Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христьян дінінің кең етек алып, тарауна байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмесе күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бқліп қарастырады. Біздің заманымыздың II ғасырына бастап, алғашқы христьяндық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін алолегетикалық (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады.Негізгі өкілдері: Юсин Мученик (100-167 ж.ж.), Тациан (2 ғ. Екінші жартысы), Тертуллиан Квинг Септимий Флоренс (160-222ж.ж.) т.б. Олар өз ілімдерінде христиан дініежелгі грек философиясы сияқты жалпы адамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұғымдырақ жауп береді, сондықтпан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясынның орнына басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай—нақтылық. Демек,құдайдыңда денесі бар. Жалпы нақтылықтың уақыттық бастамасы жоқ(Тертуллиан). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гносиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады.