Экономика термині екі мың жылдан уақыт бұрын пайда болған.Ол гректің
"ОЙКОС "-үй, шаруашылық және "НОМОС”-заң деген сөздерінен
құралған.”Экономия”терминін ең алғаш рет КСЕНОФОНТ үй шарушылығын
жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы
ретінде енгізген.
ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам,оның
қажеттілігі мен мүддесі,қоғамдық,табиғаттық,материалдық обьектілері мен
субьектілері және басқа ресустарға қатынасы болып табылады.Жалпы
экономикалық теория шаруашылық қызметінің түрлерін ,принциптерін
,ережелерін,ресурстарды қолданудың тиімді бағыттарын жасайды.Сондай-ақ
өндіруші мен тұтынушылардың және экономикалық мүдделері негізінде
экономикалық мінез-құлқының логикасын,олардың қажеттілігін
қалыптастырады.
2)Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері.Микро жәнә макроэкономика пәндерінің ерекшеліктері.
Эк.лық
теор.ң зерттеп тану объектісіне нарықтың қызмет ету механизмі мен
нарықта және оның сегменттерінде бар болатын жетілген және жетілмеген
бәсеке, жеке шаруашылық салалардың монополиялану дәрежесі, бағалық және
бағалық емес бәсекенің формалары мен әдістері, нарық қатынастарын
реформалаудың бағыттары мен тәсілдері және т.б. жатады.Эк.лық теор.ң
зерттеу мәселесіне қарай келесідей екі бөлімі болады.МИКРОЭКОНОМИКА бір
фирманың қызмет ету процесі.Мұнда жеке тауарлардың бағасы, бағаның
құрылуы, еңбекке ынталандыру жағдайлары талданады.МАКРОЭКОНОМИКА
микропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің
қызмет әрекеттерін зерттейді.Мұның зерттеу объектісіне ұлттық
өнім,бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады.