік сауда жүйесіне тиімді қатысу арқылы өздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.
БСҰ-ның барлық мүше-елдері «Көпжақты сауда келісімдері» (КСК) деген терминмен біріктірілген негізгі келісімдер мен заңдық документтерді орындау бойынша міндеттерді қабылдайды. Осылай, БСҰ жүйесі өзіндік көпжақты келісімді білдіреді (келісімдер пакеті), олардың нормалары мен ережелері тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жобамен 97% реттейді.
Уругвайлық раундтың документтер пакетінің 2-ші бөлігі (1-4 қосымшалардан басқа) Марракештегі министрлер кеңесінің нәтижесі (1994) бойынша қабылданған шешімдер мен декларациялардан, сонымен қатар басқа да Келісімдерден құралады. Бұл документтерде БСҰ-ға мүше елдер қабылдайтын қосымша шарттар мен ережелер құрастырылады. Тауарлар мен қызметтерді нарықтарға шығарудың ұлттық міндеттерінің тізімін есептегенде БСҰ документтерінің толық пакеті қазіргі кезде жобамен 30 мың парақтан тұрады.
Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жиынтығы елуден жоғары тауарлар саудасы бойынша Көпжақты келісімдер мен басқа да құқықтық документтерді біріктіреді, олардың негізгілері БСҰ-ны бекіту туралы Келісім және оған қосымша тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Қосымша 1А:
Тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Тарифтер мен сауда туралы 1994 жылғы Генералды Келісім (ГАТТ-94)-тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарифтер мен сауда туралы Генералды Келісім 1947- тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Ауыл шаруашылығы бойынша келісім-ауыл шаруашылық тауарлар саудасын реттеудің ерекшеліктерін және осы сектордағы өндіріс пен сауданы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану механизмін анықтайды.
Текстиль бұйымдары мен киім бойынша келісім-текстиль мен киім саудасын реттеудің ерекшеліктерін анықтайды.
Санитарлы және фитосанитарлы нормаларды қолдану бойынша келісім- санитарлы және фитосанитарлы бақылау шараларын қолданудың шарттарын анықтайды.
Саудадағы техникалық барьерлер бойынша келісім-стандарттар, техникалық регламенттер, сертификациялау процедураларын қолдану шарттарын анықтайды.
Саудамен байланысты инвестициялық шаралар бойынша келісім-капиталенгізілімімен байланысты отандық тауарларды тұтынуды ынталандыратын шараларды қолданудағы шектеудерден құралады.
VII ГАТТ 1994 бабы тауарлардың кедендік бағасын қолдану бойынша келісім-тауарлардың кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды.
Тиеу алдындағы инспекция бойынша келісім-тиеу алдындағы инспекцияны жүргізудің шарттарын анықтайды.
Шығу тегі ережелері бойынша келісім-тауарлардың шығу тегінің принциптерін анықтайды.
Импорттық лицензиялау процедуралары бойынша келісім-импортты лицензиялау формалары мен процедураларын орнатады.
Компенсациялық шаралар мен субсидиялар бойынша келісім-субсидиялауға қарсы қарсы күреске бағытталған шаралар мен субсидияларды қолдану процедурасы мен шарттарын анықтайды.
VI ГАТТ 1994 бабын қолдану бойынша келісім (антидемпинг)-демпингке қарсы шараларды қолдану процедуралары мен шарттарын анықтайды.
Қорғау шаралары бойынша келісім-өсіп келе жатқан импортқа қарсы шараларды қолдану прцедуралары мен шарттарын анықтайды.
Қосымша 1В:
Қызмет саудасы бойынша Генералды келісім-қызмет саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қосымша 1С:
Интеллектуалды меншік құқықтарының саудалық аспектілері бойынша келісім- интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қосымша 2:
Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен процедуралар туралы келісімшарттар-БСҰ-ның барлық келісімдері бойынша міндеттерді орындаумен байланысты БСҰ мүшелері арасындағы дауларды шешу шарттары мен процедураларын орнатады.
Қосымша 3:
Сауда саясатын шолу механизмі-БСҰ мүшелерінің сауда саясатының жалпы параметрлері мен шарттарын анықтайды.
Қосымша 4:
Плюрилатеральді келісімдер (қатысушылардың шектеулі ортасы үшін, яғни БСҰ-ның барлық мүшелері үшін міндетті емес);
Азаматтық авиатехника саудасы бойынша келісім (осы сектордағы сауданың либерализациясы бойынша жақтардың міндеттерін анықтайды).
БСҰ-ның ең жоғарғы органы ұйымның барлық қатысушыларының өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция болып табылады.
Конференция сессиялары кем дегенде екі жылда бір рес өткізіледі, онда Уругвайлық раундтың келісімдер пакетімен байланысты принципиалды мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, талқыланады.
1996 жылдың желтоқсан айындағы Сингапурдегі бірінші конференция сауданың либерализациясының курсын қуаттады және БСҰ-ның ұйымдық құрылымына сауда мен инвестиция арсындағы қатынастар мәселесімен, сауда мен бәсекелестік саясат арасындағы өзара әрекеттестікті, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласының тұнықтылығымен айналысатын үш жаңа жұмыс топтарын қосты.
1998 жылы Женевада өткізілген екінші конференция ГАТТ/БСҰ-ның 50 жылдығына арналды. Сонымен қатар, онда БСҰ мүшелері әлемдік электронды сауда мәселелерін зерттеу туралы келісімге келді.
Үшінші конференция 1999 жылы Сиэтлде (АҚШ) құрылды және ол сауда келіссөздерінің жаңа раундының басталуы туралы шешім қабылдау керек болатын, бірақ ол нәтижесіз аяқталды. Төртінші Министрлік конференция 2001 жылдың 9-13 қарашасында Дохада (Катар) өткізілді, бесіншісі 2003 жылдың 10-14 қыркүйегінде Канкун қаласында (Мексика) және алтыншысы 2005 жылдың 12-18 желтоқсанында Гонконг қаласында (ҚХР) өткізілді.
Генералды кеңес Министрлік конференцияға бағынышты, ол ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және БСҰ-ға мүше елдердің өкілдерінің құрамымен, әдетте олар қатысушы елдер делегацияларының басшылары, жылына бірнеше рет Женевадағы штаб-квартирада жиналады.
Генералды кеңестің басшылығында бұдан басқа екі арнайы орган бар: сауда саясатын талдау бойынша және дауларды шешу бойынша. Сонымен қатар Генералды кеңеске сауда және даму бойынша; сауда балансымен байланысты шектеулер бойынша; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер бойынша комитеттер есеп береді.
Генералды кеңес БСҰ иерархиясының келесі деңгейіндегі үш кеңесті басқарады: тауарларды сату бойынша кеңес және интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңес.
Тауарларды сату бойынша кеңес өз кезегінде тауарларды сату саласындағы БСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ-1994 келісімдерінің орындалуын бақылайтын арнайы комитеттердің қызметтерін басқарады.
Қызметтер саудасы бойынша кеңес ГАТС келісімдерінің орындалуын бақылайды. Оның құрамына қаржылық қызмет көрсету саудасы бойынша Комитет және кәсіби қызметтер бойынша жұмыс тобы кіреді.
Интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңессәйкес келісімнің (ТРИПС) орындалуын бақылауды жүзеге асырудан басқа жасанды тауарлардың халықаралық саудасымен байланысты дауларды болдыртпау мәселелерімен айналысады.
Министрлік конференция (немесе Генкеңес) үш жылдық өкілеттілігі бар БСҰ-ның Генералды директорын тағайындайды. 1999 жылдан 2002 жылдың қыркүйек айына дейін бұл қызметті Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі Майк Мур атқарды, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін Таиландтың бұрынғы вице-премьері Супачай Паничпакди болды, ал қазіргі кезде БТҰ-ның Генералды директоры сауда бойынша ЕО-ның бұрынғы комиссары Паскаль Лами, ло өз қызметін 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.
Көптеген арнайы комитеттер мен жұмыс топтары қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдер мәселелері, БСҰ-ға кіру прцедурасы мен аймақтық сауда келісімдері сияқты салалардағы мәселелерді шешумен және БСҰ-ның жеке келісімдерімен айналысады.
Ұйымның атқарушы органы Женевадағы БСҰ Секретариаты болып табылады, оның штатының құрамында 500 қызметкерлер жұмыс істейді; оны Генералды директор басқарады. БСҰ Секретариаты басқа халықаралық ұйымдардағы ұқсас органдармен салыстырғанда шешім қабылдамайды, себебі бұл функцияны мүше елдердің өздері атқарады. Секретариаттың негізгі міндеттері- әр түрлі кеңестер мен комитеттерді, сонымен қатар Министрлік конференцияны техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық жәрдем көрсету, әлемдік саудаға талдау жүргізу және БСҰ жағдайын жұртшылық пен жалпы ақпарат құралдарына түсіндіру. Секретариат сонымен қатар дауларды шешу процессі кезінде құқықтық көмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз етеді және БСҰ-ға мүше болуға ниет білдірген елдерге кеңес береді. Қазіргі кезде мұндай елдердің саны жиырмадан жоғары.
БСҰ консенсус негізінді шешім қабылдауға тәжірибеленген, дегенмен де-юремен дауыс беру ескерілген. Тауарлар, қызметтер, ТРИПС, қабылданған міндеттерден босату бойынша келісімнің жағдайларын түсіндіру 3/4 дауыспен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен мен міндеттеріне зиян келтірмейтін түзетулер, сонымен қатар мүшелерді қабылдау 2/3 дауысты қажет етеді (әдетте консенсуспен).
БСҰ-ны бекіту туралы келісімге сәйкес ұйымның қатысушы елдері барлық келісілген жақтар-ГАТТ қатысушылары болды (128 мемлекет), олар тауарлар мен қызметтер бойынша міндеттер тізімін көрсетті және Уругвайлық раундтың келісімдер пакетін ратифицирледі.
Қазіргі кезде БСҰ құрамына 150 мемлекет кіреді және оның 22-сі жаңадан мүше болды-Эквадор, Болгария (1996 ж.), Монголия, Панама (1997 ж.), Қырғызстан (1998 ж.), Латвия, Эстония (1999 ж.), Иордания, Грузия, Албания, Оман, Хорватия (200 ж.), Литва, Молдова (2001 ж.), Қытай (2001 ж. желтоқсан), Тайвань (2002 ж. қаңтар) және Армения (2003 ж. ақпан), Македония (2003 ж. сәуір), Камбоджа (2003 ж.), Непал (2004 ж. 23 сәуір), Сауд Аравиясы (2005 ж.), Вьетнам (2007 ж.).
30-ға жуық мемлекетте БСҰ-ның бақылаушысы статусы бар. Олардың көп бөлігі, соның ішінде Ресей, Алжир, Украина, Қазақстан және ТМД-ның басқа мемлекеттері (Түрікменстаннан басқа) БСҰ-ға қосылудың әр түолі сатыларынан өтуде.
Бұдан басқа алпыстан жоғары халықаралық ұйымдарда БСҰ-ның әр түрлі құрылымдарын бақылаушы статусы бар, негізінен БҰҰ, ЮНКТАД, МВФ, МБРР, ВОИС, ОЭСР, аймақтық топтар, тауарлы ассоциациялар. ЮНКТАД/БСҰ эгидасымен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) қызмет етеді, олар әлемдік сауда саласында дамушы елдерге көмектеседі.
ГАТТ/БСҰ жартығасырлық өмір сүру кезінде әзірленген Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу процедурасы көп жоспарлы және бірнеше кезеңдерден тұрады. Қатысушы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл процесс шамамен 5-7 жылдан тұрады.
Бірінші кезеңінде арнайы жұмыс топтары қосылушы елдің экономикалық механизмі мен сауда-саяси режимінің БСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкестілігін көп жақты деңгейде жете қарастырады. Бұдан кейін аталған ұйымға қосылушы елдің мүше болуының шарттары туралы кеңестер мен келіссөздер жүргізіле бастайды. Бұл кеңестер мен келіссөздер, әдетте, БСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерімен екі жақты деңгейде жүргізіледі.
Ең алдымен келіссөздер БСҰ мүшелерінің қосылушы елдің нарықтарына енудің «коммерциялық маңызды» мүмкіндігі туралы болады (тауарлар мен қызметтер нарықтарына ену туралы екі жақты Протоколда фиксирленеді), сонымен қатар келіссөздер БСҰ мүшелілігінің келісімдері бойынша міндеттерді өзіне қабылдаудың форматы мен мерзімі туралы болады.
Өз кезегінде қосылушы ел әдетте БСҰ-ның басқа мүшелері сияқты құқықтарға ие болады, ол оның сыртқы нарықтардағы дискриминациясының жойылуын білдіреді. Ұйымның қандай да бір мүшесі теріс құқықты әрекеттер жүргізген жағдайда кез келген ел сәйкес арызбен дауларды шешу бойынша органға бара алады (ДШО), оның шешімдерін БСҰ-ның әр қатысушысы сөзсіз орындауға міндетті.
Бекітілген процедураға сәйкес нарықтарға ену либерализациясы және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері келесі ресми құжаттармен толтырылады:
-жұмыс тобының баяндамасы, онда қосылушы елдің келіссөздер нәтижесі бойынша өзіне қабылдайтын құқықтары мен міндеттерінің толық пакеті мазмұндалады;
-тауарлар саласындағы тарифтік жеңілдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша міндеттер тізімі;
-қызметтер бойынша арнайы міндеттер тізімі және РНБ-ден алынған тізім;
-қосылу туралы протокол, онда екі және көп жақты деңгейде жасалған келісімдер заңдық күшіне енеді.
БСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының маңызды шарттарының бірі-олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жағдайына сәйкес келтіру болып табылады.
Қосылудың ең соңғы кезеңінде Генералды кеңеспен бекітілген және жұмыс тобымен үйлестірілген құжаттардың толық пакетін қосылушы елдің ұлттық заң шығарушы органы ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттер БСҰ құжаттарының және ұлттық заңның бір бөлігі болады, ал кандидат елдің өзі БСҰ-ның статусына ие болады.









Категория: Разное | Добавил: Maxo
Просмотров: 1418 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Каталог файлов

наш опрос

Оцените мой сайт

Всего проголосовало: 326

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0